Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет58/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92

126
тəжірибенің  мотиві  ерекше  орын  алады, уайымдау, ғылымға  деген  ішкі сенім,
оның құндылығына ғалымның қызығушылығы, жеке жауапкершілік.
М. Полани үшін тұлғалық  білім - бұл  интеллектуалды  өзіне-өзі қайтару,
танушының құштарлық салымы. Мұндай құштарлық білімнің қажетті элементі.
М. Поланидің айтуынша, адамның  болашағын  қарастырмау  кез  келген əрекет,
түсінбеушілікке, мағынасыздыққа  əкеледі. Ғалым  сенімді, шындықтың,
ақиқаттың  орнауы  біздің  яғни  өзіміздің  түпкі  имплициттік  өмірлік  өлшемге
байланысты 
екендігіне 
жəне 
мұндай 
өлшем 
формальды 
ережеге
бағынбайтындығына. М. Полани  сенімнің  таным  процесіндегі  рөлін  жаңаша
бағалайды. Оның айтуынша «сенімнің  жойылғаны соншалық, тек  дінге  сенуді
ғана  есептемесек, қазіргі адам  тек көзі  жеткен ой-пікірлерді ғана  қабылдайды.
Сенім  құбылысын  субъективті  түрде  қарастырылуы  білімнің  жан-жақты
дамуына  кедергі  туғызады». Қазіргі  таңда  автордың  пікірін  ескере  отырып,
біздің міндетіміз сенім білімнің қайнар көзі екенін құптау. Сенімнің арқасында
жүйелік  өзара  əлеуметтік  байланыс  сенімі  құрылады. Анықталған  жəне
анықталмаған, интеллектуалды  құштарлық, мəдени  мұра - осының  бəрі
сеніммен тығыз байланысты. Ақыл-ой негіз ретінде сенімге сүйенеді, бірақ кез
келген  уақытта  оны  жоққа  шығаруы  мүмкін. Ғылымда  жиынтық  аксиоманың,
постулат жəне ұстанымның пайда болуының түпкі тамыры сенімнен басталады.
Автор  үшін  таным  шеберлігі  тіл  құрамының  мəнерлі  айтылуы  мен
бейнеленуіне жəне қандай да дамыған күшті болғанына байланысты емес. Бұл
тезис тіл ғылымның бірыңғайлығына қарсы келеді. Ғылыми білімді оқулықтар
жəне ғылыми шығармашылық еңбектері арқылы таныстыру, автордың ойынша
бұл  тек  санада  жатқан  білімнің  бір  бөлігі. Қалған  бөлігі  перифериялық  білім
(анықталмаған) таным  процестерімен  ұштасып  жатады. Ғылыми  білім  мен
перифериялық білімді байланыстыратын бір аспап (құрал). Танымның əрекетін
жүйелік  түрде  бір  аспап (құрал) арқылы  қарастырылуының  нəтижесінде,
теориялық немесе практикалық білім туындайды. Яғни, анықталмаған білімнің
анықталған білімге айналуы осы аспап арқылы жүзеге асады.
М. Поланидің тұлғалық білім тұжырымдамасында үш негізгі аймақ жəне
ойлау мен сөйлеудің қатынасының үш нұсқасын көрсетеді:
«Анықталмаған  білім» аймақ - жеткілікті  толық  жетілмеген  сөз  немесе
дəл емес;
«Мəнерсіз» аймақ - бұл  терең  тұлғалық  білім, əлеуметтану  процесіне
қиын  беріледі. Бұл  аймақ  уайымдау  мен  өмір  қызығушылығына  негізделген.
Сөйлеу  арқылы  берілетін  білім. «Мəнерсіз» аймақта  ойлау  компоненті
ақпараттану ретінде жəне тек жақсы түсіндірілген сөз арқылы жүзеге асады;
«Қиын  түсіну» аймағы - вербалды  емес  ойлау  мазмұны  мен  сөйлеу
құралдарының арасындағы келіспеушіулік.
Принципиалды  новациялық  концепцияның  мəні, ғылымның  мазмұны,
анықталмаған, жасырын  білімге  байланысты, «білім  ол» өзінің  түпкі  негізінде
инструменталды сипатты қалайды. Адам инструменталды біліммен байланысты
жəне  осы  білім  арқасында  артикулярлық  емес  білімді, артикулярлы  білім
ретінде қалыптастырып, адам баласына берілген екінші сигналды жүйе арқылы
(тіл) білім  жүзеге  асады. Артикуляция (лат. сөзінен  аударғанда «нақты  жеке


