Country report цифрлық медиалар картасы


 7 « А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет30/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54

6 7
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
бір-екі, көп дегенде, үш дереккөзді тексеруіміз қажет болатын, ал бүгінде дереккөздер 
анағұрлым көп».
136
Ж.Прашкевич    журналистің  этикасы  мен  біліктілігіне  қатысты  тағы  бір  көкейтесті  мəселені 
атап  көрсетті – ол  өз  материалдарында  пайдалану  үшін  мəтінді  басқа  дереккөздерден  көшіріп 
алу (ағылшынша – copy-paste). Онлайн-технологиялар осы үдерісті тым оңай етеді. Көбінесе бұл 
журналистерден əртүрлі тақырыптардағы ақпараттың үлкен көлемін қысқа мерзім ішінде жинау 
талап  етілген  жағдайда  орын  алады.  Алайда  Прашкевич  ханымның  ойынша,  бұл – уақытша 
қиындық:
«Тұтынушылар көшіріліп алынған материалдарға əбден «тойып болғанда», оның басқа 
бір нəрсеге көңілі ауады. Меншік иелері редакторлардан өңделген құрғақ материалдарды 
емес,  түпнұсқалық  материалдарды  дайындауды  талап  ететін  болады.  Интернет-
журналистика SEO-технологияларды  (ағылшынша – search engine optimization), яғни 
іздестіру жүйелерін оңтайландыру технологияларын ескермей тұра алмайды. Іздестіру 
жүйесі  сайтта  көшіріп  алынған  материалдарды  тапқан  кезде,  оларды  ол  іздестіру 
нəтижелерінің  соңына  орналастырады.  Түпнұсқалық  материалдар  есебінен  іздестіру 
жүйесі  сайттың  рейтингін  дереу  көтереді.  БАҚ-тардың    «өңдеуінен»  құтылу  қиын, 
бірақ  бұл  оларға  жетістік  əкелмейді.  Ақпарат  өнімінің  сапасын  көтеру  үшін,  жұмыс 
істеу тəсілдерін қайта қарау қажеттігі туды».
137
Сарапшылар,  сөз  жоқ,  мағлұмдалып  отырған  этикалық  нормалар  мен  журналистер  ұстанатын 
этикалық  нормалар  арасында  елеулі  айырмашылық  бар  екенімен    келісетіндіктерін  білдірді. 
БАҚ-тардың меншік иелері материалдардың дайындалуы барысында өздерінің мүдделері есепке 
алынуын  қадағалап  отырады.  Сөйтіп,  олардың  жеке  немесе  кəсіби  мүдделерінің  пайдасына 
жүретін ақпарат жарық көреді де, ал оларға қарсылар шықпайды (егжей-тегжейлірек 7.3-тармақтан 
оқуға  болады).  Сарапшылардың  ешқайсысы  цифрлық  ақпараттық  технологиялардың 
журналистиканы  меншік  иелерінің  мүдделерін  ілгерілету  құралы  дейтін  кең  таралған  пікірді 
өзгертуге қабілетті екеніне сенбейді.
Тағы бір этикалық мəселе – ол  жасырын жарнама орналастыру немесе «тапсырыс»
138
 деп аталатын 
тəжірибе. Кейбір қазақстандық БАҚ-тар тəжірибесінде жаңалықтарда жағымды жағынан көрсете 
айтылуы  немесе  материалдың  өзінің  жариялануы  баспагерге  немесе  БАҚ  иесіне  белгілі  бір 
ақы төлеу арқылы іске асады. Блогтардың пайда болуына байланысты бұл үлгінің қаншалықты 
өзгеретіні  немесе  нарықтағы  жағдайға  бейімделіп  алған  соң  сақталатыны  белгісіз.  Жаңа 
медиаларда редактор тарапынан бақылау мүлдем азайған, бұл  материалдар үшін ақша өндіріп 
136 «Медиа  стандарттар    институты»  қоғамдық  қорының  атқарушы  директоры  К.Жүсіповамен  сұхбат,  Алматы, 2012 жылғы 
қазанның  6-сы.
137 «GOOD» 
жарнама агенттігінің PR-маманы,  Nur.kz-тің редакторы Жанна Прашкевичпен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың 
14-і.
138  Бұл жерде: орыс тіліндегі «заказать» сөзінен алынып, «тапсырысты орналастыру» деген мағынада қолданылып отыр.


