*Ескерту: Ағымдағы бақылаудың меншікті салмағы және түрі оқылатын пәннің өзгешелігіне байланысты оқытушы зерттеп дайындайды.
Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.
Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:
- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;
- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.
Қорытынды баға есебінің формуласы:
, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;
Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.
Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:
Әріп жүйесіндегі баға
|
Баллдың сандық эквиваленті
|
Пайыздық түрі, %
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
А
|
4,0
|
95–100
|
өте жақсы
|
А–
|
3,67
|
90–94
|
В+
|
3,33
|
85–89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80–84
|
В–
|
2,67
|
75–79
|
С+
|
2,33
|
70–74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65–69
|
С–
|
1,67
|
60–64
|
D+
|
1,33
|
55–59
|
D
|
1,0
|
50–54
|
F
|
0
|
0–49
|
Қанағатсыздандырылған
|
4.3 Қорытынды бақылауға арналған мәлімет
Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін тест түрінде жүргізіледі және бақылау қорытынды емтиханда тест тапсырылады
Емтихан сұрақтары
1 Геотектоника ғылымы
2 Геотектоника ғылымының негізгі зерттеу әдістері
3 Геотектоникалық зерттеулердің «формациялық талдау» және «палинспастикалық талдау» әдістері
4 Жердің ішкі құрылысы, орналасуы, олардың заттық құрамы, физикалық жағдайы және тығыздық көрсеткіштері
5 Жердің жоғарғы мантия. «Изостазиялық тепе-теңдіктің сақталу заңдылығы» деген түсінік.
6 Жер қыртысы, оның типетері болады,
7 «Тектоносфера» түсінігіне анықтама беріңіз.
8 Жердің жаралуы
9 Геотектоникадағы «нептунизм» және «плутонизм» зерттеу бағыттары
10 Геотектоникадағы «көтерілім жорамалы» және «контракциялық жорамал» қағидалары
11 «Геосинклиндер туралы ілім» «Геосинклин» және «платформа» түсініктері. Геосинклиндер дамуының басты-басты сатылары. Геосинклиндердің платформаға ауысуы нәтижесінде қалыптасқан қатпарлы құрылымдары, олардың бір-біріне иерархиялық бағыныштылығы
12 «Геосинклиндер туралы ілім» қағидалары
13 Тектоникалық қозғалыстар
14 «Геологиялық формациялар» олардың геотектоникадағы рөлі
15 Жыртылыс деформациялары олардың ерекшеліктері
16 «Терең жарылымдар» құрылымдар
17 «Линеаменттер» дегеніміз не?
18 «Рифтілер» дегеніміз не? «Горст» және «грабен» түсініктемесі.
19 «Сутуралар», немесе «жапсаршорлы белдемдер» қалаптасу жағдайы
20 Геотектониканың фиксизм және мобилизм деп аталатын зерттеу бағыттары
21 Вегенер болжамы «Континенттер дрейфі»
22 «Литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ)»
23 «Уилсон циклі» дегеніміз не?
24 Мұхит түбіндегі «Орталық-мұхиттық жоталар (ОМЖ)»
25 Әлемдік мұхит әлеміндегі басты-басты Орталық-мұхиттық жоталар
26 Орталық-мұхиттық жоталардың (ОМЖ-ның) көлденең қимасындағы белдемдері сипаттаңыз. ОМЖ-ның «өстік белдемі», немесе «мұхиттық рифт»
27 Мұхит түбінің «абиссальдық жазықтарын» сипаттамасы
28 Мұхиттардың геологиялық көнелігі, яғни олардың жаралу (пайда болу) уақыты 29 Мұхит алабының «салғырт континенттік жағалаулары»
30 Мұхит алабының «белсенді континенттік жағалаулары» неше типке жіктеледі? Шығыстынықмұхиттық және Аралдоғалық (Батыстынықмұхиттық) белсенді жағалаулар
31 Мұхиттың шеткі бел-белестерін, Тереңсулы науаларды және Аралдық доғаларды сипаттап беріңіз.
32 Мұхит алабының белсенді континенттік жағалауларына тиесілі тектоникалық құрылымдар қандай процесс нәтижесінде қалыптасқан?
33 Қатпарлы белдеулер (жас платформалар)
34 Қатпарлы белдеулер
35 «Террейндер» дегеніміз не? «Орталық массив» және «террейн» деген түсініктер. Тауаралық ойысымдар, шеткі (ілгергі) ойысымдар және аймақтық ойыстар қатпарлы белдеу
36 Көне платформалардың жалпылама сипаты Жер шарындағы ірі-ірі көне платформаларды – кратондарды атаңыз.
37 Көне платформалардың (кратондардың) кристалдық іргетасы дегеніміз не?
38 Көне платформалардың шөгінді тыспен көмкерілген аймақтары қалай аталады, олардың мөлшерлері қандай? Антеклизалар, синеклизалар, авлокогендер және бел-белестер дегеніміз не?
39 Көне платформалар даму сатылары
40 «Литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ)» тұжырымдамасына сәйкес тектоникалық құрылым дамуының қандай-қандай сатылары
41 «Континентіштік орогенез облыстарының», немесе «эпиплатформалық орогенез белдеулерінің» өзіндік ерекшеліктері қандай?
42 «Шынайы ороген» және «қосалқы ороген» деген түсініктер .Орталық Азияның эпиплатформалық орогенез белдеуі қалыптасуының тектоникалық табиғаты қандай? Бұл белдеуге қандай-қандай тау жоталары кіреді?
43 «Қосарланған жікқабаттық тектоника» түсінігі
44 Тектоникалық аудандастыру дегеніміз не, мұндай аудандастырудың қандай-қандай принциптері бар?
45 Жер тарихындағы басты-басты қатпарлық дәуірлер
46 Тектоникалық карталар құрастыру тарихының алғашқы сатысы және екінші кезең
47 Тектоникалық карталар құрастыру, «шолу тектоникалық карталары» құрастыру
48 Арнаулы тектоникалық карталар
49 Жер дамуының алғашқы архейлік саты
50 Жер дамуының ортаңғы және соңғы архейлік сатысы
51 Жер дамуының алғашқы протерозойлық және ортаңғы протерозойлық сатылары
52 Жер дамуының соңғы протерозойлық (соңғы рифейлік)–ортаңғы палеозойлық сатысы
53 Жер дамуының соңғы палеозойлық–алғашқы мезозойлық сатысы
54 Жер дамуының соңғы мезозойлық–кайнозойлық сатысы
55 Металлогения түсініктеме
56 Металлогениялық аудандау
Достарыңызбен бөлісу: |