Keywords:
аzerbaijani language, lingvonym, ethnonym, toponym
МРНТИ 16.21.43
А.М. Есенбаева
1
1
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркістан қ., Қазақстан
СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Аңдатпа
Мақалада сұраулы сөйлемдердің жалпы прагматикалық ерекшеліктері қарастырылған. Сөйлеуші субъект
пен адресаттың ара қатынасынан туындайтын іс-әрекет коммуникацияда прагматикалық салмаққа ие. Әр түрлі
зерттеушілердің сұраулы сөйлемдерді түрлі аспекттерде қарастырылғаны келтірілген. Сонымен қатар, сұраулы
сөйлемдердің функциясы тек сұрақ, сол сұраққа жауап алу ғана емес, тек ақпаратты алу емес, бір заттың,
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
46
құбылыстың мәнін, белгісін, оқиғаға қатысты өз ойын білдіруі туралы ғалымдардың ой-тұжырымдамалары
берілген. Мұнда сұрақтың прагматикалық түрін емес, сұраулы айтылымның қатысымдық жағдайда сұраулы
сөйлемдер арқылы бағалау, сендіру, қарсылық білдіру, бұйыру сияқты сөйлесу мақсатының бірнеше түрлері
беріліп отыр. Сондықтан сұраулы сөйлемдерді мағынасына, сондай-ақ тілдік қарым-қатынаста атқаратын
қызметіне, алдына қойған мақсатына және мағынасына қарай түрлі жіктемелерге бөлген.
Түйін сөздер:
прагматика, сұраулы сөйлем, адресант, адресат, коммуникация
Қазіргі прагматикалық зерттеу жұмыстарында сұраулы сөйлемдердің прагматикалық негізіне:
сұраулы сөйлемдер тек қарым-қатынас құралы ғана болмай, сонымен қатар сол тілде сөйлесіп жүрген
айтушының ішкі сезімдері мен тілектерін көрсететін, білдіретін құрал ретінде қарастырылуда.
Мұндай антроцентристік көзқарас қатысымдық бірліктерін оның құрылымымен бір жүйеге
біріктіруге, сана мен тілдік қатынастың өзара берік байланысын көрсетуге, сұраулы сөйлемдердің
даму табиғаты мен олардың тілдік қарым-қатынастағы қосымша сипатын ашуға мүмкіндік береді.
М.Ж. Алтынбек «Коммуникативтік құзыреттілікті дамытудың әдіснамалық негізі» атты мақаласында
ғалым Ф.Ш. Оразбаеваның сөйлесім, оның ішінде «тілдесім» әрекетіне сипаттама бере отырып,
тілдесім – ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын, қоғамдық-
әлеуметтік өмірде қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде түсінуі және оған жауап
қайтару маңыздылығына тоқталған [1, 8]. Яғни, тілдік қатынаста, тілдесімде сұраулы сөйлем
эмоционалды-экспрессивті функцияға ие.
Тілдік қатысым тек қоғам барда ғана өмір сүргендіктен, қазір қоғамда тілдің әлеуметтік қыры,
тілді қолданушының танымдық, мәдениеттік қырларын зерттеу басымдық алуда. Тіл тек бірінші
адамның екінші адамға жалаң ақпараттарды жеткізуші емес, бірінші адамның екінші адамға айтайын
деген мақсаты, тілегі, ойы. Бірінші адамның өтініші мен тілегі сол сөйлемдерде көрініс тауып, жүзеге
асады. А.Байтұрсынов сөйлеу актісінде: «бірінші жақ айтушы, екінші жақ тыңдаушы, үшінші жақ
бөгделік», – деп көрсеткені белгілі, мұндағы бірінші жағы – адресант, екінші жағы – адресат, үшінші
адамның ойы, пікірі, оның сөйлемдерді айтудағы негізгі тілегі, қалауы жатады [2, 274]. Демек қазір
тілдің тек символдық жағын ғана емес, оның әлеуметтік-психологиялық жақтарын, тілді әлеуметтің
қарым-қатынас құралы ретінде қарастыру етек алды. Кез-келген адамның ойы оның ішкі тілегі,
қалауы арқылы көрініс табатыны белгілі. Ғалымдардың көрсетуі бойынша қатысымның жүзеге
асуының өзі адамның ішкі мақсаты тілегіне байланысты. Кез-келген тілдік қатынаста сөйлеушінің
қалауы, тілегі ескерілмесе, онда сөйлеушінің ішкі қажеттіліктері орындалмайды. Ол алдына қойған
қатысымдық мақсаттты толығымен жүзеге асыра алмайды. Сұраулы сөйлемдер тілдік қатынасты
болдырудың түрткісі, оны итермелеуші элементі болып табылады. Демек, тілдік қатынаста
сөйлемдер жүйесіз құрылмай, айтушының қалауы мен тілегіне сай жүзеге асқан сөз актілері ғана
сәтті болып, өзінің коммуникативтік мақсатын орындайды. Сондықтан тілдік қатысымда адресанттың
қызығушылығы мен ақпаратты алуы бірінші орынға шығады. «Себебі сөздің коммуникативтік сапасы
туралы айтылғанда басты мәселе мәтінмен шектелмейді, ең негізгісі адресат факторы басты назарда
болады. Коммуникативтік “уақиға” фреймі – автор, сөз актісі – адресат және сөз жағдаяты деген
құрылымдардан тұрады. Мұнда “диалог” концепциясы бойынша адресат позициясы басымдылыққа
ие болады» [3, 8]. Яғни, тілдік қатынастың жүзеге асуына бірінші сұрақ болуы керек, ал жауап
сөйлеушінің қатысымдық мүддесіне, оның қатысым барысында алға қойған мақсатына байланысты
беріледі. Қазіргі ғылымда сұраулы сөйлемдердің тілдік қатынастың басты компоненті және оны іске
асырудағы негізгі тірегі тұрғысында пікірлер қалыптасқан. Бүгінгі күні сұраулы сөйлемдердің
сұраулы сөйлемге сұрауды, жауап алуды мақсат етеді деген анықтама беріліп, жалпы сұрақ, арнайы
сұрақ, альтернатив сұрақ деп мағыналық түрлерге бөледі. Бұлар сұраулы сөйлемдердің негізгі
мақсатында қолданылуы болса, жұмсалым үстінде сұраулы сөйлем арқылы өтініш, бұйрық, бағалау
да беріліп жатады. Себебі, шекарасы тереңдеп қарастырылмайды. Біздің пайымдауымызша, сұрақ пен
сұраулы сөйлемдердің арасын ашып, сұраулы сөйлемге берілетін анықтаманың мазмұнын кеңейткен
дұрыс. Сұраулы сөйлем қолданыспен, қарым-қатынаспен байланысты сөйлеу бірлігі болса, оның
жұмсалымдағы түрлерін толық қамтитын анықтаманың болуы қажет.
А.Байтұрсыновұлының пікірінше: «Сұраулы сөйлем дегеніміз – жауап сұрағанда айтылатын
сөйлем болып табылады» [2, 274].
Ғалымның сұраулы сөйлемдер жауап беруге итермелеуші, екінші адамды сөйлеуге мәжбүрлеуші
деп айтқан көзқарасы кейінгі кезеңде кеңейтіліп айтылып жүр. А.Т. Дыртый «вопрос – это
высказывание, имеющее целью побудить слушающего, сообщить говорящему нечто, требующее
выяснения» [4, 392]. Вопрос – это высказывание, имеющее целью побудить слушающего сообщить
|