7 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
алаңдаушылығын тудыратын əлеуметтік азшылықтардың бірқатар мəселелері жария етілді.
157
Атап айтқанда, бұл – елдің жалпы саяси көрінісінде əлеуметтік азшылықтар өкілеттіктерінің
төмен болуы, тіл саясатына тірелетін мəселелердегі қиыншылық, діни азшылықтарға, əсіресе
дəстүрлі емес (мысалы, «Ехоба куəгерлері» сияқты) діндерге қысым көрсету, жекелеген этностық
топтарды қабылдаудағы таптаурындық жəне этносаралық зорлық-зомбылық оқиғаларының орын
алуы іспетті мəселелер.
ЛГБТ* жəне олардың қоғамдастықтарына қатысты төзімділікті қоғам қабыл алмайды деуге
болады. Тəуелсіздік алғаннан кейін көп кешікпей-ақ гомосексуализм қылмыстық іс санатынан
шығарылғанмен, ЛГБТ-қоғамдастықтарының мəселелері туралы БАҚ-тарда сирек жазылады.
Дəстүрлі қазақ мəдениеті еркектердің үстемдігіне негізделген. Көбінесе оның себебі исламның
баяғыдан бергі бұлжымас қағидаларына негізделген діни дəстүрлерде жатыр. Одан өзге, кеңес
заманынан қалған мирас та күшін жойған жоқ (КСРО-да гомосексуализмге тыйым салынған,
ал гомосексуалистер қатты қуғын-сүргінге ұшырайтын). Нəтижесінде, гомосексуализм іштей
шеттетіледі, ал сырттай көбінесе еленбейді. Бұл азды-көпті бірдей дəрежеде биліктің барлық
деңгейлеріне, жалпы қоғамға жəне БАҚ-тарға, сондай-ақ басқа да əлеуметтік сəйкестік
бағыттарына тəн көрінеді. ЛГБТ мəселелеріне төзімділікті көтеру бойынша бірізді сабақтас күш-
жігер жұмсау шаралары аз қабылданады.
4.3.2. «Өткір» мəселелердің БАҚ-тарда көрініс табуы
«Өткір» тақырыптарды жариялауда цензура қолданылмағанмен, үкімет реті келгенде БАҚ-
тарға ұсыныстар береді, нəтижесінде, БАҚ-та өзіндік цензураның дамуына ықпал етеді. Сөйтіп,
БАҚ-тар əлеуметтік мəселелердің ұлтаралық сипатына баса назар аудармауға, оларды жай ғана
тұрмыстық қақтығыстар деп жариялауға тырысады.
БҰҰ есеп-қисабының деректері бойынша, «БАҚ-тарда этносаралық қақтығыстарды жариялауға
үкімет тарапынан шектеу қою жағдайлары орын алғаны туралы хабарланады. Биліктегілердің
қолымен жасалып отырған этносаралық үйлесімдік бейнесіне залал келтірмеу үшін, үкімет
этносаралық шиеленіс деңгейін жасыру саяясатын қолданатынын азаматтық қоғам өкілдері
растап отыр.
158
Сонымен қатар есептемеде кейде БАҚ-тардың өздерінің этносаралық шиеленістің
күшеюіне себеп болатыны айтылған: «Ұлтаралық үйлесімдіктің сақталуын қамтамасыз ету үшін,
сырт көзге көрінбейтін, «алға бір қадам да жылжымай жатқан» мəселелер ашық талқылануға
тиіс. Ұлтшылдықтың озбыр көрінісіне жəне нəсілдік немесе діни жеккөрушілікке азғыруға жауап
ретінде БАҚ-тарда да, қай жерде болса да, тиісті шаралар қабылдануы керек».
159
157 БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарының кеңсесі (OHCHR), Тəуелсіз сарапшының азшылықтар мəселелері
бойынша баяндамасы, Қазақстанға миссия, http://www.ohchr.org/EN/countries/ENACARegion/Pages/KZIndex.aspx (қолжетімді
күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і) (ары қарай – OHCHR, «Азшылықтар мəселелері бойынша баяндама», Қазақстанға миссия).
*
ЛГБТ – лесбиянкалар, гомосексуалистер, бисексуалдар, трансексуалдардың қысқарған атауы.
158 OHCHR,
«Азшылықтар мəселелері бойынша баяндама», Қазақстанға миссия, 18-бет.
159 OHCHR,
«Азшылықтар мəселелері бойынша баяндама», Қазақстанға миссия, 21-22-беттер.
Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
7 4
БАҚ-тың этносаралық мəселелерді жариялауына үкіметтің араласуына заң жүзінде мынадай:
мемлекеттің тұтастығын бұзуға əрекет жасау, экстремизмді насихаттау, ұлтаралық, əлеуметтік
жəне басқадай өшпенділік отын тұтату, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру жағдайларында
рұқсат етілген. Сонымен қатар келелі мəселелер көтеретін материалдардың жариялануына
тосқауыл қоятын басқа да заңдар мен əдістер қолданылады.
160
Бұл нормалар сын тұрғысындағы
материалдар интернетте де (Posit.kz), теледидарда («АРТ ТВ», Қарағанды) да шығып тұратын
БАҚ-тарды тыю үшін көп рет пайдаланылған. Екі жағдайда да ақпараттық дау-дамай тақырыбына
айналған контентті журналистер емес, пайдаланушылардың өздері тудырған-ды.
Жалпы айтқанда, қазақстандық БАҚ-тар этностық топтарға қатысты келісім мен төзімділіктің
ресми саясатын ұстанады. Қазақстанда қандай да бір этностық топқа қатысты айқын тысқары
пікір немесе қате түсінік жоқ. Алматы мен Павлодар секілді кейбір қалаларда бұрын орыс
жұртшылығы басым болатын, ал қазір тұрғындардың көпшілігін қазақтар құрайды. БАҚ-тар, өз
кезегінде, этностық жəне мəдени өзіндік сəйкестіктің жағымды, оң қырларын баяндап отырады.
Этностар арасындағы шиеленіс көбінесе тұлғалар арасында жасырын (байқалмайтын) деңгейде
көрініс береді. «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының 2011 жылы жариялаған
есептемесінде мемлекеттің ықпал етуімен əлеуметтік азшылықтардың мəселелерін жариялауда
БАҚ-тардың шектеліп отырғаны айтылады.
161
Зерттеу барысында анықталғандай, азшылықтар
өкілдерінің, БАҚ-тардың жəне азаматтық қоғамның пікірлері бойынша, азшылықтар мəселелерін
БАҚ-тар «бейтарап» (сауалға жауап бергендердің 55%-і) жариялайды; респонденттердің 20%-і
жарияланымдарды – «оң», 25%-і «теріс» деп бағалайды.
4.3.3. Қоғамдық пікірді білдіру
Cоңғы үрдістер БАҚ-тардың цифрландырылуы əлеуметтік азшылықтардың қоғамдық үнін білдіру
кеңістігін елеулі түрде кеңейтуге қабілетсіз екенін дəлелдейді. Орыс тілінде хабар тарату шептері
əлі де мығым болып отырғанмен, қазақ тілінде хабар тарату мемлекеттің қуатты қолдауымен
қарқынды түрде дамып келеді.
Алайда БҰҰ-ның деректері бойынша этностық азшылықтардың тілдерінде хабар тарату
айтарлықтай қысқарып кеткен. БҰҰ баяндамасында айтылғандай, 1998 жылы қазақстандық
мемлекеттік телеарналар аптасына үш сағат ұйғыр тілінде хабар таратса, ал 2010 жылы бұл
көрсеткіш 15 минутқа дейін қысқартылған.
162
Ал сол уақытта православиелік ресейлік жəне
жергілікті исламдық телеарналар кабельдік желілерде хабарларын еркін таратып жатқанда, басқа
діни азшылықтардың эфирге шығатын мүмкіндігі жоқ.
160 БАҚ-қа халықаралық қолдау, «Қазақстан мен Қырғызстанның мысалдары: Орталық Азиядағы саяси экстремизм, терроризм
жəне медиа», «Əділ сөз» ҚҚ-мен ынтымақтастықта (Алматы қ., Қазақстан) жəне «Журналистер» Ашық қоғамы (Бишкек қ.,
Қырғызстан), Копенгаген қ., 2008 жылғы тамыз, 17-бет. http://www.is.dk/fi les/publications/1353%20CentralAsia%20GB/veb.pdf
(қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
161 «MediaNet»,
«Қазақстан Республикасында азшылықтардың жағдайын жариялаудағы БАҚ-тардың үндестілігі», Алматы, 2011 ж.,
http://www.mediaalliance.kz/70 (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
162 OHCHR,
«Азшылықтар мəселелері бойынша баяндама», Қазақстанға миссия.
Достарыңызбен бөлісу: |