Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет271/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   361
file20200121044531 (1)

Түйін сөздер:
әдістемелік мұра, жаңғыру, оқулық, оқу бағдарламалары, әдістер 
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңа 
тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Жаңғыру атаулы 
бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана 
сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына 
айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға 
бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, 
жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын 
болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» [1], – деген сөзі 
қазақ тілін оқыту әдістемесіне де қатысты деп есептейміз. Сондықтан қазақ тілін оқыту әдістемесінің 
қалыптасуында өшпес із қалдырған аға буын ғалымдардың еңбектерін бүгінгі мәдени жаңару 
кезеңіне орай білім алушы жастар назарына ұсыну – бұл әдістеме ғылымының даму жолының 
тарихын білу үшін де маңызды. Оның үстіне, университетіміздің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 
Ахмеди Ысқақұлы Ысқақовтың 1942-47 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-де проректор, 
ректор қызметін атқарғандығын да айта кеткіміз келеді. 
Қазақ тіл білімінің дамуында өзіндік орны бар көрнекті ғалым, ҚазССР ҒА-ның корреспондент-
мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор 
Ахмеди Ысқақов екі жүзден астам ғылыми еңбек жазған. Ғалымның қазақ тілінің морфология, 
лексика, тіл тарихы, қазақ тілінің орфографиясына қатысты еңбектері бар. Ахмеди Ысқақұлы тек 
қана тілдің теориялық мәселелерімен ғана айналысып қойған жоқ, қазақ тілін оқытуға да көңіл бөлді. 
Біз бұл мақалада ғалымның «Ана тілін оқытуды жақсартайық», «Ана тілін оқытудың түйінді 
мәселелері» атты мақалаларындағы ой-тұжырымдарына тоқталмақпыз. Ғалымның аталған 
мақалаларында мектепте қазақ тілін оқытудың жағдайы туралы ой-пікірлері көрініс тапты. 
Орта мектепке арналған бағдарламаны жетілдіру жайына арналған «Ана тілін оқытуды 
жақсартайық» атты мақаласында Ахмеди Ысқақұлы «ана тілі халқымыздың саяси-экономикалық
қоғамдық-тұрмыс және мәдени-рухани өміріне лайықты қызмет ететін негігі қатынас құралы екендігі 
баяндалғаны жөн... Сонда ғана оқушы тілдің және тіл жайындағы білімнің өмірде қандайлықты 
маңызы, орны, қызметі барлығы туралы тыңғылықты ұғым алатын болады» [2, 77], – дей келіп, 
дағдыларды меңгерту ісінде балалардың логикалық ойын дамытуға ерекше зер салу, сондай-ақ 
оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін жетілдірумен бірге, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптас-
тыру қажеттігін көрсеткен. «Осыншалық мол мәліметті программаға тарамдап беру де, оны саралап 
білдіріп шығу да жеп-жеңіл жұмыс еместігін» ескерте келіп, программада және жалпы ана тілін оқы-
ту жұмысындағы кемшіліктерді де атаған: «программада, оның үлкен-үлкен, түйінді-түйінді тақы-
рыптары я арнайы тексеру арқылы, я эксперимент жүргізу арқылы сыннан өтіп көрген емес» [2, 78]. 
Ғалымның бұл ойлары қазіргі жаңартпалы білім бағдарламасын және соған сай оқулықтарды жазуда 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
243
да ескерілуге тиісті жайт. 
Профессор А.Ысқақов «бағдарламада білім де таныстығы мен таныс еместігіне, жеңілдігі мен 
ауырлығына, оңайлығы мен қиындығына қарай баспалдақталып, өлшеніп берілуі қажет», – деп 
түйіндейді. Одан әрі ғалым бағдарламаға қойылар негізгі талап тіліміздің өзіндік табиғатына, өз 
заңына лайық және сол заңдардан туып қалыптасқан табиғи ерекшеліктерін дұрыс танып, дұрыс 
түсіндіру болуы керектігін басты назарда ұстаған. 
Осы мақаладағы тағы бір көңіл бөлерлік мәселе техникалық құралдар, әдіс-тәсілдерге қатысты. 
Техникалық құралды пайдалану сабақты жандандырудың тілегінен туғаны, бірақ «бұрынғы 
үйреншікті әдіс-тәсілдерді біржола жоя я қолданбау деген ұғым тумасқа тиіс, керісінше, оны 
балалардың белсендігін көтерерліктей, тез түсінуге жәрдемші боларлықтай дәрежеде қосымша 
дәнекер етіп пайдалану қажет», – деген әдістемелік пікір айтады. Қайткенде де,мұғалімнің «берген 
білімі берік және байсалды болуын», «білім беретін нәрсе техникалық құрал да емес, басқа құрал да 
емес – мұғалімнің өзі, оқулық екені аян», – деп ескертеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін 
қалаған әдіскер ғалым А.Байтұрсынұлы да кезінде «Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге 
керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы 
білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Баланың 
ісіне, түсіне қарап, ішкі халынан хабар аларлық болу керек» [3, 334], – деп, бала өміріндегі мұғалім 
рөлін жоғары бағалаған еді. Олай болса, ғалымдар пікірлеріндегі сабақтастықтан үлкен жүректі 
мұғалім мен сапалы оқулықтың мектеп өміріндегі орны айқындала түседі. 
А.Ысқақов мұғалімдердің республикалық педагогикалық оқуларында жасаған «Ана тілін 
оқытудың түйінде мәселелері » атты баяндамасын: 
- ана тілі және баланы өмірге баулу мәселесі; 
- ана тілі оқулықтары жайында; 
- ана тілі және методикалық жұмыс; 
- ана тілі және мұғалім, – деген төрт мәселеге арнаған. Ғалым: «...ұлт мектебінің негізі де, арқауы 
да – ана тілі. Олай болса, ұлт мектептеріндегі жұмыстың нәрлі, нәтижелі болуы ана тілін оқытуды 
ұйымдастырудың дәрежесіне, оның дұрыс жолға қойылуына байланысты», – дей келіп, ана тілінің, 
сондай-ақ ана тілінде оқытылатын өзге де пәндердің сабақтарында балалардың тілдеріндегі әр қилы 
кемшіліктер қырналып, түзетіліп, олар әдеби тілді еркін меңгерулеріне мүмкіндік болатындығын 
айтқан [4, 17]. Оқушыларды өмірге баулу жөніндегі міндеттерді тілдің негізгі қоғамдық қызметінен, 
яғни «түпкіліктік коммуникативтік (байланыс, қатынас құралы болу) қызметі мен экспрессивтік 
(әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметінен тууға тиісті де, соған орай жүзеге асырылуға лайықты» 
екендігін атап көрсеткен. 
Одан әрі ғалым бағдарламалардағы «тіл дамыту» деп аталатын жұмыстың да өмір талабынан, 
тұрмыс қалауынан туған нәрсе екендігін, қауымның жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сала-
саласында қолданылатын тілдің мәдениетін де көтеріп, сөйлейтін я жазатын адамнан ойды әрі айқын, 
әрі жатық, әрі әуезді етіп құруды қалайтындығын, бұл үшін әрине, оқушының тілін ауызша да, 
жазбаша да дамытуға тоқтала келіп, «грамматиканы дұрыстап оқытудың өзі де балаларға ана тілінің 
негізгі заңдарын білдірумен бірге, ережелерін оқу, түсіну, талдау үстінде олардың логикалық ойын 
кеңейтуге, дамытуға жетекші болады», – деген тұжырым жасайды. Ал профессор А.Ысқақовпен 
үзеңгілес, әріптес болған ғалым М.Балақаев: «Ғылым салалары мен тіл дамыту арасында тұрақты әрі 
табиғи байланыс болуға тиіс. Бұл – өскелең жаңа өмір мұқтаждығы» [5, 77], – деген пікір айтады. 
Ғалымдардың бұл пікірлері қазір де орта мектептегі оқу үдерісінде басты назардағы мәселелердің 
бірі, өйткені грамматикалық тақырыптарды оқыту мен тіл дамыту жұмыстары бір-бірімен тығыз 
бірлікте жүргізілгенде ғана, оқушы білімінің сапалы болатындығы кейінгі зерттеулерде де жалғасын 
тапты. Мысалы, әдіскер ғалым Б.Кәтембаева: «... мектеп балаға терең білім берумен қатар, олардың 
ауызекі тілде ойын шебер айта білуін және жүйелі сөйлей білуін талап етеді» [6, 3], – дей келіп, тіл 
дамытудың ойды жүйелеп айтуға, айтқанды жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы 
амал-тәсілдерді қарастыратын және осы мақсатта мұғалімдердің шеберлігін аса қажет ететін күрделі 
процесс екендігін ескертеді. Ал Н.Құрманова «Грамматикалық тақырыпты оқыту барысында 
оқушылардың тілін дамыту дегенміз – тіл білімінің теориялық заңдылықтарын оқыту мен тіл дамыту 
жұмыстарын тығыз бірлікте жүргізу» [7, 23], – деп есептейді. 
А.Ысқақов сондай-ақ «балаға берілетін (материал) аясы балаға түсінерліктей болумен қатар, оны 
ойландырарлықтай, түсіну үшін іждаһат қоярлықтай болуы керек. Олай болмаса, оқу да, оқыту да, 
білім беру де үдеп отырарлықтай болмайды» [4, 20], – деген пікір айтады. Бұдан ғалымның қазіргі 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау