Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
1 1 4
тұрады.
311
2011 жылдың қазанында Батыс Қазақстанға мұнайшылардың ереуілі туралы материал
дайындау үшін барған іссапары барысында Stan TV-нің тілшілері мен операторына бейсбол
таяқтарымен қаруланған белгісіз біреулер шабуыл жасаған.
312
Билік органдары бұл оқиғаны
тексеруді қолға алып, кейіннен полиция іздеу жариялаған екі күдіктіні анықтады.
313
«Шекарасыз тілшілер» 2011 жылдың «Баспасөз бостандығы индексінде» Қазақстанды 179
орынның ішінен 162-орынға орналастырды. Есептемеде журналистерге қатысты жасалған бірқатар
аяусыз шабуылдарға кінəлілерді іздестіруде мемлекеттің «өзінің дəрменсіздігін көрсеткені» атап
айтылды.
314
Шенеуніктен түсетін «телефон құқығы» деп аталатын қоңырау – қысым жасаудың басқа бір
түрі. Мысалы, қазақстандық баспаханалар екі жылға жуық уақыт «Голос республики» газетін
басып шығарудан бас тартып келді, сондықтан ол «өзіндік баспа» форматында (газет нөмірлері
кеңселеріндегі құрал-жабдықтарда басылды) шыға бастады.
315
Бірақ 2011 жылдың соңынан бері
газета Ресейде басылып, Қазақстанға тасылып əкелінетін болды.
316
Бұл басылымға қысым жасау БТА банк «Голос республики» газетіне (ол кезде басылым
«Республика» атауымен шығатын) қарсы сотқа талап-арыз берген 2009 жылы айқын сипат алды.
Акцияларының 97 проценті мемлекетке тиесілі БТА банк «жала жапты» деген айыппен газеттен
400 мың АҚШ долларын өндіріп алды. Бұл жерде сөз ақпараттық дау тақырыбына айналып,
банктің депозиттерінен миллиардтаған теңгенің жылыстап кетуіне келтірген-міс қаржылық
қиындықтарын жазған мақала туралы болып отыр. Сол кезде «Голос республики» газетінің
бас редакторы болған Татьяна Трубачева жеке сұхбатында бұл жағдайдың мемлекет тарапынан
газетті жауып тастау əрекеті екенін атап көрсетті.
317
Басқа басылымдар да бұл тақырып туралы
жазғанмен, Трубачева ханымның жорамалы бойынша, оның газеті ғана үкіметтің атына ары қарай
сын айтудың жолын кесу нысанасына айналған.
318
Баспаханалардың газеттер тираждарын басып шығарудан бас тартқан басқа да мысалдарын
келтіруге болады. Батыс Қазақстан облысында шығатын аймақтық апталық «Орал аптасы» газеті
311 Бұл да сонда.
312 Kaztag.kz,
«Stan
TV
журналистеріне жасалған шабуыл олардың кəсіби қызметіне байланысты», 2009 жылғы қазанның 27-сі,
http:www.kaztag.kz/en/top-news/71426 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
313
Aktau-News,
«Stan
TV
журналистеріне шабуыл жасаған екі күдіктіге іздеу жарияланды», 2011 жылғы қарашаның 9-ы, http://
aktau-news.kz/?p=7600 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қаңтардың 24-і).
314 «Шекарасыз тілшілер», Қазақстан, http://en.rsf.org/report-kazakhstan, 112.html (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
315 Дж.Лиллис, Д.Кокс, EurasiaNet.org, «Қазақстан баспасөзге қысым жасауды жалғастырып отыр», 2011 жылғы наурыздың 29-ы,
http://www.eurasianet.org/node/63182 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 12-сі).
316 Қараңыз: http://cpj.org/reports/2010/09/disdaining-press-freedom-kazakhstan-undermines-osc.php (қолжетімді күн: 2013 жылғы
сəуірдің 17-сі).
317 «Голос республики» газетінің бұрынғы бас редакторы Т.Трубачевамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы желтоқсанның 29-ы.
318 Бұл да сонда.