Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
1 1 2
аясындағы конкурстар арқылы БАҚ-тарға 48 млн. теңге (320 мың АҚШ доллары) бөлінген,
жалпы сомасы 31 млн. теңге (207 мың АҚШ доллары) құрайтын өтінімдер үкіметтің мақұлдауын
күту үстінде.
301
2013 жылдың ақпанында жаңадан тағайындалған мəдениет жəне ақпарат министрі Мұқтар Құл-
Мұхаммет БАҚ-тарға мемлекеттік тапсырыстар бөлудің бағалау өлшемдері мен іс-шараларын
қайта қарауды ұсынды. «Мемлекеттік емес БАҚ-тардың көп санын тарту үшін, тарифтер
(жаңалықтарды шығаруға арналған) жоғары болуға тиіс», – деді Құл-Мұхаммет мырза. Қазіргі
уақытта үкімет телевизиялық бағдарламаның бір сағаты үшін 120 мың теңге (800 АҚШ доллары)
төлейді. Бұл, министрдің сөзі бойынша, ұлттық телеарналардың контент өндіру шығындарын
толық өтемейді.
302
2012 жылдың өзінде ғана ақпарат саясатын өткізу үшін «Қазақстан» теле-радио корпорациясына,
«Хабар» жəне «Мир» телеарналарына арналған мемлекеттік сатып алулардың жылдық бюджеті
20 346 000 теңге (136 млн. АҚШ доллары) немесе демеуқаржының 22 666 000 теңге (150 млн.
АҚШ доллары) сомасын құрайтын бүкіл бюджетінің 89 проценті болған.
303
Медиа-нарыққа оңай соққы болмаған қаржы дағдарысы кезеңінде «MediaNet» Халықаралық
журналистер орталығы жүргізген сауалнамаға тартылған редакторлар мен журналистердің
көпшілігі олардың жан сақтап қалуына мемлекеттік демеуқаржылардың көп көмегі тигенімен
келісетіндіктерін айтады (6-2-тармақты қараңыз).
304
Мемлекеттік бағдарламаның кемшіліктерін
атап көрсете отырып, сауалға жауап бергендер биліктердің, əсіресе аймақтардағы биліктердің,
мемлекеттік БАҚ-тарға көбірек ықылас танытатынын айтады. Оның үстіне, бұл үдерістің мүлдем
айқын да ашық еместігі атап өтілді: жеңімпазды таңдау өлшемдері анық белгіленбеген; БАҚ-
тардың қаржыландырылуы туралы ақпарат толық жарияланбайды, ал ашық дереккөздерде бар
мағлұматтар бір жүйеге келтірілмеген.
«MediaNet» ХЖО-ның талдауы мемлекеттік тапсырыстар өзіндік цензураның дамуына ықпал
ететінін көрсетті. Зерттеу барысында сауалға тартылған редакторлар мен журналистер үкіметтен
ақша алу – басылымдардың үкіметке қатысты сын үлесі бар оқиғалар туралы баяндаудан бас
тартуға келтіретінін мойындайды.
305
301 «Солтүстік Қазақстанның құқықтық медиа-орталығы» қоғамдық қоры, БАҚ үшін мемлекеттік демеуқаржы туралы электрондық
бюллетень, 2013 жылғы ақпанның 7-сі, электрондық тарату бойынша қолжетімді.
302 Интерфакс Қазақстан, «Қазақстан-МАМ-Медиа-Мемтапсырыс», 2013 жылғы ақпанның 4-і (жазылу арқылы қолжетімді
көшірмесі бар).
303 «Солтүстік Қазақстанның құқықтық медиа-орталығы» қоғамдық қоры, «БАҚ-тарға мемлекеттік демеуқаржы туралы зерттеу»,
http://legalmediacenter.kz/2012года-10-04-11-17-13.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 15-і).
304 «MediaNet»
ХЖО, «Қазақстанда БАҚ нарығындағы мемлекеттік сатып алулар: жақсы ма əлде жаман ба?», http://www.mediaal-
lance.kz/download/135/AnaliticheskiyObzorMezhdunarodnogoTsentraZhurnalistiki MedianetgoszakazVSmiKazakhstanaPol’zaIliVred.
pdf (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
305 «Известия-Қазақстан» газетінің бас редакторы Э.Полетаевпен, «MediaNet» ХЖО-ның негізін салушылардың бірі Ə.Жəлиловпен
сұхбат, Алматы қ., 2010 жылғы қарашаның 10-ы.
1 1 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
7.3.1. Реттеуші
Оппозициялық БАҚ-та жұмыс істейтіндердің айтуынша, үкіметтің қысымы көбінесе билікке
қарсы шығатын БАҚ-тарға бағытталған. Салық тексерулері кейде олардың жұмысының берекесін
кетіру үшін қолданылады. Мысалы, Stan.TV бейне-порталын салық органының тексеруі шамамен
алты айға созылды: сол уақыттың ішінде штаттағы тілшілер түсініктеме беру үшін салық органына
əлденеше рет шақырылды.
306
Кей жолы реттеуші органдар журналистермен ресми кездесулерді жəне ресми мəлімдемелерді БАҚ-
тағы өзіндік цензура механизмін іске қосу үшін пайдаланады. Ондай механизмді пайдаланудың
жарқын мысалы президенттің бұрынғы күйеубаласы Рахат Əлиев жазған «Өкіл əке» кітабынан
үзінділер келтіруге байланысты болды. 2009 жылы жарияланған бұл кітап Қазақстанның жоғарғы
билік топтарындағы сыбайлас жемқорлық туралы баяндайды.
307
Кітап басылып шыққан бойда
ҚР Бас Прокуратурасы барлық БАҚ-тарға арнап, Əлиев мырза таратып отырған кез келген
жарияланымға сілтеме жасау, үзінді келтіру немесе жариялау іспетті əрекеттерден сақтандырып,
ресми ескерту шығарды. «Əділ сөз» қоғамдық қоры 2009 жылдың мамырында Алматы қаласының
прокуратурасы «Республика» жəне «Взгляд» газеттерінің редакторларын əңгімеге шақырғанынан
хабардар етті. Кездесуде Алматы қаласы прокурорының орынбасары Бағбан Тайымбетов
редакторларды Р.Əлиевтің «Өкіл əке» кітабынан кез келген ақпаратты жариялаудан тартынуды
ұйғаратын ресми құжаттармен таныстырды.
308
Соңғы ұлттық сайлауалды науқаны барысында Бас Прокуратура мен Орталық сайлау
комиссиясының
тұрақты
іс-тəжірибесі
БАҚ-тар
үшін
«əлеуметтік-саяси
ахуалды
ушықтырмауды»
309
талап еткен бірлескен ескертулерді жариялау болды, бұл сайлауалды кезеңде
өзіндік цензураның артуына келтірді.
7.3.2. Бақылаудың басқа түрлері
Сөз бостандығының бұзылуы мониторингін өткізетін «Əділ сөз» қоғамдық қорының деректері
бойынша, журналистердің кəсіби қызметтерін атқаруына кедергі келтіру жағдайларының саны
артып отырғаны байқалады. 2009 жылы ондай оқиғалардың саны алдыңғы өткен жылмен
салыстырғанда екі есе артқан.
310
Журналистерге қатысты күш қолдану оқиғалары да орын алады. Аталған қордың мағлұматтары
бойынша, жылына орташа есеппен журналистерге шабуыл жасаудың 15-16 оқиғасы болып
306 Azattyq.org,
«Stan.tv
журналистері билік тарапынан артып отырған қысымға наразы», http://rus.azattyq.org/content/stantv_Alexan-
der_Gabchenko_/218958.html (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
307 Fergananews.com,
«Қазақстан: Р.Əлиевтің тыйым салынған кітабынан келетін үлкен қауіп жоқ», 2009 жылғы мамырдың 26-сы,
http://enews.fergananews.comarticles/2537 (қолжетімді күн:2013 жылғы қаңтардың 15-і).
308 «Əділ сөз» қоғамдық қоры, Қазақстандағы бұқаралық медиа: заңдар, кикілжіңдер, құқық бұзушылықтар. 2009 жыл
қорытындысы, мониторингтің нəтижелері туралы баяндама, 6-бет, http://www.adilsoz.kz/book_pdf/28.pdf (қолжетімді күн: 2013
жылғы 17 сəуір).
309 Бұл да сонда.
310 «Əділ Сөз» қоғамдық қорының президенті Тамара Калеевамен сұхбат, Алматы, 2010 жылдың қарашасы.
Достарыңызбен бөлісу: |