12
өзгешелігі туралы сұрақтар туылды.
3. Қоғам өмірінде ғылымның маңыздылығы үстемді болды.
Ғылым философиясы ХІХ ғ. – ХХ ғ. Бірінші позитивизм: Огюст Конт,
Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер.
Огюст Конт (1798-1857 жж.) өзінің «Жағымды философия курсы» атты
шығармасында қазіргі ғылым философиясының қалыптасуына ықпал ететін аса
күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы, үш кезең туралы заң. Оны Конт келесі
түрде анықтайды: «Біздің əр идеямыз, білімнің əр салдары бірізгілікті үш түрлі
теориялық кезеңнен өтеді: теологиялық немесе фиктивті (жалған),
метафизикалық немесе абстракциялық, ғылыми немесе жағымды». Осы заңмен
негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды: спекулятивті метафизикалық
философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияга
айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның рөлі екі мақсатқа
жинақталады: біріншісі - нақты ғылымдардың күрделі нəтижелерін синтездеу;
екіншісі - ғылыми танымның əдістерін дамыту.
Позитивизм сонша кең танылды, оның негізінде ғылым философиясы
өзгеше философиялық пəн ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын
философы-позитивист, «Логика жүйесі» атты əдіс мəселесіне арналған
шығарманың авторы Дж. Стюарт Милль :
- табиғаттанудағы индуктивті əдістер;
- əлеуметтік (моральдық) ғылымдардағы (əсіресе саяси экономия)
гипотетикалық-дедуктивтік əдістер;
- позитивизмнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған;
- методологиялық монизм, немесе ғылыми зерттеу аймақтарының
айырмашылығына қарамай ғылыми əдістердің
ортақтығы туралы идея;
- нақты табиғаттану ғылымдары, əсіресе физика, методологиялық
стандарттың үлгісі (сциентизм);
- метафизика - ескірген ойлау типі болған соң, одан «жағымды ғылымды»
тазарту қажет;
- ғылыми түсініктемелер - ол нақты дара фактілерді жалпы заңдарға
келтіру.
ХІХ ғ. аяғында позитивизмнің екінші түрі пайда болды, оны махизм
немесе эмпириокритицизм деп атайды (Эрнст Мах, Рихард Авенариус, Пьер
Дюгем, Анри Пуанкаре) конвенциализмнің қалаушысы. Оның негізгі себебі -
физикадағы метологиялық дағдарыс. Дағдарысқа əкелген оқиғаларды келесі
жаналықтар құрайды: электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың
ашылуы т.б., түбінде олар материя құрылысы туралы ескі көзқарасты бұзды,
кейбір ғалымдар материализімнен бет бұрды.
«Екінші позитивизм» махизм мен эмпириокритицизмді біріктіреді.
Махизмнің салушысы австриялық физик, философ Эрнст Мах, ал
эмпириокритицизмді салған - швейцарлық философ Рихард Авенариус.
Атаулары ұқсас болғандықтан оларды махизм немесе эмпириокритицизм деп
атайды. Махизм нақты түрде материализм көзқарасын жоққа шығарып,
Берклидің субъективтік идеализмін жақтайды.
Махтың ұсынған ғылыми танымдағы принцип - «ойлау экономиясы» деп