Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет40/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92

87
өзгеру  жағдайлары, əртүрлі ғылымдардың ұйымдастыру əдістері, элементтерді
құрастыру тəсілдерін қамтиды.
Келесіде  осы  изоморфизм  қағидасын  өзінің  жүйе  теориясында  неміс
зерттеуші  Л. Фон  Берталанфи  қолданған  жəне  алғашқының  идеясын
пайдаланды деген ой бар.
А. Богдановтың  идеясын  біз  кибернетиканың  қалаушысы  Н. Винермен
керісінше  түрде  қолданғанын «байланыс  идеясында» табамыз (бирегулятор).
Богдановтың пікірінше, дамудың жалпы сызбасы келесі элементтерден тұрады:
1. Алғашқы жүйе өзгеріс теңдік жағдайда тұрады. Қоршаған орта сияқты
ол  да  алғашқыда  əртүрлі (гетерогенді). Қоршаған  орта  өзгерсе  ол  да  өзгереді,
теңдігі бұзылады.
2. Теңдігі бұзылған жүйеде жүйелік айырмашылық заңы жұмыс жасайды.
Ол  бойынша  қосымша  жүйенің  шоғырлану  деңгейіне  қатысты  байланыстар
пайда  болады. Оларға  қарама-қарсы  тенденцияларда  тəрізді  болуы  мүмкін.
Жүйелік 
айырмашылық 
жүйелік 
қайшылықтарды 
тудырады, оның
құрымдылығын  жояды, дағдарыс  тудырады. Алғашқының  дағдарысын
аяқтайтын 
жаңа 
жүйе 
ортамен 
теңдікті 
қайтарады. Богдановтың
«Тектологиясында» зерттеушілер  ұйымдастыру  теорияның  жалғыз  табиғи
бөлігін  табады. Ұйымдастыру  пікірі  кішкентай  өзгерістердің  стратегиясын
қолдайды, яғни, үлкен эвристикалық мүмкіндікке ие.
Синергетиканың  стихиялық-спонтанды  структогенез  туралы  идеясы
адекватты  категориялық  аппаратты  сұрайды. Сол  жағдайда  қазіргі  ғылым
философиясы екі ғасырдың арасында анықсыз жағдайда мəселелерді іздеу жəне
шешуде  эвристика  түсіну  мүмкіндігін  универсалды ұстаным  ретінде  ұсынады.
Лакатос «жағымды» жəне «жағымсыз» эвристика  ұғымдарын  қолданғанда
соңғысын  тек  бір  мағынада  пайдаланды. Осы  шеңберінде  эвристикада  ізденіс
көлемі өлшемді болған. Ал эвристика өзінің алғашқы мағынасында (грек. табу,
ашу) деген  мағына  білдіреді. «Эвристика» терминін  ежелгі  гректің  ғалымы
Пагша  Александрийскийдің (б.д.д. ІІІ  ғ.) атымен  байланыстырады. Ол
математикалық  есептерді  шешуді  үйрететін  принциптердің  жиынтығы. Бұл
«өнер  сиқыры» құпия  болған  соң  ешкімге  жарияланбаған. Эвристиканы
жаңалық  ашу  ғылымы  түрінде  ұсыну  мақсаты  қиын  салдарды  тудырған.
Мысалы В. Лейбниц «Құрастыру өнері» атты талпынысында немесе Б. Спиноза
дұрыс  əдіс  оңтайлы  таңдауды  негіздейді  деп, түбінде  сол  теорияны  ашпады.
Бұл  жерде  мəселе  түбінде  эвристиканы  құрастыру, материалдарды  жинап,
аналогиялық түрде талдауға келтіру емес.
Эвристика  сферасын  көп  түрінде  екінші, анықсыз  методологиялық
регулятивтерді  жинау  аумағы  деп  санайды. Сол  себепті  эвристика  уайым,
шабыт, инсайт  жағдайымен  байланысты. Методологиялық  ойлаудың  қатал
жүйесінде  эвристика  əлі  анықсыз, бірақ  өзінің  мүмкіндік  жағынан  тосын
сыйларға  толы  іздену  мен  табу  аумағы  деп  анықталады. Онымен  логикалық
таңдау, бейсаналық ашық үндер мен əр аумақтың өзіндік ашылуы байланысты.
Формальды-логикалық  əдістер  эвристикалық - менталды-когнитивті  жəне
интуитивтілерге 
тəуелді 
факторлармен 
байланысты. Осы 
тұрғыдан
эвристикадан білімнің жаңа мүмкіндігі мен əлі ашылмаған жаңалықты күтеді.