127
айту») деген мағынаны береді. Дыбыстарды дұрыс шығару жəне тіл мүшесімен
жұмыс жасау.
Шығармашылық  ойшылдардың  дəстүрлі  тұжырымдамасын  қайта
қарастыру  Гештальт  психологиясының  ашылуына  себеп  болды. Гештальт
психологиясы - психология  ғылымының  бір  саласы, сана  мен  психиканы
тұтастықта  қарастыру. Гештальт  бағытының  негізгі  принципі  тұтастықта
қарастыру. Мұндай  тұтастық  ой  процесін  жан-жақты  жəне  тұтастықта
қарастыруына мүмкіндік туғызады. Осы тұтастықты негізге ала отырып, таным
іс-əрекетіндегі  тұлғалық - когнитивті  механизмді  ескере  отырып, М. Полани
ғылымдағы  жаңа  модель  білімінің  өсуіне  əкеледі. Яғни  қазіргі  ғалым  зерттеу
анализ  нəтижесін  тіркеу  барысында  басқа  ойдың  туындауына  саналы  түрде
дайын  болуы  керек. Мұндай  ойдың  туындауы  зерттеу  мəселесін  тереңірек
қарастыруға əкеледі.
Ғылым жəне философия
«Философия  дегеніміз не?» деген  сұраққа  келесі  жауапты естуге болады
«ғылымның  ғылымы». Осында  жауаптың  екі  лайықты  жағы  бар: 1. априорлы
тұрғыдан  ол  философияны  үстемді, дəрежелі  түрде  ұсынады; сөйтіп,
философия  адамзат  ақылының  əр  саласына  қатысты; 2. «ғылымның  ғылымы»
деген  атау  алдын  ала  философияны  күрделі  пəн  деп, əркім  оны  қабылдай
алмайды деген пікірді тудырады.
Орта  ғасыр  принципі «қажеттіліксіз  мəндерді  көбейтпеңіз». Яғни,
философия  ғылымдардың  жəй  жиыны  болса, ол  солардың  ортасында  өзінің
мəнін  жоғалтар  еді. Бүкіл  ғылымдардың  жетістіктерін  бір  бетке  көшіріп,
сидыру  оңай  іс  емес. Бірақ, осындай  істе  философиядан  ештеңе  жоқ.
Философия  Лир  патшасы  сияқты  бүкіл  қыздарына  байлығын  үлестіріп, өзі
дымсыз  далада  қалды. Сөйтіп, философияда  өзінің  пəндігінен, өзгешелігінен,
қажеттілігінен  айырылды. Позитивистер  сол  тұрғыдан  философия  дербестігі
мен өз құндылығынан айырылды дейді.
Ал, енді  екінші  жағынан, əр  практикалық  жағдайда  көмекке  сіз  əрине
маманды  шақырасыз. Əрине, философия  бүкіл  дүние  туралы  өзгеше  ғылыми
білімдерді  өзіне  жинап  алуы  мүмкін  емес. Философ  дəрігерді  ме, т.б.
айырбастай алмайды. Яғни, философия ғылымның ғылымы бола алмайды жəне
нақты  ғылымда  болмайды. Философия  мен  ғылым  арасындағы  тарихи  ұзаққа
созылған пікірталас - қайсысы қоғамға қажетті - көп пікірлерді тудырды.
Философия  мен  ғылым  арасындағы  қатынас  туралы  келесі  тезистерге
тоқтауға болады.
Нақты, өзгеше  ғылымдар  қоғамның  қажеттіліктеріне  бағынады -
техникаға, экономикаға, тəрбие өнеріне, заңдарға т.б. Олардың бəрі болмыстың
өзіне  жақын  үзіндісін  зерттейді. Сөйтіп, дүниенің  тек  бір  бөлігімен
қанағаттанады. Гегельдің пікірінше, нақты ғылымдар нақты материалға батып,
ақыл-парасаттық  таныммен  шектеледі. Ал, философия  дүниені  толық, тұтас
түрде  қамтиды. Əмбебапты (универсумды) тану  үшін  нақтылықпен


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау