Қымбатты қазақстандықтар!
Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты
ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын
бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына
қадам басамыз.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын
желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік,
тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!
Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар
биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы
әрдайым биікте желбіресін! Алға, Қазақстан [4]!
К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы бабалардан қалған қоғамның
материалдық өмірімен кез болады. Ол өндіргіш күштерді жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып тастап,
өмірді "таза беттен" әрі қарай жалғастыра алмайды. Ол сол материалдық игіліктерді игеруге және өз
өмір шеңберінде оны әрі қарай дамытуға мәжбүр болады. Сол өндірістік қатынастарды игеруде жаңа
ұрпақ өз сана-сезімін соған сәйкес қалыптастырады. Яғни, қоғамдық болмыс қоғамдық сана-сезімнің
қалыптасуына шешуші ықпал жасайды, – деп атап өткен болатын.
Қорыта келгенде, Отан деген не? Ол халықтың өткені, бүгіні және келешегі. Өткенімізді бағамдап,
бүгінімізді жаңғырта алсақ, келешектен жарқын болашақ қана көре аламыз. Өз еліңнің саяси,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен
тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің
табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
241
патриотизм деген ұғымның ішіне сыяды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Сматаев Т.Х. Дәстүр – дәріс: қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы. – Павлодар: Кереку,
2010. – 85 б.
2 Ержан қажы Малғажыұлы. Отан – ұлағатты ұғым, қасиетті сөз. taglym.
Достарыңызбен бөлісу: |