9 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
өсе бастап, 2008 жылмен салыстырғанда, 2010 жылдың аяғына қарай екі есе артты. Жарнаманың
жалпы айналымы 2007 жылғы ең жоғарғы көрсеткіш – 305 млн. доллардан 2009 жылы 150 млн.
долларға (тиісінше 4,6 млрд. теңгеден 2,2, млрд. теңгеге) дейін азайып кетті.
224
2010 жылы «Панорама» бизнес-апталығы барлық дерлік БАҚ – баспа жəне электрондық
БАҚ – «қиын-қыстау уақыттың залалдарын толық көлемде сезінгенін хабарлады: олардың
жарнамалардан түсетін кірістері айтарлықтай төмендеп кеткен».
225
Басылым «TNS Gallup Media
Asia-ның» бас директоры Татьяна Старцеваның барлық тұрпаттағы БАҚ-тардың 40-45 процент
қысқарғаны туралы айтқан сөзін келтірген.
2009 жылдың соңында БАҚ иелері мен баспагерлерге сауалнама өткізген Қазақстан баспасөз
клубының президенті Əсел Қарауылова:
«Аталған сауалнама деректеріне сəйкес, медиа-нарық ойыншыларының 58 процентінің
ойынша, нарықта қалыптасқан жағдай нашар, бірақ үмітсіз де емес. Оған: қаржы
дағдарысы жəне үкіметтің материалдардың мазмұнына ықпал етуді күшейткені, БАҚ-
тардың «холдингтерге айналдырылуы», БАҚ-қа сенімнің азаюы жəне БАҚ саласында
мемлекеттік сатып алулардың артып отырған үлесі теріс əсер етті», – деп мəлімдеді.
Жарнамадан түсетін табыстар 2010 жылы, дағдарыстан шыға бастаған кезде, бірте-бірте өсті.
Оның үстіне, Əсел Қарауылова атап өткендей, дағдарыс БАҚ-тардың жұмыс істеу əдістерін
өзгертті. Енді олар жарнамадан түсетін табыстарға негізделген қаржыландырудан гөрі, тікелей
мемлекеттік қаржыландыру жолдарын іздестіруге кірісті.
226
Соңғы бес жыл ішінде БАҚ-тарды қаржыландырудың артықшылық алған түрі – үкімет басымдыққа
ие деп жариялаған мəселелер бойынша мемлекеттік саясатты ілгерілету мақсатындағы мемлекеттік
тапсырыстар болды жəне солай болып қалып отыр. Уəкілетті министрлік (қазіргі уақытта –
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі, ал бұрын бұл іспен таратылған Байланыс жəне ақпарат
министрлігі айналысқан) əлеуметтік маңызы зор тақырыптардың кең ауқымында мемлекеттік
саясатты, оның ішінде президенттің халыққа жолдауларын насихаттау бойынша, БАҚ үшін
жылына кем дегенде бір рет ашық конкурстар ұйымдастырады. Əкімдіктер де ондай тендерлерді
жергілікті БАҚ-тар үшін өткізеді. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының 2010
жылы жүргізген зерттеуінің деректері бойынша, мемлекеттік тапсырыс алатын БАҚ-тардың үлесі
2008 жылдан бері қарай 33 проценттен 65 процентке дейін өскен.
227
Сөйтіп, екі жыл ішінде елдегі
БАҚ-тардың 70 процент дерлігі кем дегенде бір мемлекеттік тапсырыс алған.
224 Д.Рахимов. Қазақстан жəне əлемдік медиа-жарнама нарығы», 2011 жылғы қарашаның 12-сі, http://www.pressclub.kz/images/
rahimov_kr10.pdf (қолжетімді күн: 2011 жылғы 29 наурыз).
225 А.Шатерникова, «Нарықтар», http://panoramakz.com/archive/2010/01.htm, (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 8-і).
226 Қазақстанның Баспасөз клубының президенті Əсел Қарауыловамен сұхбат, Алматы, 2010 жылдың қарашасы.
227 «Medianet»
ХЖО, «Қазақстан БАҚ-тарындағы мемлекеттік тапсырыс», 2010 жылғы қазанның 20-сы, http://www.internews.kz/
newsitem/22-10-2010/13038 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 11-і).
Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
9 4
«Солтүстік Қазақстанның құқықтық медиа-орталығы» қоғамдық қоры 2012 жылы жүргізген
сауалнама сауалға тартылған қазақстандық аймақтық газеттердің 23-інің ішінен 15-і мемлекеттік
тапсырыс арқылы қаржыландыру алғанын көрсетті
228
(7.3.1-тармақты қараңыз).
2009 жылы министрлік, жалпы алғанда, баспа БАҚ-тарына – 13 миллионға жуық АҚШ долларын
(1,9 млрд. теңге), электрондық БАҚ-тарға 2 миллионға жуық АҚШ долларын (302 млн. теңге)
бөлген.
229
2012 жылы мемлекеттік сатып алу жоспары «мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында»
мемлекеттік «Қазақстан» телеарнасына – 67 млн. доллар (шамамен 1 млрд. теңге), «Хабар»
телеарнасына 66 млн. доллар (0,9 млрд. теңге) бөлуді қарастырған.
230
«BizMedia» «Іскерлік журналистика орталығы» қоғамдық қорының президенті Төлеген Асқаров:
Қаржы жəне жарнама дағдарыстары көпшілік БАҚ-тардың редакциялық саясатына
елеулі ықпал етті. Медиа саласындағы үлкен өзгерістердің екінші бір көзі – жарнамадан
түсетін кірістердің бір бөлігін (айтарлықтай болмаса да) келтіретін, жедел дамып
жатқан онлайн-БАҚ-тар. Ең ірі жарнама беруші – ол БАҚ-тарды мемлекетті сынау
мүмкіндіктерінен айыратын мемлекеттік тапсырыстың көмегімен медиа-нарықтың
барлық сегменттеріне ықпал етіп отырған үкімет», – дейді.
231
6.2.2. Қаржыландырудың басқа көздері
Талдау жасалып отырған кезеңде қаржыландырудың жаңа көздері пайда болмады. Қазақстанда
БАҚ-тардың оқырмандарға немесе телекөрермендерге қаржылай қолдау көрсету туралы
ұсыныспен жүгінуі тəжірибесі таралмаған. Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық демеуші
ұйымдар тəуелсіз БАҚ-тарды өз қаражаттарын салу нысаны ретінде қарастырмайды.
6.3. БАҚ-тардың бизнес-үлгілері
6.3.1. Бизнес-үлгілердің өзгеруі
Қоғамның бұқаралық ақпараттың ұлттық құралдарына сенімсіздігі, БАҚ-тағы меншіктердің
бір қолға шоғырландырылуы, үкіметтің нарыққа қатысуының нығаюы, қаржы дағдарысы,
журналистерге қатысты тұрақты түрде артып отырған қысымшылық (егжей-тегжейлі
7.3-тармағынан оқуға болады) – осының бəрі бірігіп, БАҚ-тардың дамуын тежеді.
232
Сарапшылар
дағдарыстың алдында, 2007 жылы, қазақстандық БАҚ-тар жалпы қабылданған бизнес-үлгілер
228 «Солтүстік Қазақстанның құқықтық медиа-орталығы» қоғамдық қоры, «Қазақстандағы БАҚ редакторлары мен баспагерлерінің
сараптамалық сауалнамасының нəтижелері», Астана қ., 2012 ж., http://legalmediacenter.kz/2012-10-04-11-17-13/html (қолжетімді
күн: 2013 жылғы сəуірдің 24-і).
229 Құқықтық медиа-орталық, «Сараптамалық сауалнаманың нəтижелері».
230 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі, http://www.mk.gov.kz/index.php?lang=rus&id_open_rublic=805
(қолжетімді күн: 2012 жылғы маусымның 12-сі).
231 «BizMedia»
«Іскерлік журналистика орталығы» қоғамдық қорының президенті Т.Асқаровпен электрондық пошта арқылы сұхбат.
232 Қазақстанның Баспасөз клубының президенті Əсел Қарауыловамен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы қаңтардың 21-і.
Достарыңызбен бөлісу: |