Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
2 2
компания «Megaline» сауда маркасымен еліміздің барлық ірі қалалары мен облыстарында
кеңсалалы интернет қызметтерін кеөрсетеді.
33
«Megaline» елдегі негізгі провайдер болып
есептеледі жəне интернетке қолжетімдікті тікелей пайдаланушыларға да, сауда делдалдарына
да ұсына отырып, ұлттық базаны пайдаланады. Компанияның мағлұматы бойынша, 2011 жылы
«Megaline» абоненттерінің жалпы саны 2 697 032-ге жеткен, олардың 2 449 779-ы (91 процент)
кеңсалалы интернет желісін пайдаланушылар болған.
34
2011 жылы Қазақстан Республикасының қарқынды индустриялық-инновациялық дамуының
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақтелеком» АҚ-ы
мағлұматтарды жоғары жылдамдықпен беру қызметтеріне қолжетімдікті кеңейту мақсатында
жергілікті оптикалық-талшықты желі құрылысы бойынша жобаны іске қосты. Компания
өкілдерінің ойынша, үкіметтің ұсынысын орындай отырып, интернетке кеңсалалы қолжетімдік
мүмкіндіктері айтарлықтай артқан.
35
2009 жылдың ақпанында «Қазақтелеком» АҚ-ы республиканың 14 облысының 11-інде «iD TV»
маркасымен IPTV (ағылшынша –
Internet Protocol Television, қазақша – интернет-теледидар)
хабарларын тарату қызметтерін көрсете бастады. 2009 жылдың соңына қарай жазылушылардың
саны 8 901-ге жетті (немесе ТВ-қабылдағыштармен жабдықталған барлық үй шаруашылықтарының
0,26 проценті). 2010 жылы абоненттердің саны – 33 078-ге, 2011 жылы – 85 949-ға,
36
2012 жылы
159 240 адамға
37
өсті. SIP-телефондауды (ағылшынша –Session Initiation Protocol, қазақша – сеанс
инициалдау хаттамасы) «Қазақтелеком» АҚ-ы 2009 жылдың ақпанында «iDPhone» маркасымен
іске қосты. 2009 жылы бұл қызметтің 9 280 жазылушысы болса, 2010 жылы бұл сан – 28 750-ге,
2011 жылы 48 000-ға жетті.
38
Кейінгі жылдары ұтқыр телефонның жедел қарқынмен енуі орын алғаны байқалады (2005 жылғы
35 проценттен 2011 жылы 155 процентке дейін көтерілді). Ол кең таралуы жағынан теледидарды
айтарлықтай басып озған жалғыз байланыс құралына айналды. Бұл цифрлар статистикалық
ақпаратты жинау əдістерінің дұрыс еместігін көрсетеді. Сөйтіп, ұялы байланыстың таралуы деңгейі
100 проценттен асып отыр, өйткені қолданыстағы əрбір SIM-карта бір пайдаланушыға тиесілі,
кейде көптеген абоненттердің қолында 1-ден артық SIM-карта болады. Демек, ұтқыр телефон
пайдалану деңгейі артқан, алайда егжей-тегжейлі ақпараттың жоқтығы себепті жұртшылықтың
33 «Қазақтелеком» АҚ-ы, «2011 жыл үшін жылдық есеп-қисап». 50-бет.
34 «Қазақтелеком» АҚ-ы, «2011 жыл үшін жылдық есеп-қисап». 39-бет.
35 «Қазақтелеком» АҚ-ы, «2011 жыл үшін жылдық есеп-қисап». 17-бет.
36 «Қазақтелеком» АҚ-ы, «2011 жылдың жəне 2012 жылғы 1-тоқсанның нəтижелері» (тұсаукесер слайдтары). 2012 ж., 7-бет. http://
www.telecom.kz/page/single/prezentatsii/dlja-investorov (қолжетімді күн: 2012 жылғы желтоқсанның 28-і).
37 «Қазақтелеком» АҚ-ы, «2012 жылдың 9 айының қорытындылары» (тұсаукесер слайдтары). 2012 ж., 4-бет. http://www.telecom.kz/
page/single/prezentatsii/dlja-investorov
38 «Қазақтелеком» АҚ-ы, «2011 жыл инвесторлары үшін тұсаукесер (тұсаукесер слайд). http://www.telecom.kz/download/Presentacial.
pdf (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 12-сі).