Сабақтың түрі: ашық сабақ Әдіс тәсілі: сұрақ -жауап, топтық жұмыс, «Ойтүрткі», «Миға шабуыл» Сабақ барысы



жүктеу 204,5 Kb.
Дата11.01.2020
өлшемі204,5 Kb.
#26285
түріСабақ



Сураган Айша Сураганқызы,

Қарағанды қаласы,

Әлихан Бөкейхан атындағы

№76 «ЖББОМ» КММ

бастауыш сынып мұғалімі


Тұрлаусыз мүшелер
Мақсаты: Тұрлаусыз мүшелердің өзіндік белгілері мен анықтамасы туралы оқушылардың алған білімдерін толықтыру. Сөйлем мүшелерінің тұрлаулы, тұрлаусыз болып бөлінетінін айыра білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Әдіс тәсілі:сұрақ –жауап, топтық жұмыс, «Ойтүрткі», «Миға шабуыл»

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ Сыныптың ұраны!

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз –білім алу,

Міндетіміз-еңбектену

Еңбектену арқылы

5-ке қолды жеткізу!

Сабақтың негізгі сатылары:

І.Қызығушылықты ояту.

ІІ.Мағынаны тану.

ІІІ. Ой толғаныс.

І. Қызығушылықты ояту:

Топтарға ат қоймас бұрын,әр топтан бір оқушыдан шығып, сөйлем мүшелеріне» байланысты жаттаған өлең шумақтарын оқысын.

Бастауыш:

Мен – бастауышпын,

Жолды бастар серкемін.

Сөзді бастар еркемін.

Бастауышпен басталар

Бүгінім мен ертеңім.

Сұрағым менің:

- Кім? Не?



Баяндауыш:Мен-баяндауышпын,

Сөйлемнің соңында жүрем,

Бәріңнің сырыңды білем.

Бастауыштың қимылын білдіріп,

Не істеді?Қайтті?-деген

Сұрақтар қоям кілең!



Толықтауыш:Мен-толықтауышпын

Құлағымды түріп кең,

Атау менен іліктен

Басқа жерде жүріп тең.

Толықтарам барлығын.

Септіктерге сеп болып

Аялаймын таң нұрын!



Пысықтауыш:Мен-пысықтауышпын,

Мезгіл мекен мекенін,

Амалы мен себебін

Мөлшері мен мақсатын...

Білгім келіп тұрады.

Қимылдарды сынаймын.

Барлығыңа ұнаймын!

Қалай? Қайтіп ? Қашан? –деп

Жағдайыңды сұраймын!

Анықтауыш:Мен-пысықтауышпын

Анықтайтын жай қандай?

Сын-сапасын жайғандай.

Білгің келсе түсінді,

Сұрақ қоям;

-Қандай? қай?



Топқа бөлу.

І топ «Бастауыш»

ІІ топ «баяндауыш»

ІІІ топ «Толықтауыш»

ІV топ «Анықтауыш»

V топ «Пысықтауыш»


І. Ой қозғау. Балалар кәне мына сөздерге сұрақтар қояйықшы.

Анар. Жазды. Әдемі. Дәптерге. Үстелде. (кім? не істеді? қалай? неге? қайда?)



Мұғалім сөзі: жақсы балалар, олай болса, осы сұрақтарға байланысты кім тақпақ біледі. Кәне, кім айтады?

V. Үйге берілген тапсырма. 4-жаттығу.

Мектепте шахматтан жарыс болды.Жарысқа Нұрбол қатысты.Жарыста Нұрбол қарсыластарын жеңіп,жарыстың жүлдесін иеленді.Сөйтіп, Нұрбол жарыстан сыйлықпен оралды.

Сөз құрамы дегеніміз не? Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз. Түбір 2-ге бөлінеді.

ІІ. Топтастыу стратегиясы. Тест

  1. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

  • А) 2 В) 4 С) 3

  • 2. Бастауыштың сұрақтарын көрсет.

  • А) қандай? В) кім? С) неше?

  • 3. Баяндауыштың сұрақтарын көрсет.

  • А) не істеді? В) не? С) қандай?

  • 4. Тұрлаусыз мүшенің сұрағын көрсет.

  • А)кім? В) не істеді? С) кімнің?

  • 5. Тасбақамен деген сөзге қандай сұрақ қоямыз?

  • А) кіммен? В) не? С) нешінші?


Дұрыс жауаптар

1. (А)

2. (В)

3. (А)

4. (С)

5. (А) Тестті бағалау

5” – жауапқа “5

4” – жауапқа “4”

3” – жауапқа “3”

2” – жауапқа “2”

ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ.

ІІІ. Болжау стратегиясы: Балалар, қазір қай жыл мезгілі? (күз).

Күзде қандай өзгерістер болады? (балалар жаңбыр жауады).

Олай болса мына жаңбыр тамшыларын жинақтауға кім көмектеседі? Жаңбыр тамшыларын жинақтау. Қайда? Кім? Не? Сұрақтарына сөздерді жинақтау. Балалар, сендер жаңа сөз жинақтағанда не байқадыңдар?

Мұғалім сөзі:(қазақ хандығына биыл бес жүз елу жыл толып отыр).

Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс. Балалар, осы жаңбыр тамшылары қай сұраққа көп жиналды? (қайда сұрағына)

Дұрыс балалар, олай болса, 1-жаттығуда да сондай сөздерді тауып, кластерге түсірейік.ауылда, жоғарыда, артта, мектепте, тау басында)



ІV.Сұрақ-жауап әдісі немесе «Галлерея әдісі».

Олай болса, біз мына жапалақтың тапсырмасын орындайықшы, оған көмектесейік.Әр топ бір жапырақтан алып, тапсырмаларды орындайды. (2-жаттығу Сөйлемде қандай өзгеріс болды?)

І топ Далада қайың өсіп тұр.

ІІ топ Оның көп бұтақтары бар.

ІІІ топ Желде жапырақтар сыбдырлайды.

ІV топ Көктемде құстар ұшып келеді.

V топ Олар ағашқа ұя жасайды.

Ұядан балапандар ұшып шығады. (барлығы орындайды)



V. Сергіту сәті. (музыкамен)

Айбыны асқан,

Мерейі тасқан

Ертеңіміз Отанның гүл жайнаған.

Жаралған ар-намыстан,

Қырандай самғап ұшқан

Жас ұланбыз келешек күнді ойлаған.

VІ. «Кубизм» стратегиясы (3- жаттығу)

Бірінші хормен оқыту. Кубик арқылы қарлығаштың тапсырмасы әр топқа беріледі. Оқушылар сол өлең жолдарынан тұрлаусыз мүшелерді анықтайды. 1. хормен оқу.

2. Кубик арқылы орындау.



1.топ. Құмартамын кітапқа

2.топ. Өлең – жырды жаттаймын.

3.топ. Қонып тұрған бұтаққа

4.топ. Торғайларды атпаймын.

5.топ. Табиғатты жамандықтан сақтаймын.

VІІ. Тақтамен жұмыс: 4-жаттығуды әр топтан бір оқушыдан тақтаға жазғызу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Ол сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Назым мен Әсем бір сыныпта оқиды. Екеуі үнемі бірге жүреді. Сыныпта бір партада отырады. Ешқашан ренжітпейді. Сабақты екеуі де жақсы оқиды. Оларға оқушылар қызыға қарайды. (қай сөзбен байланысып тұр)



ІІІ. Ой толғаныс. Иә, балалар бізге берілген барлық тапсырмалардың бәрін орындадыңдар. Балалар, олай болса мына тиін да біз сияқты қысқа дайындалып, жаңғақ жинап жатыр екен, кәне көмектесейікші.

  1. VІІІ. Еркін жазу стратегиясы: «Ойлан, тап». Тиінге жаңғақ жинауға көмектес. Өздеріңнің қаншалықты тұрлаусыз мүшенің сұрақтарын білетіндеріңді көрелік. Кәне, қай топтан, кім шығады?

  2. Шағын топтарға тапсырмалар.

  3. 1.топ.

  4. 2.топ.

  5. 3.топ.

  6. 4.топ.

  7. 5 топ.

ІХ. Венн диаграммасы.

Қорыта келе, тұрлаусыз мүшелер жеке тұрғанда сөйлем жасай алмайды, тек сөйлем жасауға көмектеседі. Тұрлаусыз мүшелер толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш болып бөлінеді.


Х Бағалау.

Смайликтер арқылы бағалау

Орындарын тұрып, келген қонақтарды құрметтеу.

ХІ. Рефлексия.

Оқушылар стикер қағазына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтаға іледі.



ХІІ. Үйге тапсырма.

5- жаттығу. 82 бет
жүктеу 204,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау