Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет42/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92

91
бағытталады.
«Құрғақ  ағаш» моделі - Гетемен  шығармашылыққа  берген  өзгеше
бағасымен байланысты, адамның күнделік еңбегі ол «ағаш жару жəне құрғату»
процесіне тең дейді. Ал шығармашылықтың оты жанғанда əлгі кептірілген ағаш
лапылдап жанады.
«Тең  иықты  таразы» - ол  жаратушының  білімі, тəжірибесі, іс-əрекеті,
мотивтері, ерік күші теңдік байланыста болуды қажет етеді.
«Комик  емес  тапқырлық» моделі - шығармашылықта  пародия, кəдімгі
жəне ғажайып, екі бойлы салыстыру, кездейсоқ қасиеті бойынша салыстыруды
біріктіруге  акцент  жасайды. Осы  өткірлі, тапқырлық  іс-əрекетке  ұқсас, бірақ
шығармашылық ойлауда тамырланған.
«Лабиринт» моделі - кең  қолданатын  модель - алға  басуға  бағытталған,
интуиция мен тапқырлық жетістік пен сəтсіздіктің мүмкіндігін бейнелейді.
Эвристикалық іс-əрекеттің негізі - бейнелеу мен фантастика, скептицизм
мен критицизм, болжау, солипсизм, мистицизм, қиял т.б.
Эвристикалық пікірлер индукция, абдукция мен аналогияға арқа сүйейді,
нақты жəне соңғы қатал нəтиже бермейді. Жəне ол зерттеушілерден батылдық
пен жігерлілікті талап етеді.
Эвристикада  тұрақты, үстемді  жолдар  жоқ, ақыл  эвристикада
стереотиптер  мен  регламентация  мүмкін  емес, ол  сюрприз  аймағына  кіреді,
жəне  əр  адамның  индивидуалдық  қабілеттеріне  тəн. Эвристика  ғылыми
білімнің  өсу  мəселесіне  келесі  себептермен  енгізілген: теорияның  өз  шегінен
шығу  жағдайында  əр  білімнің  өсуінің  тұрақты  қасиетін  айқындайды.
Эвристикалық  дегеніміз - бұл  жерде  жаңа  аймақты  қажет  ету. В.В. Ильин
айтқандай, эвристикалық  дегеніміз, теорияның  өз  шекарасынан  шығу
талпынысы, экспансия арқылы кеңейюі.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Жалпы  түрде  ғылымның  даму  мəселесі  бойынша  ғылым
философиясында қандай бағыттар қалыптасқан?
2. Ғылыми  революция  деген  ұғымның  шеңберінде  дəстүр  мен
жаңашылдық ұғымдарының ара қатынасы?
3. К. Поппердің  ғылыми  тұжырымдамасында  ғылыми  білімнің  өсу
мəселесі нақты түрде қандай идеялар арқылы шешіледі?
4. Т. Кунның  парадигма  ұғымының «ғылыми  революция» атты
тұжырымдамасындағы орны?
5. Т. Кунның «қалыпты  ғылым» атты  ұғымын  талдауда  кімдер  жəне
қандай пікірлер айтты?
6. И. Лакатостың ғылыми революцияға қатысты пікірлері?
7. Пол  Фейерабендтің  методологиялық  анархизмі  жəне  ғылымның  даму
жолы?
8. Стивен Тулминнің көзқарасының өзгешелігі?
9. Джеральд  Холтонның  нормативтік  қағидалар  атты  ұғымының


92
маңыздылығы?
10. Эрхард Эзердің даму теориясының өзгешелігі?
11. Синергетика ұғымының бастамасы?
12. Синергетиканың жаңа парадигмалдық өзгешелігі неде?
13. Эвристикалық əдістерінің түрлері?
14. Эвристикалық модельдерінің жіктелуі?
15. Эвристикалық постулаттарды атап айтыңыз?
Ұсынылатын əдебиеттер
1. Əлемдік  философиялық  мұра. Жиырма  томдық. 10 - том. Ғылым  мен
техниканың батыстық философиясы. - Алматы: Жазушы, 2006. - 560 б.
2. Əлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 13 - том. Классикалық
емес батыс философиясы. - Алматы: Жазушы, 2006. - 528 б.
3. Лешкевич  Т.Г. Неопределенность  в  мире  и  мир  неопределенности. -
Ростов н/Д., 1994.
4. Богданов А.А. Тектология. Всеобщая организационная науки. Кн. 1-2. -
М., 1988.
5. Современная западная философия. Словарь. - М., 1991.
6. Буш Г.Я. Диалектика и творчество. - Рига, 1985.
7. Буш Г.Я. Методы технического творчества. - Рига, 1972.
8. Буш Г.Я. Рождение изобретательских идей. - Рига, 1976.
9. Ильин В.В. Теория познания. Введение. Общие проблемы. - М., 1993.
10. Тулмин С. Человеческое понимание. - М., 1984.
11. Кун Т. Структура научных революций. - М., 1978.
12. Лакатос  И. Фальсификация и методология научно-исследовательских
программ. - М., 1995.
13. Фейерабенд П. Избранные труды по методологии науки. - М., 1986.
14. Холтон Дж. Тематический анализ науки. - М., 1981.


93
6 ТАҚЫРЫП. ҒЫЛЫМНЫҢ  ҚАЗІРГІ  КЕЗДЕГІ  ДАМУ  БАРЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дəріс  мақсаты:  Классикалық  емес  жəне  постклассикалық  емес  ғылым
жəне  ХХ  ғ. философиядағы  оның  бейнелерін  көрсету. Ғылыми-техникалық
революция жəне ХХ ғ. бірінші жартысында ғылым философиясының дамуының
ерекшелігін  көрсету. ХХ  ғ. философиясында  ғылымның  бейнелері:
неопотивизм, постпозитивизм. Карл  Поппердің  сыншыл  рационализмі:
теориясы, принциптері, ұғымдары. Имре  Лакатостың  ғылыми-зерттеу
бағдарласмасы туралы концепциясы: айырмашылығы, негізгі ұғымдары.
К.Р. Поппердің сыншыл рационализмі
Карл  Поппердің  тұжырымдамасына  тəрізді  келесі  ұғымдар: демаркация
мəселесі; фальсификация  мəселесі; фаллибилизм  принципі; «үш  əлем» туралы
теория.
Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) - британдық философ. Австрияда
дүниеге  келді, 1937-1945 жж. Вена  университетінде, əуелі  физика, математика
мен  психологияны  содан  кейін  философияны  меңгерген. Жаңа  Зеландияда
философиядан  дəріс  оқыған, кейін 1945 ж. Лондонның  экономика  мен  саяси
ғылымдар  мектебінде  профессор, логикадан  дəріс  оқыған, 1949-1969 жж. сол
мектепте логика мен  ғылым  методологиясының профессоры. Вена ұжымының
дискуссияларына  қатысқан, оның  бағдарламасына  сынау  жасаған; 1946 ж.
бастап, өзінің  шəкірттерімен  бірге  ғылым  философиясында «сыншыл
рационализм» аталатын 
жаңа 
бағытты 
қалыптастырған. Поппердің
шəкірттерінің  қатарына  кіретіндер: Лакатос, Фейерабенд, Агасси, Уоткинс,
У. Бартли т.б.
Поппердің  пікірінше, сынау  ғылымның  негізгі  əдісі  жəне  ғалымның
əдетінің негізгі рационалды стратегиясы.
Поппердің  көзқарасын  ХХ  ғ. басында  физикадағы  жаңа  теориялар,
логикалық  позитивизмнің  идеялары, кантианшылдықтар (Нильсон) өзгертті.
Өзінің  сыншыл  рационализм  атты  философиялық  тұжырымдамасын
неопозитивизмге  антитеза  ретінде  құрастырды: верификацияның  орнына
демаркацияны; индуктивизмге  қарсы  болды; демаркацияның  əдісі -
фальсификация (бəрін  жоққа  шығару). Карл  Поппердің  методологиялық
идеялары  батыс  философиясында - сыншыл  рационализм - əйгілі  бағыттың
негізін  қалыптастырды. Рационализм  ғылыми  білімнің  мінездемесі  жəне
зерттеу  процесінде  ғалымдардың  қызмет  əдеті  ретінде  айқын. Сыншыл
рационализімнің  жарияланған  принциптеріне  ымырасыз  сынау, білімнің
принципиалдық  гипотетикаландырыуы  жатады, себебі, абсолюттік  ақиқаттың
иелігіне шабыт беретін рационалдылықсыз жағдай.
Попперді 
неопозитивистік 
дəстүрмен 
байланыстырады, бірақ
Витгенштейн  сияқты  ол  Вена  ұжымының  қызметіне  қатысы  жоқ. «Өзімнің


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау