Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
8 4
5.3. Телекоммуникациялар
5.3.1. Телекомдар мен жаңалықтар
Телекоммуникациялар секторындағы негізгі ойыншы – «Қазақтелеком» АҚ-ы 2010 жылдың
жазында IPTV қызметтерін іске қосты. Ол қызметтер iD TV маркасымен көрсетіледі жəне бүгінгі
күні нарықтағы жалғыз IPTV-қызметтер болып қалып отыр. Осы кезде GSM-оператордың үшеуі
де – Kcell, Beeline жəне Tele-2 – 3G қызметтерін ұсынады, бірақ олардың біреуі де əзірше ұтқыр
теледидарды іске қоса қойған жоқ.
Қазақстанда 134 кабельдік оператор – өздерінің пакеттерінде шетелдік, ең алдымен, ресейлік
телеарналарға ықылас білдіретін жеке компаниялар. Кабельдік операторлардың ішіндегі негізгі
ойыншылар – «Алма-ТВ», «Digital TV» жəне «ICON». 2000 жылдардың ортасында операторлар
Алматы қаласында жəне бірқатар басқа қалаларда интернет қызметтерін көрсете бастады.
Олардың кейбіреулері жаңалықтар контентімен емес, көбінесе ойындар мен сауық-сайран
контентімен алмасу үшін өз хабтарын құрған-ды. Операторлардың ешқайсысы жаңалықтардың
меншікті онлайн-БАҚ-тарын немесе кабельдік телеарналар құрмады.
Соңғы жылдары кабельдік желілер бойынша таратылатын жергілікті, белгілі бір дəрежеде
шектеулі арналардың қарқынды өскені байқалды. Бұлар – жеке меншіктегі спорттық, музыкалық
жəне діни арналар. Мемлекеттік «Мəдениет» жəне «Балапан» тақырыптық арналары жерсерік
арқылы хабар таратудың «OTAU TV» ұлттық желісі жəне көбінесе кабельдік операторлар
бойынша таратылады. Жеке меншіктегі аймақтық телеарналар, əдетте, олар таратылатын ауданда
кабельдік операторлар ұсынатын пакеттерге енгізіледі, ол кезде реттеуші құжаттарда ондай
талаптар болмайды.
5.3.2. Телекоммунациялық операторлардың жаңалықтар берушілерге
қысым жасауы
Бұрын заңнама кабельдік операторлардан өз пакеттеріне жалпыұлттық арналарды енгізуді талап
етпеген, сондықтан кейбір мемлекеттік арналар олардан бағдарламаларын таратқаны үшін ақы
төлеуді талап ететін. Кабельдік операторлардың пайымдауынша, бұл контенттің ақысын салық
төлеушілер əлдеқашан төлеп қойғандықтан, енді тегін берілуге тиіс.
187
Сонымен қатар кейбір
кабельдік операторлар арналардан олардың бағдарламаларын таратқаны үшін ақы төлеуді талап
еткен. Сөйтіп, мысалы, «Алма-ТВ» операторы бір коммерциялық арнадан айына 1,2 млн. теңге
(8 мың АҚШ доллары) сұраған.
188
Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы Антон
Шин айтқандай, кабельдік операторлар мен телеарналар арасындағы өзара заңдық қарым-
187 Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы Антон Шинмен сұхбат, Алматы қ.,
2013 жылғы қаңтардың 4-і.
188 Tengrinews.kz,
«Қазақстандық телеарналар «Алма-ТВ-да» бағдарлама орналастыру бағасын жоғары деп санайды», 2012 жылғы
қыркүйектің 7-сі, http:///tengrinews.kz/ru/kazakhstan_news/220311 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 17-сі).
8 5
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
қатынастар əрбір жеке жағдайда жүргізілетін келіссөздердің нəтижесіне байланысты. Кейде
хабар таратушылар операторларға олардың арналарын пакетке енгізгені үшін ақы төлеген, басқа
жағдайларда оператор оны өз пакетіне енгізгені үшін арнаға ақы төлеген.
189
Əдетте, ойыншы
(кабельдік оператор немесе арна) қаншалықты ірі болса, контентті бергені немесе таратқаны үшін
ақы талап ету ықтималдығы көбірек болады. Мысалы, міндетті қолжетімдік пакеті (ағылшынша –
must-carry) арналарының тізбесі бекітілген 2013 жылғы қаңтарға дейін, төрт мемлекеттік
– «Хабар», «Қазақстан», «Ел Арна» жəне «Kazakh TV» арналарының пакеті үшін аймақтық
кабельдік оператор айына 22 мың теңге (145 АҚШ доллары) төлеген.
190
2010 жылы дау-дамай парламентке дейін жетіп, парламент депутаты Дарья Клебанова үкіметті
кабельдік операторлардың қызметіне бақылау жасауға шақырды.
191
Сөйтіп, 2013 жылғы
қаңтарда үкімет кабельдік желілерде таратылатын міндетті телеарналардың тізбесін бекітті
(7.1.1.3-тармақты қараңыз).
Бірқатар жағдайларда кабельдік операторлар шетелдік контентті сүзгіден өткізіп отырды. Мысалы,
елде ресми түрде тыйым салынбағанмен, Қазақстанның Сыртқы Істер министрлігінің компания-
дистрибуторларды «жауапкершілік танытуға» жəне «Борат: Қазақстанның даңқты ұлтының
пайдасына Американы мəдени зерттеу» атты «қорлайтын кинофильмді» елде көрсетпеуге
шақырған ескертуінде айтылып өтті.
192
Бұл фильмді цензураға (бақылауға) алу туралы ресми
ұйғарымның жоқтығына қарамастан, Шин мырзаның жорамалы бойынша, бұл жағдайда кабельдік
операторлардың өзіндік цензурасы немесе фильмді қайталап көрсетуге авторлық құқықтың
болмауы орын алған. Нақ осы өзіндік цензура операторларды өз пакеттеріне белгілі бір арналарды
енгізуден бас тартуға мəжбүр етеді. «Бірақ авторлық құқық мəселесі көбінесе бағдарламалық
пакеттен тұтас арналарды немесе бағдарламаларды алып тастауға əкеліп соқтырады», – дейді
Шин мырза.
193
«БАҚ туралы» жəне «Жарнама туралы» ҚР Заңдары
194,195
шетелдік телеарналардағы жарнамалық
хабарламалардың мазмұнына (мысалы, ішімдік, темекі жəне тағы басқаларының теледидарда
жарнамаланылуына) шектеулер қояды, бірақ, Шин мырзаның айтуынша, олардың сақталуын
қадағалап отыру қиын. Егер келісім-шартта рұқсат етілсе, кабельдік операторлар жергілікті
189 Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы Антон Шинмен сұхбат, Алматы қ.,
2013 жылғы қаңтардың 4-і.
190 «Қазақстан ҰТҚ-ы» атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы қарашаның 8-і.
191 Tengrinews.kz,
«Депутат мемлекетті кабельдік арналарды бақылауға алуға үндейді», 2010 жылғы қарашаның 12-сі, http:///ten-
grinews.kz/kazakhstan_news/68815/ (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 7-сі).
192 Gazeta.ru, «Көшпенді» – Бораттың жауы», http://www.gazeta.ru/culture/2006/0925/kz_857491.shtml?kz857491 (қолжетімді күн:
2012 жылғы қазанның 19-ы).
193 Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы Антон Шинмен сұхбат, Алматы қ.,
2013 жылғы қаңтардың 4-і.
194 Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 23-індегі № 451-1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы (2012
жылғы қазанның 7-індегі өзгертулермен жəне толықтырулармен). Ары қарай – «Бақ туралы» ҚР Заңы. http://www.online.zakon.
kz/Document/?doc_id=1013966 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
195 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы желтоқсанның 19-ындағы № 508-II «Жарнама туралы» Заңы, http://www.online.zakon.
kz/Document/?doc_id=1045608 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
Достарыңызбен бөлісу: |