88
Эвристиканы  жүйе  түрінде  ойлаудың  өзгешелігін  білдіруге  қолданады -
эвристикалық  ойлау. Ойлау  жарату  қызметіне  қатысты  қолданады. Батыс
методологтары көрсеткендей «батыс философиясында эвристикалық ойлаудың
табиғатын түсіндіруге бағытталған теориялардың үш  тобы айқын: «тынық су»
теориясы  немесе  орташаланған  еңбек; блицкриг  немесе  инсайт; ең  жақсы
тышқан қапқаны немесе оңтайлы методологиялық регулятив.
Эвристика  методологияның  бөлігі  ретінде  ресми  деңгейге  жеткен  жоқ.
Бірақ, əр  ғылыми  білімнің  аймағында  эвристика  шешуде  ең  оңтайлы, жедел,
шынайы  жəне  тиімді  жолын  таңдау  стратегиясы  болып  табылады,
эвристикалық  əдістер  мен  қағидалар  өзгеше, ешқашанда  пайдаланбаған
жолдарды  іздеуге  ықпал  етеді. Бұл  уникалды  аймақтың  қасиетіне
принципиалдық  пəнаралығы  жатады. Эвристикалық  пəндік  білімнің  ішінде  де
орыны  бар. Формальдандыруға  бой  бермей  эвристикалық  сезім  ғылыми
ізденістің  əр  қадамында  байқалады. Редукция, əдістерді  пайдалану,
гуманитарлық 
пен 
техникалық 
тəсілдердің 
интеграциясы, ғылыми
нəтижелердің  практикада  қолдануы, эксперимент  анық  немесе  анықталмаған
түрде  эвристикаға  негізделген. Эвристика  ғылыми  жəне  ғылыми  емес  білімді,
рационалды  жəне  рационалсыз  бағыттарды  қосуға  тырысады. Жəне  ол  əдет
тактикасын  таңдауға, дамуда  тұйық  қадамдарды  жасауға  сақтау  көмескі.
Шығармашылықта батылдықтың өлшемі ретінде эвристика əрқашанда ғылыми
білімнің  құрамдас  бөлігі  деп  саналған, ал  дүниенің  постнеклассикалық
бейнесінде  эвристикалық  ғылыми  білімнің  өлшемі  болып  ұсынылған.
Эвристикалық білімді беру, жеткізу процесті шығармашылыққа, мəселе қоюға,
ойын түріне жақындатып, өзгертуге бағытталған.
Эвристикаға  жақын  əдістердің  түрі  А.Ф. Осборнның «миға  шабуыл»
(мозговая  атака). Осы  əдісте  дəстүрлі  тəсілдермен  бірге: ауыстыру, тасымал,
біріктіру  жəне  бөлумен  елестетуді  дамытатын: қысылған  мерзімі  жүйесі,
сынаусыз  еркін  жағдайда  мəселені  талқылау, бəсекелес  атмосфераны  тудыру
жəне  əзіл  болжауларды  ұсыну. Бірақ  эвристикалық  бағыттың  өкілінің
Д. Пойяның  пікірі, шығармашылықта  ұтымды  жұмыс  істейтін  əдіс  жоқ - бұл
дəстүрлі тұжырым болып саналады.
Эвристика өзгеше методология ретінде келесі талаптарды қояды:
1. Ол  басқа  қарапайым, уақыт  алатын  əдістерге  қарай  мəселені  жедел
шешуге ықпал ететін əдістерге арқа сүйейді.
2. Қолданатын əдістер дəстүрлілерге қарағанда маңызды.
3. Зерттеу  өлшемдеріне  сыртқы  əсер  беретіндерге  қарсылық  білдіретін
əдістерді қолданады.
4. Ізденіс  моделі  индивидуалды  жəне  таным  субъектісінің  психикалық
жəне мотивациялық іс-əрекетімен байланысты.
Эвристикалық  іс-əрекеттің  келесі  модельдерін  ұсынады. Ең  қарапайым
моделі - соқыр  ізденіс  деп  аталады. Ең  таралған - «лабиринт» моделі, онда
ізденіс шешімі лабиринт бойында жүруге ұқсас.
Өзгеше  назарды  Г. Буштың  структурлық-семантикалық  моделіне  аудару
қажет. Ол  объектілер  арасында  құрылым  мен  мағыналық  байланысты
бейнелейді, мақсат  алаңын  қалыптастырады. Осы  модельмен  жасалған  жұмыс


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау