Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
34
келіп йаңа елтді? “Жарақтылар қайдан келіп тозғындатты?”
Осындағы “өңден” сөзі шығыс тұлғалы екендігі, мекендік мәнде қолданылғандығы айқын. Шығыс
септік жалғауының этимологиясы да зерттеушілер назарынан тыс қалмаған. Олардың кейбіреулері
шығыс септік жалғауының алғашқы бөлігі жатыс септігінің жалғауы деп қарайды.
Б.А. Серебрянников соңғы –н элементі құралдық мәнді емес белгілі бір орыннан басқа жаққа
жұмсалған қимылдың бағытын, білдіретін қосымша деп есептейді. Қазіргі шығыс септігінің
мағынасын ескере отырып, М. Томанов ғалымның бұл пікірінің шындыққа жанасатындығын айтады.
Сөйтіп -дан құрамы тарихи тұрғыдан былайша түсіндіреді «-да істің статикалық (қозғалыссыз)
мекенін білдіреді де, -н істің бағытын білдіреді. Осы ізбен таман, дейін, шейін, кейін сөздері
құрамындағы –н-ді де бір кезгі сондай қосымша деп қарау керек» [2, 163].
Тіл тарихына арналған еңбектерде шығыс септігінің мынадай мағыналары бары көрсетіледі:
-
Әрекеттің себебін білдіреді. Мысалы: Ер ышдаын қорқуды. “Ер істен қорықты”.
-
Іс-әрекеттің болатын, болған уақытын білдіреді. Мысалы: Соң расында таш білен ташлап өр
дүрдүрлер.
-
Кейде шығыс жалғаулы сөздер – іс-әрекеттің пассив субъектісін де білдіреді. Мысалы: Бурун
айтылы пайғамбардан.
-
Заттың, әрекеттің сараланғанын, салыстырмалы сынын да білдіреді.
Мысалы: Барчадан күчлу, барчадан татлы.
- Заттың тегін, негізін білдіру үшін де қолданылады. Бұл әсіресе фольклорлық шығармаларда жиі
кездеседі. Шығыс септігінің бұл мәні соңғы кездерде ғана қалыптасқандығы туралы да айтылады.
Сондай-ақ көне ескерткіштердің тілінде шығыс септігі табыс және жатыс септіктерінің орнына
қолданылған. Әсіресе шығыс септігінің жатыс септігімен мәндес жұмсалуы өте актив болған. Бұл
мәндестік, сірә, осы екі жалғаудың генезистік бірлігіне байланысты болса керек. «Қазіргі тілімізде де
кейде жатыс пен шығыс жалғауларының арасында айқын семантикалық жік байқала бермейтінін,
соның өзі бір кездегі формалық ұяластықтың салдары болса керек» дейді М.Томанов [2, 165].
Шындығында да, жатыс септігі мен шығыс септігі арасындағы осындай ұқсастықтардың
нәтижесінде болса керек, олардың мағыналарын бір-бірінен ажыратуда көптеген қиыншылықтарға
кездесіп жатамыз. Себебі жатыс септігі өзінің табиғатында аты айтып тұрғандай мекендік, орын
мәнінде жұмсалып, көп жағдайда пысықтауыш қызметінде келеді. Шығыс септігі де пысықтауыштың
қызметінде келеді. Жанама толықтауыш болған кезде шығыс септікті сөз кімнен? неден? немесе
кімдерден? нелерден? деген сұрақтарға жауап беріп, іс-әрекеттің объектілік қырын толықтырып
тұрады. Әйтсе де, шығыс септігі негізінен мекенді білдіреді. С.Аманжоловтың пікірінше оның түбірі
жатыс септігімен бір. Ол сөздің мағынасына қарай “қашан?”, “қашаннан?” деген сұрауларға жауап
береді; қалай, қайтіп... сұрауларына да жауап береді. Сондықтан мұның мағынасы көп дейді.
П.М. Мелиоранский шығыс септіктің мынадай жағдайларда қолданылатынын көрсетеді:
- бір затқа қатысты әрекеттің қай қырынан болып жатқанын көрсетеді: алаштан асқан батыр,
көктен түсіп келген тұлпар;
- іс-әрекеттің басталу қайнар көзін білдіреді: Петербургтан шыққаныма үш ай болды.
- етістіктің басқару қабілеті осы септік арқылы жүзеге асады: айырылу, құтылу, сақтау, болу, құр
қалу, құтқару етістіктерімен. Мысалы: Ата-шешесінен айырған. Қалмақ халқынан бірнеше жүз
отбасы бөлінді. Сені құдай сақтасын аурудан!
- (іс-әрекеттің) қашу, жасырыну, ұялу, қорқу, жиіркену, сескену секілді етістіктермен келетін
деректі, дерексіз сөздер шығыс септігінде келеді: одан қаштым, аюдан қорыққан орманға бармас т.б.
- алу, тартып алу, сатып алу, сұрау секілді адамға қатысты етістіктермен келетін жанды зат
есімдер шығыс септіктен жасалады: досыңнан сұра т.б.
- бүтіннің бір бөлшегі болса, бүтінге шығыс септігі жалғанады: Балықтан ас пісіріп қойғыздым.
- бір нәрсенің неден жасалған материалы шығыс септігінде тұрады: тастан қалады т.б.
- белгілі бір затпен байланысқа немесе қатынасқа түсетін затты білдіреді: Жағасынан ұстап алып
ұрды жерге.
Ғалым соңғысының өз ішінде 5 түрі бар екенін айтады [Мелиоранский].
Қазіргі қазақ тіл білімінде шығыс септігінің мынадай мағыналары белгілі:
1.
Орынды, мекенді, маңайды көрсетеді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: