Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
2 6
Мемлекеттің меншігіндегі жəне «Нұр-Медиа» ЖШС-сі медиа-конгломератының бөлігі
болып табылатын теле-радио компанияларының эфирінде билікті сынауға жол берілмейді
(6.1-тармағынан кеңірек біле аласыз) немесе оларды саясаттағы дегдар топтың қазіргі жəне
бұрынғы мүшелері бақылайды. Үкімет БАҚ-тарға олардың иелері реттеп отыратын редакциялық
саясаттың көмегімен ғана емес, мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізуге тендер бөлу немесе
мемлекеттік тапсырыс көмегімен де ықпал етеді.
Мемлекеттік газеттердің тираждары жеке басылымдарға қарағанда анағұрлым көп. Мемлекеттік
телеарналар, жеке телеарналармен салыстырғанда, дабылдарын елдің бүкіл аумағына таратады
(егжей-тегжейлірек 2-тараудан оқыңыз).
Қазақстандық баспа жəне электрондық БАҚ-тар əртүрлі (орыс жəне қазақ) тілдерінде шығып
қана қоймайды, сонымен қатар əрқилы көзқарастарды көрсете отырып, əр алуан мəселелерді де
көтереді. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының зерттеулеріне сəйкес, қазақ жəне
орыстілді БАҚ-тар баспа басылымдарындағы жаңалықтардың екі тілде жарияланатынын, бірақ
ол кезде редакциялар арасындағы ынтымақтастық жоққа тəн жағдайларды есепке алмағанда,
«қатар əлемдерде» дерлік өмір сүріп жатыр.
48
Кеңес заманынан кейінгі кезеңде, əсіресе соңғы
жылдарда қазақ тілі барлық салаларда басымдық алып отырғанына қарамастан, көпшілік адамдар
үшін орыс тілі əлі де жаңалықтар тұтынуда негізгі тіл болып қалып отыр.
Қазақстан Республикасының «Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заңы электрондық БАҚ-
тардың хабар тарату уақытының 50 проценті – қазақ тілінде, 50 проценті орыс жəне басқа
тілдерде жүргізілуін талап етеді. Оның үстіне, контенттің елеулі бөлігі Қазақстанда жүргізілуге
тиіс (шетелдік бағдарламалардың таратылуы 20 проценттен аспауы керек) болғанмен, бұл талап
əрдайым орындала бермейді.
49
Қазақстандықтар көп жағдайларда кабельдік жəне жерсерік теледидарын шетелдің, бірінші
кезекте, Ресейдің жаңалықтарының көзі деп қабылдайды. Сондықтан жерсеріктік жəне кабельдік
теледидар пайдаланушылар санының артуы əртүрлі ақпарат көздеріне қол жеткізу мүмкіндігін
береді деген қорытынды жасауға болады. Дегенмен жерсеріктік жəне кабельдік пакеттер
арналардың кең таңдауын ұсына алғанмен, олар аналог хабар таратылымын пайдаланатын
жергілікті арналарды тарата алмай қалады, сөйтіп, бұл белгілі бір дəрежеде жергілікті контентке
қолжетімдікті шектейді.
Ұлттық «OTAU TV» желісі қазақстандық жерсерігі пакетін интернет пен кабельдік теледидар
қызметтерімен қатар ұсынады: оның пакетіне жергілікті де, шетелдік те арналар кіреді
(2.1.2-тармақты қараңыз). Осы тұрғыда дербес компьютерлер мен интернетті пайдаланудың
48 «MediaNet» ХЖО, Қазақстанның бұқара медиасы: маңызды ойыншылар, мүмкіндіктер, қажеттіліктер мен тəуекелдер, 2010 ж,
http://www.soros.kz/en/ pudlications/monitoring_and_researches/results-research-%E2%80%9Ckazakhstan-mass-media-key-participants-
poss (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 17-сі). Ары қарай: «MediaNet», Қазақстанның бұқара-медиасы.
49 «MediaNet» ХЖО, Қазақстанның бұқара медиасы.
2 7
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
өсуі де азаматтардың алуан түрлі жаңалықтарға қол жеткізе алуына септігін тигізеді. Алайда
тұтынушылар ауқымы бойынша айқын салыстырмалы деректердің жəне жұртшылықтың ақпарат
алуда нені көбірек қалайтыны туралы мағлұматтың болмауы бір мағыналы қорытынды жасауға
мүмкіндік бермейді.
1.3. Жаңалықтар берушілер
1.3.1. Жаңалықтардың негізгі көздері
1.3.1.1. Баспа БАҚ-тары
Қазақстанда республикалық, облыстық, қалалық жəне аудандық газеттер шығады. Ең ірі мерзімдік
«Время», Казахстанская правда» іспетті басылымдар Астана мен Алматыда орналасқан, бірақ
олардың аймақтарда басып шығару жəне тарату үшін басылымның электрондық беттелуін
жіберетін аймақтық өкілдіктері бар. Ондай мүмкіндіктері жоқ газеттер басылып шыққан дайын
тиражды аймақтарға тікелей өздері жіберіп таратады. Ірі басылымдар кешігіп таратылғанмен,
əдетте, шағын елді мекендерде қолжетімді болып табылады.
Баспа БАҚ-тарының нақты тираждары туралы мағлұматтар алу қиын. Басылымдар, алдында
айтылғандай, лицензияда көрсетілген тираж деректерін жариялап отырса да, бұл цифрлар нақты
жағдайды білдірмейді. Газеттер баспагерлерінің қазақстандық қауымдастығы 2006 жылы медиа-
нарықтың ашықтығын көтеру жəне БАҚ-тар арасында əділетті бəсекені дамыту мақсатында
тираждардың аудитімен жəне сертификациясымен айналысатын тəуелсіз қоғамдық ұйым құруды
ұсынған-ды.
50
Алайда уақыт өте келе, ондай орган құрылмаған күйінде қалды.
Республикалық баспа БАҚ-тары, əдетте, мемлекетке немесе саяси элитаға (дегдар топқа) тиесілі.
«Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа-орталығы» қоғамдық қорының (ҚҚ) президенті Диана
Окремованың пікірінше, Қазақстанда шынайы тəуелсіз республикалық баспа БАҚ-тары жоқ.
Дегенмен тəуелсіз басылымдар аймақтық деңгейде бар.
51
Д.Окремованың сөзі бойынша, заң тираждардың шықпа (қайда, қашан, қанша дана, қандай
көлемде шыққаны жөніндегі) мəліметінде қанша тиражды, мысалы, нақты нөмірді немесе
апталық екенін көрсету керектігін анық реттемейді. «Бұлардың барлығы да баспагерлер мен БАҚ
иелерінің өз билігіне сатып алуына беріліп қойған, – деп санайды Д.Окремова. – Апталықтардың
тираждары бойынша кейбір деректер, мысалы, оқырмандар мен жарнама берушілерді жаңылысуға
келтіреді. Өздерін байқату, танымал болу жəне қажеттілік туғаны жайында əсер тудыру үшін,
50 Газеттер баспагерлерінің қазақстандық қауымдастығы, «Баспа БАҚ-тарының қазақстандық нарығы тираждардың аудиті мен
сертификатына дайын ба?», ZonaKZ.net. 2006 жылғы ақпанның 2-сі, http://www.zonakz.net/articles/13715 (қолжетімді күн: 2012
жылғы қазанның 16-сы).
51 «Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа-орталығы» ҚҚ-ының президенті Диана Окремовамен сұхбат. 2012 жылғы желтоқсанның
20-сы.
Достарыңызбен бөлісу: |