Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


ТІЛДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЫ МЕН



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет289/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   361
file20200121044531 (1)

 
ТІЛДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЫ МЕН 
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
Аңдатпа 
Заман қойып отырған жаңа талаптар икемді жүйе құрып, тілді оқытудың мақсатынан бастап білім 
мазмұнын, оқыту тәсілдерін, қалпын, құралын, түрлі әдістемелік жүйелерді жетілдіруді керек етуде. Бұл үшін 
оқу талабында тілді практикалық тұрғыдан да, құндылықтық және дүниетанымдық тұрғыдан да меңгерту 
жолдарын іздеу және табу маңызды саналып отыр. Мақалада жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілін 
оқыту үдерісінде тұлғаның құндылықтық бағдарын арттыру мен оқушының ақпараттық құзіреттіліктерін өзара 
бірлікте жүргізу мәселелері қарастырылады. Білім алушының тіл туралы дүниетанымын қалыптастыруда 
оқушының мәтіндермен жүргізетін жұмыстардың маңызы көрсетіледі.
Оқушының тілдік сезгірлігін дамыту жұмыстарының мазмұны мен құрылымы тұлғаның құндылықтық 
бағдарын арттырудың әдістемелік аспектілері бойынша талданады. Қазақ тілін теориялық тұрғыдан да, 
практикалық жағынан да қатар меңгертудің мүмкіндіктері ажыратылады. Осы арқылы қазақ тілі сабақтарында 
білім сапасын арттырудың тетіктері жайлы тұжырымдар беріледі. 
Түйін сөздер: 
тұлғаның құндылықтық бағдары, лингвистикалық дүниетаным, ақпараттық құзіреттілік, 
тілдік сезгірлік, қалыптастыру, тілді оқыту әдістемесі 
 
Мектептің қай сатысында болса да, тілді, оның ішінде ана тілін меңгерту тек грамматиканы 
меңгертумен немесе сөйлеу тілін жетілдірумен шектелмейді. Өйткені ана тілі мектептегі оқу пәннің 
бірі ғана емес, тіл дүниені танудың кілті, білім алу дағдыларын: оқылым, тыңдалым, жазылым, 
айтылым, тілдесім секілді сөйлеу әрекетіне қажетті қатысымдық дағдыларды да, сонымен қатар 
оқушының ұлттық болмысын қалыптастырудың, әлеуметтендірудің бірден-бір негізі болып 
саналады. Сондықтан да тілді оқыту үдерісі қиындығымен, көп аспектілігімен және көп 
факторлығымен ерекшеленеді. Әсіресе, ана тілі ретінде меңгертілетін «Қазақ тілі» сабақтарындағы 
оқу үдерісінде тілдік біліммен бірге оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің, жалпы дүниетанымының 
қалыптасуы бір мезгілде өзара сабақтастықта қатар жүріп отырады. Мысалы, оқушы тұлғасының 
құндылықтық бағдарын айқындайтын лингвистикалық дүниетанымды немесе көзқарасты қалып-
тастыру пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген тіл туралы жалпы мағлұматтарды, тілдік құры-
лымдарды, сөйлеу стильдерін меңгерумен іштей үндестікте жүзеге асырылуы тиіс. Оны дамытудың 
негізгі ұстанымы – бағдарлама материалдарында берілген тілдік бірліктерді дүниетанымдық, қаты-
сымдық, қызметтік, мағыналық және қолданымдық тұрғыдан біртұтас меңгерту, оны оқу-танымдық 
мәтіндермен жұмыс барысында бекітіп отыру. 
Алған білімді жаңа жағдайларда қолдану тікелей оқушының тіл туралы көзқарасымен байла-
нысады. Бұл деңгей тұлғаның құндылықтық бағдарының бір көрсеткіші болып саналады. Оқушының 
өзі алған білімін кездейсоқ, тосын жағдайларда қолдана алуы – оның лингвистикалық дүние-
танымының қалыптасқанының маңызды белгісі. Ол баланың тілдің бойында тоғысқан морфоно-
логиялық, семантикалық, құрылымдық, сөзтудырушылық ерекшеліктердіөздігінен аңғаруымен, оны 
дұрыс қолдана алу қабілетімен тығыз байланысты қаралады. Меңгерілген білім оқушының санасында 
әртүрлі формада, оның ішінде тілдік құбылыстың мәнді белгілері мен оны таңдау шартын құрайтын 
ережелер мен анықтамалар түрінде көрінеді. Меңгерілген білім оқушының жаңа материалды игеруіне 
тікелей де, жанама да әсер етуі мүмкін. Сондықтан білімнің ауысу да осы екі формада көрініс табады.
Білімнің тікелей ауысуы – біртектес құбылыстарды қолдану арқылы жүретін үдеріс. Мысалы, 
орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық ережелерді қолдануы; туынды сын есім 
жасау жолдары туралы білімін туынды есімшелерді түсінуде қолдана алуы. Бірақ соның қай-
қайсысында да оқушы өз ана тілінің құрылымдық, мағыналық ерекшелігін тануға үйренеді. Бұл да 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау