Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет133/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   361
file20200121044531 (1)

Түйін сөздер: 
лингвомәдениеттану, біртұтас жүйе, синергетикалық тәсіл, күрделі жүйе, талдау әдістері
 
Лингвомәдениеттану бірнеше ғылым саласымен байланысты болғандықтан, оның зертеу әдістері 
де өте көп. Дәстүрлі салыстыру, салғастыру, топтастыру әдістерінен басқа эксперименттік әдістерді 
де қолданады. Тәжірибелік әдістерге психолингвистикадан келген ассоциативтік талдау әдісі жатады. 
Қазақ тіл ғылымында жаңадан қалыптасып келе жатқан синергетикалық тәсіл де лингвомәдениеттану 
үшін тиімді әдіс болып табылады. «Синергетика» термині физика-химиялық құбылыстардың өзіндік 
ұйымдасуын зерттеу үшін қолданылған болса, кейін басқа да, соның ішінде лингвистикада зерттеу 
объектісі етіп алына бастады. Синергетика ғылымның түрлі саласында қолданылып, әртүрлі 
табиғаттағы күрделі жүйелер мен үдерістерді зерттеудің әдіснамасы ретінде қолданылып келді. 
Күрделі жүйелердің қатарына тіл де жатады.
Әмбебап заңдарды анықтаудың бір жолы – күрделі жүйелерге қолданылатын синергетикалық 
тәсіл [1, 31]. Синергетикалық зерттеу нақты материалдар мен ақпараттардың болуы арқылы 
анықталады.
Қ.Ф. Зағыпаров «Философиялық терминдердің сөздігінде» «синергетика (гр. sinergeia – көмектесу, 
келісіп қимылдау, біріккен іс-әрекет) – ашық типтегі сызықтық емес кері байланыстары бар 
жүйелердің эволюциясы мен өзін-өзі ұйымдастыруын зерттейтін ғылым» деген анықтама береді. 
Оның қалыптасуына Г.Хакен, И.Пригожин, А.Тьюринг, Э.Ласло, Р.Том, В.И. Арнольд,
А.А. Самарский, С.П. Курдюмов және т.б. өз үлестерін қосты. 
Қазіргі уақытта синергетика кез келген күрделі жүйелердің эволюциясы мен өзін-өзі 
ұйымдастырудың әмбебап теориясы және эволюцияның қазіргі заманғы парадигмасы сипатын алды 
[1, 102]. Синергетика туралы орыс ғалымдарынан В.Аршиновтың, Н.Кузьминаның, К.Штайнның,
И.Германның, Н.Алефиренко, Г.Г. Малинецкийдің т.б. еңбектерінде айтылып жүр. Сол сияқты 
синергетика мәселелерін лингвистикалық тұрғыдан Л.С. Пихтовникова (мәтіннің өздік ұйымдасуы 
мен даму проблемаларын талдаған), С.М. Еникеева (сөзжасамның синергетикасы), Т.И. Домброван 
(диахрониялық синергетика), А.Н. Приходько (концептілік аяның өздік ұйымдасуы) қарастырған. 
Аталған сөздікте синергетиканың әдіснамалық аппаратына тепе-теңдіктен алыс ашық жүйелердің 
термодинамикасы; апаттар теориясы – тұрақсыз жағдайларды зерттеу; әртүрлі табиғаты бар 
жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыру және ұжымдық тәртібінің теориясы; сызықты емес ортаның 
(плазма физикасы, химиялық реакциялар, биологиялық жүйелер және т.с.с.) көп кластарында 
(түрлерінде) пайда болатын шиеленіскен 
күйдегі режимдер теориясы жатқызылады. 
«Синергетиканың маңызды проблемаларының бірі – динамикалық хаостағы жүйелерді зерттеу. 
Табиғатта тәртіптен хаосқа (ретсіздікке, тәртіпсіздікке) және керісінше – хаостан тәртіпке көшудің 
әмбебап сценарийлері барлығы анықталды. Осы үдерістерді зерттеу хаосты басқарудың 
принципиалды мүмкіндігін ашты». Нақтыласақ, синергетика екі бағытта – жүйенің ішіндегі 
жүйесіздікті немесе керісінше жүйесіздіктегі жүйелілікті зерттейді. Синергетиканы кез келген 
табиғат жүйесінің дамуы мен қызметінің жалпы заңдылықтары қызықтырады. Яғни метағылымның 
орнына жүріп, жеке ғылымдар тек «өзімдікі» деп санаған заңдылықтарды зерттейді.
«Синергетика ғылымға тәртіп, хаос, аттрактор (гр. шырқы бұзылмаған, тыныштық) – 
квазитұрақты жағдай, бифуркация (қосарлану, бұтақтану), флуктация (кездейсоқтық, аяқастылық) 
және т.б. көптеген жаңа ұғымдар енгізді.
Әлемді синергетикалық көру «хаостан тәртіпке» («порядок из хаоса») деп аталатын 
детерминизмнің (себептіліктің) жаңа концепциясының негіздерін қалайды. Ол дамудың механизмі, 
қажеттілік пен кездейсоқтық туралы көзқарастарды өзгертті. Кездейсоқтық синергетикалық 
жүйелерге іштей тән және жойылмайды. 
Г.Хакен физика, биология, химиядағы өздігінен ұйымдасатын құбылыстарды синергетика деп 
атады. Бұны ғалымдар ретсіздіктен реттіліктің пайда болуы деп те түсіндіреді.
Назар аударатын тағы бір мәселе – синергетиканың мағынасын ашуда көзқарастар біржақты емес. 
Психолингвисткиалық бағытта A.A. Залевская сөздің этимологиясынан (бірігіп әрекет ету) алшақтап, 
«күш-қуаттың бірігуі» мәнінде қолдануды дұрыс көреді. Бірақ бұл жүйенің өздік ұйымдасуына еш 
әсер етпейді [2, 11-12].
Синергетика тіл ғылымындағы жаңа термин. Синергетика – интермәтіннің жаңа теориясының 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау