1 5
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
3-диаграмма
Қазақ жəне орыс тілдерін білу
(халықтың жалпы саны бойынша %-тік көрсеткіш), 2009 ж.
Ескерту.
Қазақ жəне орыс тілдерін жақсы меңгерген жұртшылық үлесі («еркін оқып, жазамын»).
Дереккөз:
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі,
Қазақстан Республикасы халқының
2009 жылғы Ұлттық санағы, Астана 2010.
Кеңес заманы тұсында орыс тілі саясатта, бизнесте, білім беру саласы мен БАҚ-тарда басымдық
алған тіл болды. Бүгінгі хал-ахуал осы мұрагерлікті айқын көрсетіп отыр. Қазақ халқының үлесі
ұдайы артып отырғанына қарамастан, көпшілік жұртшылық əлі күнге дейін күнделікті өмірде,
жаңалықтарды тұтынуды қоса алғанда, орыс тілін пайдалануды жөн көреді. Конституцияға
сəйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында қазақ тілімен қатар, ресми түрде орыс тілі қолданылады. «Тілдердің жұмыс
істеуі мен дамуының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
14
(Президенттің
Жарлығымен 2011 жылғы маусымның 29-ында бекітілген)
15
қазақ тілінде сөйлейтін жұртшылық
санын 95 процентке дейін арттыру мақсатын көздейді (2009 жылғы Ұлттық халық санағы
деректеріне сəйкес, қазақ тілін жұртшылықтың 62 проценті меңгерген).
16
Қазақстандағы көптеген ұлттық азшылықтардың, орыс немесе қазақ тілдерінен өзге,
басқа да
тілдерде сөйлейтініне қарамастан, іс жүзінде ол тілдерде сөйлейтін тұрғындардың саны қанша
екені туралы деректер жоқ. Қазақстандағы тілдердің əралуандығы жайында мағлұмат алудың
жалғыз тəсілі – мектептердегі ұлттық азшылықтарды тілдерге оқыту жөніндегі деректерге жүгіну.
14 Todey.kz,
«Тілдердің жұмыс істеуі мен дамуының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасы, 2010
жылғы шілденің 29-ы, http://www.todey.kz/ru/news/kazakhstan/2010-07-29/27249 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың
7-сі).
15 Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы маусымның 29-ындағы «Тілдердің жұмыс істеуі мен дамуының 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 110-Жарлығы, http://journal.zakon.kz/223537-utverzhdena-gosudarstven-
naja-programma.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
16 «Жаңалықтар-Қазақстан» ақпараттық агенттігі, «Қазақстандықтардың 60%-інен астамы – қазақ тілін, 85%-ке жуығы орыс
тілін еркін меңгереді – халық санағы деректері», 2010 жылғы қарашаның 12-сі, http://newskaz.ru/society/20101112/921425.html
(қолжетімді күн: 2012 жылғы қаңтардың 7-сі).