Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
1 0 8
Заңнамада дауларды соттан тыс реттеу механизмі көзделмеген ( БАҚ теріске шығарып,
жалған
екенін баспасөзде жариялауға келісетін жайттарды есепке алмағанда). Сот шешімі күшіне енген
сəттен бастап, сайттың жұмысы үш ай мерзімге дейін тоқтатыла тұруы немесе кейіннен құқық
бұзушылықтың ауырлығына қарай немесе құқық бұзушылық жойылмаған жағдайда жабылуы
мүмкін. Сайт үшін бұл тұрақты тұтынушыларының елеулі үлесінен айырылып қалу дегенді
білдіреді.
289
Лоскутов мырзаның айтуынша, меншік иелері мен пайдаланушылар арасындағы жауапкершілікті
ажырату мəселесі заңнамада да, соттағы іс тер барысында да қаралмаған, сондықтан əлі күнге
дейін кімнің жауапкершілік көтеретіні айқын емес.
290
Алайда кейбір меншік иелері мен сайттардың
редакторлары құқықтық жауапкершілікті ажыратуға əрекет жасап көрген-ді. «ZonaKZ»
интернет-газетінің бас редакторы Юрий Мизинов «Интернет туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан
кейін сайтта жарияланған пайдаланушылық контент үшін жауапкершілікті ажыратуды қажет
ететін пайдаланушылық келісім енгізді.
291
Бұндай іс-тəжірибенің сотта пайдаланылған-
пайдаланылмағаны белгісіз.
2009 жылы құқық қорғаушылар хостинг-компаниялардың өзіндік цензураны елеулі түрде
күшейткенін жəне контентті сүзгіден өткізгенін атап өтті. Көптеген интернет-ресурстар дереу
түсіндірмелер беру қызметін тоқтатты,
292
ал онлайн-контентті берушілердің көпшілігі сотқа
шағымдануды болдырмау үшін, тежеуді (модерация) күшейтті.
2010 жылдың шілдесінде «Ұлт көшбасшысы туралы» ҚР Заңына Бірінші Президентті ашық
балағаттау жəне беделіне нұқсан келтіру жағдайлары бойынша құқықтық жауапкершілік көздейтін
өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданған соң,
293
өзіндік цензураның деңгейі айтарлықтай
көтерілді. Пайдаланушылық контенті басымырақ сайттар, мысалы,
Yvision блог-платформасы,
штаттағы модераторлардың санын көбейтіп, өз пайдаланушылары арасында жауапкершілікті
ажыратудың əртүрлі үлгілерін тестіледі.
294
289 В.Фомичева, «Қазақстандағы интернет», Алматы қ., 2010 ж., 70-114-беттер, http://www.mediaalliance.kz/download/253/Issle-
dovanieinternetVKazakhstaneKazakhstanskiy-KontentKazakhstanskayaInternet-ekonomikaKazakhstanskoeInternetpravoKazakhskoya-
zychniy Segment.pdf (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
290 Медиа-заңгер, «ЮрИнфо» ЖШС-інің директоры И.Лоскутовпен сұхбат, Алматы қ., 2013 жылғы қаңтардың 15-і.
291 Zona.kz,
«Пайдаланушылық келісім», http://www.zonakz.net/blogs-lisense.php (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 15-і).
292 К.Шрек, «Қазақстан блогерлерге қысым көрсетеді», «The National», 2009 жылғы тамыздың 25-і, http://www.thenational/ae/apps/
pbcs/dllarticle?AID=/20090825/FOREIGN/708249847/1140 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
293 «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Ұлт көшбасшысы туралы» 2000 жылғы маусымның 14-індегі № 83-II ҚР
Конституциялық Заңына түзетулер, http://www.inform.kz/rusarticle/2278166 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 13-і).
294 Yvision.kz
сайтының меншік иесі С.Игнатовпен сұхбат, Алматы қ., 2010 ж., қарашаның 2-сі.