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
6 8
алу ықтималдығын төмендетеді.
139
 Блогерлер өздеріне жарнама берушілер өтінішпен келген, тіпті 
əуелі өздерінің жеке беттерінде орналастырған материалдар үшін ақы алған жағдайлар болғанын 
айтады.  Сөйтіп, «тапсырыстарды»  онлайн-ортаға  енгізу  бойынша  іс-қадамдар  қолға  алынып 
жатыр (кеңірек 7.3.1-тармақтан  біле аласыз). 
 
4.2.  Журналистік зерттеу
Сарапшылар  журналистік  зерттеудің,  –  сөздің  Батыста  қолданылатын  мағынасында, – 
қазақстандық  БАҚ-тарда  жүргізілмейтінімен  келіседі. «Журналистік  зерттеу  жанрының 
Қазақстанда  күні  біткен  деуге  болады, – деп  мəлімдеді  Медникова  ханым. – Осы  жанрға 
мамандандырылған жəне тұрақты түрде  журналистік зерттеулерді жариялап отыратын ресурстар 
жоқ».
140
Вадим Борейконың пікірінше, бүкіл елде нағыз журналистік зерттеулермен айналысатын жалғыз 
журналист  – Геннадий Бендицкий. Ол сұхбат берілген кезде Борейко мырзамен бірге «Время» 
газетінде  жұмыс  істеген.  Бүгінде  Г.Бендицкий «31-арнада» «Час  Бендицкого»  деп  аталатын 
журналистік  зерттеулердің  апта  сайынғы  телевизиялық  шоуын  жүргізеді.
141
  «Свобода  слова» 
жəне «Голос республики» газеттері  зерттеулер жүргізеді, бірақ олар, В.Борейконың пікірінше, 
сенім  тудырмайды. «Бұлардың  материалдары  əлдебір  жасырын  атпен  келетін  хаттарға  немесе 
тіпті электрондық хаттарға негізделеді. Ондай материалдар  жай ғана сыбыстар немесе сенімсіз 
фактілер болуы мүмкін, ал  олар үшін – жариялауға жеткілікті негіздеме».
142
Əдетте, жетекші БАҚ-тар журналистік зерттеулерді жарияламайды. Үкіметтік бақылауды жəне  
ықпалы  зор  меншік  иелерінің  мүдделерін  ескеріп,  басылымдар  қиындықтары  көп  мəселелерді 
сирек  зерттейді    Егер  басылым  зерттеуге  бел  шешсе,  онда  белгілі  бір  қысымға  ұшырайды. 
Журналистердің бірі құпиялылықты сақтау шартымен төмендегіні айтты:
«Үкіметтік  телеарнада  жұмыс  істеген  кезде,  өзімнің  бағдарламамда  мен  əлеуметтік 
мəселелерді  баяндайтынмын.  Əділдік,  шынайылық  мақсатында  мен  ақпаратты  қарсы 
тараптан алмақ едім, бірақ қиындыққа тап болдым: материалыма тəуелсіз түсіндірмелер 
мен  қарсы  пікірлер  қосқаным  меншік  иесіне  ұнамады. «Бұлай  істеуіңізге  болмайды», – 
деп ашық айтудын орнына, менің басқа топтардың жарнамасы мен PR-ын жасағаным 
айтылды, бірақ іс жүзінде олай емес еді. Біз шын мəнінде үкіметтің мүдделерін ғана алға 
ілгерілетуге тиіс болдық».
139 «BizMedia» Іскерлік  журналистика  орталығы»  қоғамдық  қорының  президенті  Т.Асқаровпен  сұхбат,  Алматы, 2011 жылғы 
наурыздың 25-і.
140 «Қазақстанның  жастарға  арналған  ақпарат  қызметі»  қоғамдық  қорының  бас  директоры  Ирина  Медниковамен  электрондық 
пошта арқылы сұхбат, 2011 жылғы наурыздың 13-і.
141 «Время»  газеті  редакторының  бұрынғы  орынбасары,  қазір «Forbes Kazakhstan» порталының  редакторы  Вадим  Борейкомен 
сұхбат, Алматы қ., 2011 жылғы наурыздың 9-ы.
142  Бұл да сонда.


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау