1 0 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
емес ұйымдар бұны жетістік деп қабылдады, өйткені жергілікті телеарналардың бөтен контентті
қайталап беруге тікелей тəуелді болуы себепті, басынан-ақ мемлекет оларды бəсекеге қабілетсіз
деп санаған-ды. Олар қайталап беретін контенттің көлемдері туралы ақпарат жұртшылыққа
жетпейді. Алайда жергілікті телеарналардың бірінің іс-тəжірибесіне сүйене отырып, қарама-
қарсы қорытынды жасауға болады. Шымкенттегі жеке «Отырар ТВ» телеарнасының атқарушы
директоры Вячеслав Шварцтың айтуынша, оның телеарнасының қайталап беретін контентінің
үлесі 20 проценттен аспайды. Аптаның жеті күнінде тəулігіне 24 сағат хабар тарата отырып, бұл
станция күн сайын эфирге жаңалықтардың тоғыз бағдарламасын шығарады. Қайталап берілетін
материал – құжаттамалық фильмдер жəне Ресейдің «REN TV» телеарнасының өндірісіне жататын
ғылыми фантастика – негізінен, эфирге демалыс күндері жіберіледі.
267
7.1.1.4. Қоғамдық талқылаулар
2009 жылы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі жанындағы жұмыс тобы «Қазақстан
Республикасында теле-радио хабарларын цифрлық форматта таратуды енгізудің жəне дамытудың
2009-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын»
268
əзірлеуді бастады. Онда цифрлаудың
техникалық талаптары егжей-тегжейлі қаралуға тиіс-тін.
Естеріңізге салсақ, бұл жұмыс тобына
азаматтық қоғамның бір ғана өкілі – Қазақстан ұлттық теле-радио хабарларын таратушылар
қауымдастығының атқарушы директоры Жақсыбаева ханым кірген.
Жақсыбаева ханымның сөзі бойынша, 2008-2010 жылдары бұл тұжырымдаманың оншақты
жобасы қаралған. Бірақ құжат мəтініне жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын кіргізудің орнына,
министрлік əр жолы тұжырымдаманы нөлден бастап жасап отырды.
269
Құжаттың аяқталған
нұсқасы қабылданбаған күйінде қалды.
«Теле-радио хабарларын тарату туралы» заң жобасын əзірлеуге жұртшылық белсендірек қатысты.
2011 жылдың көктемінде Байланыс жəне ақпарат министрлігі жұмыс тобына: Қазақстан ҰТҚ-
ының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаеваны, «Əділ сөз» қоғамдық қорының президенті
Тамара Калееваны, «Internews Kazakhstan» атқарушы директоры Маржан Елшібаеваны жəне
Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы Антон
Шинді шақырды. Калеева ханым жұмыс тобының Астанадағы кездесулеріне өзінің əрдайым
шақыру алып отырғанын айтты жəне соңында: «Азаматтық қоғам өкілдерінің шешімдер қабылдау
үдерісіне қатысуына əрең-əрең рұқсат етіледі», – деді.
270
Үш мемлекеттік емес ұйым: «Əділ сөз», «Қазақстан ҰТҚ-ы» жəне «Internews Kazakhstan» одағы
бірлесіп, ұсыныстардың сегіз пакетін табыс етті. Үкіметтік емес ұйымдардың заң жобасының
267 «Отырар ТВ» телеарнасының атқарушы директоры В.Шварцпен телефон арқылы сұхбат, 2013 жылғы ақпанның 6-сы.
268 Natkaz.kz, «Қазақстан Республикасында цифрлық теле-радио хабарларын таратуды енгізудің жəне дамытудың 2009-2015
жылдарға арналған тұжырымдамасы», www/natkaz.kz/doc/DTV_concept.doc (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 14-і).
269 Қазақстан ҰТҚ-ы-ның атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, 2011 жылғы қарашаның 21-і.
270 «Əділ сөз» қоғамдық қорының президенті Тамара Калеевамен сұхбат, Алматы, 2012 жылғы мамырдың 14-і.