119
маңыздылығын (мұның осы күнгі қолданбалы социологияда маңызы ерекше)
мойындай отырып, онымен бірге оның кемшілігін де атап көрсеткен жөн:
функциялық сипаттама адамның ішкі рухани дүниесіне терең үңілуге мүмкіндік
бермейді, иек оның сыртқы мінез-құлқын ғана көрсетеді, ал көп жағдайда сырт
мінез адамның ішкі мəнімен сəйкес келе бермейді.
Тұлғаның атқаратын рөліне қарай сипаттамай, мəніне қарай сипаттау бұл
ұғымның мазмұнын тереңірек ашып көрсетіп, адамның өзіндік санасын, мінез-
құлқы мен ерік күшінің қайнар көзін, белсенді іс-əрекеттің субъектісі екенін
анықтап береді. Тұлға - адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке
адам бойында шоғырлануының көрінісі, дүниені танып білудің жəне
өзгертудің, құқығы мен міндеттерінің, эстетикалық, этикалық жəне басқа
əлеуметтік нормалардың шоғырланған бірлігі. Тұлға - əрдайым əлеуметтік
тұрғыда жетілген адам болып табылады.
Адамды тұлға ретінде көрсететін айрықша қасиеттері, сапасы қандай?
Адамның бойындағы ерекшеліктердің бəрі бірдей «тұлға» ұғымының
мазмұнына ене бермейтінін жоғарыда ескерттік. Адамның биологиялық
қасиеттері (мысалы, бет бейнесі, құлағының мөлшері, көзі мен шашының түсі)
ол ұғымға кірмейді. Тұлға - іс-əрекеттің, қарым-қатынастың, сана мен өзіндік
сананың, дүниеге көзқарастың субъекті. Адам өзін-өзі басқара білу, өзінің
əуесқойлығы мен құмарлықтарын жеңе білу қабілеттеріне ие болғанда ғана
тұлға дəрежесіне көтеріле алады. Сонымен бірге, тұлға өзіндік ерік күші жоқ,
бет бейнесіз адам деңгейіне дейін құлдырап кетуі де мүмкін. Адамды тұлға
жасайтын ең алдымен оның əлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері: ақылы,
ерік күші, байқағыштық, өз пікірін дəлелдей білу, əлеуметтік жағдайы жəне
сонымен байланысты əлеуметтік қызметі мен мақсаты, дүниеге көзқарасының
сипаты. Қысқарта айтқанда, тұлға ұғымы адамның əлеуметтік-психологиялық
мəнін білдіреді.
Тұлғаның айрықша бір белгісі - оның адамгершілігі. Тұлғаның
адамгершіліктік мəні көп жағдайда іс жүзінде «тексеріледі». Əлеуметтік
жағдайлар адам алдына «былай жүрсе өгіз өледі, былай жүрсе арба сынады»
деген сияқты шешуі қиын мəселелерді жиі-жиі қойып отырады. Мұндай кезде
адамның өзінің адамгершілік ар-намысына қайшы келетін шешім қабылдап,
əлеуметтік күштердің қуыршағына айналып кететін жағдайлар жиі кездеседі.
Мұндай кезде адам тұлғасының тұтастығына түзелмейтін зиян келеді. Адамдар
өмір сырына түрліше мінез білдіреді: кейбіреулер əлеуметтік соққыға төтеп
бере алмай «жүнжіп» кетуі мүмкін, енді біреулер қайтпас-қайсарлық мінез
көрсетіп, қатая түседі. Тек адамгершілік қасиеттері жоғары ақылды тұлға ғана
өзінің «шарасыздығын» санасымен сезініп, қорлыққа амалсыздан көнгеніне
іштей күйіп піседі. Тұлғаның рухани бостандығының өлшемі оның
адамгершілік қасиеттерімен анықталады жəне ол адам тұлғасының даму
деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Сонымен, тұлға дегеніміз адамның ішкі адамдық қасиеттерінің
тұтастығының көрсеткіші - ішкі тұтастықсыз тұлға жоқ.
Ғылымда басты тұлға - ғалым, зерттеуші.
Ғылымдағы тұлғаның тұжырымы нақты болуы қажет. Тек сонда ғана
120
ғылым алдына қойған мақсатына жетеді. Əр нəрсенің тек өзіне тəн əдісі бар.
Ғылым теорияны мүлтіксіз басшылыққа алып отыруға, ғылыми ізденістің
методологиясын бірлікпен қолдануға міндетті. Ғылымда, тарихта да негізі
өмірінде де өз ізін қалдыратын тек ғана нағыз тұлға.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Ғылыми пəннің ерекшелігіне жəне қалыптасуына қандай факторлар
əсер етеді?
2. Ғылымдарда ғылыми пəннің өзгешелігіне айқын мысалдарды
келтіріңіз?
3. Ғылым əлеуметтік институт ретінде қандай негізгі сипаттарын
білдіреді?
4. Нешінші ғасырдан бастап ғылымның институцинализациясы басталды?
5. Қандай жаңа ғылыми салаларда ғылым əлеуметтік институт ретінде
қарастырылады?
6. Кім «ғылыми ұжым» атты ұғымды енгізген?
7. Р. Мертонның ғылым этосы атты тұжырымдамасының негізгі
ұғымдары?
8. Неге ғылым өзін өндеуде «автономды» болу қажет?
9. «Көрінбейтін колледж» атты топтың коммуникативтік түрлері?
10. Қазіргі білім социологиясында нақтылықты құрастыру бейнесі
қандай?
Ұсынылатын əдебиеттер
1. Əлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 10 - том. Ғылым мен
техниканың батыстық философиясы. - Алматы: Жазушы, 2006. - 560 б.
2. Əлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 13 - том. Классикалық
емес батыс философиясы. - Алматы: Жазушы, 2006. - 528 б.
3. Лебедев С.А. Современная философия науки. - М., 2007.
4. Вернадский В .И. Проблема биохимии. - М., 1988. - С. 252.
5. Бернар Дж. Наука в истории общества. - М., 1956. - С. 18.
6. Холтон Дж. Что такое антинаука // Вопросы философии. - 1992. - №2.
7. Агацци Э. Моральное измерение науки и техники. - М., 1998. - С. 12.
8. Федоров Н.Ф. Сочинения. - М., 1982. - С. 316, 410.
9. Торосян В.Г. Концепции современного естествознания. Краснодар.
1999. - С.16.
10. Степин В.С., Горохов В.Г., Розов М.А. Философия науки и техники. -
М., 1999. - С. 16.
11. Швыгрев В.С. Научное познание как деятельность. - М., 1984. - С. 12.
121
8 ТАҚЫРЫП.
ҚАЗІРГІ
ЗАМАНҒЫ
ҒЫЛЫМИ
БІЛІМ
ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
Дəрістің мақсаты: Ғылымның дүниеге көзқарастық жақтарын көрсету.
Ғылымның гуманистік көкжиегін анықтау. Ғылым жəне адамгершілік
қатынасын көрсету. Ғылымның аксиологиялық мəртебесін анықтау.
Ғылымдағы тұлға мəселесін белгілеу. Ғылым мен философияның
ерекшеліктерін салыстырмалы түрде көрсету. Ғылымның философиялық
негіздерін анықтау.
Ғылым жəне дін
Ғылым əртүрлі мəдени дəстүрлермен негізделетін рухани өмірдің ерекше
аймағы болған соң, біз оның қоғам өміріндегі басқа түрлерден
айырмашылығына тоқтап кетейік. Сол себеппен əуелі ғылыммен атқарылатын
міндеттерге тоқтасақ: 1) дүниеге көзқарастық (мəдени-ағартушылық);
2) эвристикалық (танымдық); 3) практикалық; 4) болжау.
Дүниеге көзқарас - дегеніміз дүние туралы пікір, индивидуалды жəне
қоғамдық түрде қалыптасатын күрделі, интегралдық құрылыс. Көзқарастың бір
бөлшегі білім болады.
Көзқарастың білім бөлігі жазық жəне тікшіл жобасын құрастырады;
жазық тұрғыда: табиғи-техникалық пен əлеуметтік (гуманитарлық); тікшіл:
1) қарапайым білім (филогенезде - мифологиялық білімдер; онтогенезде - бала
бақшадағы жəне бастаушы білімде); 2) эмпириялық жəне нақты ғылыми
білімдер - филогенезде жылдамдық, салмақ, бойлығы т.б., нақты заңдардың
шығуы (Архимед, Эвклид заңдары), онтогенезде - нақты биологиялық,
физикалық т.б ғылымдарға сүйенетін мектеп деңгейі; 3) жалпы ғылыми білім -
филогенезде Птолемей мен Коперниктің ғарыш туралы заңдары, Ньютонның
механика заңдылықтары, Ломоносовтың салмақты сақтау туралы заң т.б.,
онтогенезде - жоғары сыныптарға лайық деңгей, сол заңдарды өтеді; 4) білім
құрылысының жоғары деңгейі - философиялық білімді қамтитын жалпы заңдар.
Ғылым болған жəне əрқашанда ғылыми көзқарастың қалыптастыру қаруы
болып қалады.
Ғылыми білімнің қалыптасуы білім беру жүйесі арқылы болады. Қазіргі
кезде қоғам өмірінде білімнің орны күрделі. Ғылыммен айналысатын
адамдардың саны 5-10 жылы екіге көбеюде. Дамыған мемлекеттер білімнің
сапасын қөтеріп жалпы ұлттық заттардың өсуі 40%-ға дейін мүмкін. Білімнің
дағдарысы түбінде мəдениет пен қоғамның дағдарысы болып табылады.
Ғылым көп қырлы, көп астарлы əлеуметтік феномен ретінде біздің
өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. «Ғылым»
түсінігінің мағынасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым
мен қоғам, ғылым мен мəдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері
негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға
Достарыңызбен бөлісу: |