Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


Монолог  (грек. monos – бір, жалғыз, латын. logus – сөз)



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет264/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   361
file20200121044531 (1)

Монолог 
(грек. monos – бір, жалғыз, латын. logus – сөз)
 
– монологтік сөйлеу. Монологтік сөйлеу – 
сөйлеу формасының бір түрі, тыңдаушының пассив қабылдауына байланысты белсенді сөйлеу 
әрекеті [1, 272]. Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де 
кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі – бір адамның сөйлеуі немесе 
бір адамның ойы.
Сөйлесім кезінде сөйлеп тұрған адам мен тыңдап тұрған адам арасында тікелей қарым-қатынас 
орнайды. Мұндай жағдайда сөйлеуші тыңдаушының өз ойын, сөзін қалай қабылдағанын бірден көріп 
отырады. Бұл сөйлеушінің өз ойын түрлендіруіне жағдай жасайды [3, 116]. 
Жоғарыда аталғандай сөйлесімде де, тыңдалымда да бірдей қолданылатын тілдік тұлғалар 
жазылымда бар. Дегенмен сөйлесім, тыңдалым әрекеттері мен жазылым әрекеттерінің арасында 
ешқандай айырма жоқ деуге болмайды. Сөйлесім барысында тіл үйренуші өз ойын бірден білдіреді, 
ал қате айтқан болса түзете алады. Сонымен қатар сөйлесім барысында адамның көңіл-күйіне 
байланысты дауыс ырғағы, бет құбылысы өзгеріп экспрессивтік реңк қосылады. Ал жазылым 
әрекеттерінде бұндай өзгешелік жоқ. Дегенмен жазылым әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері де жоқ 
емес. Жазылым барысында тіл үйренуші әбден ой елегінен өткізген, тексерулерден өткен мате-
риалдары арқылы өз ойын өзгелердің тыңдауына ұсына алады. Жазылым барысында тіл үйренуші 
күрделі тілдік құрылымдарды пайдаланып, өз ойын дамытады және сауатты жаза білуге дағ-
дыланады. Тіл үйренуші жазылым тапсырмаларын жақсы меңгеруі үшін көп оқуы тиіс. Жазылым 
тапсырмаларын орындауға тіл үйренушінің сөздік қорының бай болуы әсер етеді. Ал сөздік қорды 
байыту үшін ол көп оқуы, тыңдауы тиіс. 
Жазылым әрекеттерін орындау үшін тіл үйренушінің сөздік қоры бай болу керек. Сонымен қатар 
тіл үйренушінің сауаттылығын байқау құралы. Сол үшін де тіл үйренушінің жазба жұмыстарына 
дағдылануына көңіл бөлген дұрыс. Ол үшін тіл үйренушінің грамматикалық сауаттылғына назар 
аудару қажет. Қазақ тілін меңгеру үшін грамматиканың маңызы зор екендігін естен шығармау керек. 
Бізде көп кездесетін жайттардың бірі – тіл үйренушілердің қазақ тілі грамматикасын жақсы білге-
німен, дұрыс қолдана алмайтындығы. Қазіргі кезде біздің алдымызға келетін студенттердің грамма-
тиканы жетік білуі – ҰБТ-ға дайындалудың нәтижесі. Бірақ олар грамматиканы жаттап алғанымен, 
дұрыс қолдана білуге дағдыланбаған. Бұл да өз кезегінде біршама қиындық келтіреді. Бұл мәселені 
басты назарда ұстай отырып, тілдік тұлғаларды дұрыс пайдаланып, сөздердің мағынасын түсініп сөз 
тіркестерін құрауға, сөз тіркестерінен сөйлем құрауға жаттықтыру қажет. 
Жазылым әрекеттеріне дағдылану арқылы тіл үйренуші шағын әңгіме, мәтін, ертегі, әңгімені өз 
бетімен аяқтай алады. Тіл үйренушіні өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. Сонымен бірге 
олардың есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, қазақ тілінің грамматикалық 
құрылымын оңай меңгеруіне мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, «Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа 
біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді [4]. 
Сөйлесім әрекеттері де, жазылым әрекеттері де тыңдалым әрекеттерінің негізінде қалыптасады. 
Тіл үйренуші күнделікті өмірде түрлі ақпаратты тыңдау арқылы алады. Алған ақпараттарын тыңдай 
отырып, ондағы мәліметтерді түсінеді және сол мәліметтерді басқаға жеткізу арқылы сөйлеу әрекетін 
қалыптастырады. Міне, осылайша бір-біріне жалғаса береді.
Тыңдалым – есту арқылы түсіну. Айтылған не техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі 
сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді [3, 
115]. Тыңдалымның негізгі мақсаты – хабарламаның негізі құрылымын түсіндіру. Тыңдалым 
әрекеттерін іске асыру барысында студент қазақ тілінің орфоэфиялық ерекшеліктеріне назар 
аударып, тыңдаған мәліметтерін есте сақтауға үйренеді. 
Тіл үйренушіні тыңдауға үйрету үшін тыңдалым мәтіні, оқытушының сөзі немесе басқа біреудің 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
237
сөзі анық, дауыс ырғағы құлаққа жағымды естілетіндей болғаны дұрыс. Сол себепті де тыңдалым 
мәтінін магнитафон таспасына жазып алып тыңдатқан дұрыс. Тыңдап біткен соң олардың қалай 
түсінгендіктерін анықтау үшін мынадай бірнеше тапсырмаларды орындату қажет: 
- тыңдаған мәтіннің мазмұнына назар аударту; 
- мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қою; 
- мәтінді бірнеше бөлікке бөлгізіп, тақырып қою; 
- жоспар жасату.
Осы тапсырмаларды орындау барысында студенттердің есте сақтау қабілеттері мен басқаның 
сөзін тыңдай білу сияқты дағдылары қалыптасады. Тыңдалым әрекеттері қашан да оқылым, сөйлесім, 
жазылым әрекеттерімен қоса жүргізіледі. Тыңдалым тапсырмалары көбінде тестік тапсырмалар мен 
сұрақтарға жауап беру, жоспар бойынша шығарма жазу түрінде де беріледі.
Оқылым – мәтіннен қажетті ойды алу, ой елегінен өткізу әрекеті. Ол графикалық белгілерді 
қабылдаудан, түсінуден тұрады. Тіл үйренушінің тілін дамытудың басты құралдарының бірі – мәтінді 
оқу. Мәтінді оқи отырып, тіл үйренуші дүниетанымын кеңейтеді, сөздікпен жұмыс істей білу 
дағдысын қалыптастырады. Оқылым мәтіндерін іріктеу барысында оның мазмұнына, тәрбиелік 
мәніне назар аудару қажеттілігі аз айтылып жүрген жоқ. Бұл мәселені қазір көп әріптестеріміз жақсы 
ескеріп жүр деп ойлаймын. 
Оқылым әрекеті тыңдалым, жазылым әрекеттерімен тығыз байланысты. Сондықтан да бұл 
әрекеттерді сабақ барысында бір-бірімен ұштастыра білу де үлкен шеберлікті қажет етеді.
Оқылым әрекеттері арқылы тіл үйренушінің сөздерді дұрыс айта білу, ой екпінін, сөз екпінін 
дұрыс қоя білу дағдылары қалыптасады. Ең бастысы оқылым әрекеті арқылы тіл үйренушінің сөздік 
қоры дамып, сөздікпен жұмыс істей білу дағдысы қалыптасады. 
«Шет тілдерді игерудің жалпыеуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, бағалау» стандартында бұл 
«қатысымдық тұлғалар» – тілдік дағдылар деп аталған. Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, 
жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері 
арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған 
мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар оқылым
жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, 
сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ 
тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. 
Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Тілді кіріктірілген бағдар-
лама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, 
оқылым) меңгерте білу [5]. 
Жалпы айтқанда, тіл үйренушінің қазақ тілін жақсы игеруі үшін осы біз тоқталған оқылым, 
жазылым, тыңдалым, сөйлесім әрекеттерін кешенді түрде жүргізу қажет. Өйткені қазақ тілін оқыту 
барысындағы бұл әрекеттер бірін-бірі толықтырып, біріндегі кемшін түсіп жатқан мәселелерді 
қамтып, студенттің сабақ барысында алған білімін бекітіп, сабаққа деген қызығушылығын 
арттырады. Студенттерді қазақша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, кәсіби бағытта жұмыс жасауларына 
және болашақ мамандардың жеке тұлға ретінде жетілуіне, ішкі-жан дүниелерінің дамуына ықпал 
жасау болып табылады. 
Пайдаланылған
 әдебиеттер тізімі:
1
 
Қазақ тіл білімінің антологиясы. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универ-
ситеті, 2010. – 548 б. 
 
2
 
Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әлістемесі. – Алматы: 
Ана тілі, 1996. – 208 б.

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау