Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
8 8
барлық өзгертулер туралы жариялап отыруға тиіс болған-ды. Аталған заң жобасы парламенттің
қарауына берілмеді де, оны талқылау 2005 жылы тоқтап қалды.
200
БАҚ-тардың меншіктерін шоғырландыруға арнаулы шектеулердің болмауы Қазақстанның медиа-
нарығында азғантай ықпалды адамдардың басымдық алуына жеткізді. Қазақстанның медиа-
альянсының төрағасы Əділ Жəлилов көпшіліктің медиа-нарықты көбінесе «бəсекелес емес, əрі
пайда келтіруі неғайбыл» нарық ретінде сипаттаған пікірімен келіседі.
201
«Медиа-стандарттар
институты» қоғамдық қорының сарапшысы Ержан Сүлейменовтің сөзі бойынша, көпшілік
БАҚ иеленушілері медиа-бизнеспен ақша табу мақсатында айналыспайды: «Олар – саясаттағы
немесе өнеркəсіп саласындағы танымал тұлғалар, сондықтан медиа саласындағы ірі жобалардың
көпшілігіне саяси мүдделер түрткі болады».
202
Онлайн-БАҚ-тардың меншік иелерімен жағдай тіпті айқын емес. Қолданылып жүрген заңдарда
интернет-ресурстың иеленушісінің кім екені: домендік атаудың немесе сервердің меншік иесі
туралы дəл анықтама жоқ. Бұл жағдай 2010 жылы, Қазақстанда мейлінше танымал CT.kz («Центр
тяжести») онлайн-форумының екі иеленушісі осы интернет-ресурсқа деген өз құқықтарын сотта
даулаған кезде айқын байқалды. Дмитрий Зимин бұл форумды 2000 жылы құрған, бірақ 2007
жылы жобаға Ержан Исабаевты шақырған. Олар бірлесе «New Line Media»
ЖШС-ін құрып, оған
домен жəне «Центр тяжести» деген сауда маркасын тіркетті. 2009 жылы Д.Зимин «Центр тяжести»
сауда маркасын өз атына қайтадан тіркетіп, Е.Исабаевты серіктестіктен шығарды. 2011 жылы,
ұзаққа созылған сот істерінен кейін, тараптар келісімге қол қойып, соған сəйкес Е.Исабаевтың
меншік құқы толығымен қайтарылды.
203
Бұл жағдай онлайн-ресурстарға меншік құқықтарына
қатысты нарыққа қатысушылардың барлығының: үкіметтің, жеке тұлғалардың, интернет
пайдаланушылардың жəне БАҚ-тардың өздерінің арасында түсіністіктің жоқтығын көрсетті.
БАҚ-тарға меншік құқықтарын реттейтін заңнаманы жетілдіру мəселелері жария түрде сирек
талқыланады. «Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заңды
204
талқылау барысында 2010-
2011 жылдары медиа саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар БАҚ-тар нарығын жеке-дара
иемдену, яғни монополиялау мəселесін көтерген-ді. 2012 жылы, ЕҚЫҰ-ның бағалауы бойынша,
«БАҚ саласындағы меншіктерді шоғырландыру мəселесін қарамайтын»
205
заң қабылданғаннан
кейін, азаматтық қоғам осы ережелердің қабылдануы үшін күресуді жалғастырды. Жақсыбаева
200 Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 23-індегі «Қазақстан Республикасында сөз бостандығына кепілдіктер
туралы» Заң жобасы, http://www.natkaz.kz/doc/zp_svs.pdf (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 9-ы)
201 Қазақстанның Медиа одағының (альянс) төрағасы Əділ Жəлиловпен сұхбат, Алматы, 2010 жылдың қарашасы.
202 «Медиа стандарттар институты» қоғамдық қорының сарапшысы Ержан Сүлейменовпен сұхбат, Алматы, 2010 жылдың
қарашасы.
203 Nur kz, «Центр тяжести» айналасындағы дау-дамай аяқталды», 2011 жылғы наурыздың 15-і, http://news.nur.kz/178890.html
(қолжетімді күн: 2011 жылғы наурыздың 29-ы).
204 Қазақстан Республикасының «Теле-радио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы қаңтардың 18-індегі № 545-IV Заңы, http://
online.zakon.kz/Document/?doc_id=31114820&mode=all (қолжетімді күн:2012 жылғы маусымның 12-сі).
205 А.Рихтер, Қазақстан Республикасының «Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заңының жобасына түсіндірмелер (2011
жылғы сəуір, сол жылғы қыркүйектегі толықтырулармен), 26-бет, http//www.osce.org/fom/85484 (қолжетімді күн: 2012 жылғы
қазанның 3-і).