Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет129/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
105
Мұндай ұғым-түсініктер сол тілдің өзінде бұрыннан бар (мысалы, мақал-мәтелдері) немесе кейіннен 
пайда болған тұрақты тіркестер болуы мүмкін. 
Санада сыртқы әсердің көмегімен пайда болған ақпараттар адамның эмпирикалық тәжірибесімен 
толықтырылады. Онымен қоса, дүниенің онтологиялық үзіктері тілде көрініс табатын дүниенің 
қарапайым бейнесінде туындайды. Мысалы, ойдың метафоралануы – негізгі менталды әрекет, 
дүниені тану және таныту тәсілі. Және ол жаңа білімді «ескінің көзімен» бейнелеп түсіндіруге бейім 
тұрады. Ойдағы нәтижені тіл арқылы тани аламыз. Демек тілсіз адамның интеллектуалдық білімі мен 
рухани дүниесін анықтау мүмкін емес. Дегенмен дүниені тану тілден тыс санадағы таңбалар мен 
жағдаяттардың сол дүниенің табиғатын толық аша алу деңгейіне байланысты. Санадағы кейбір 
жағдаяттар тілде көрініс таппай тек ойда таным ретінде сақталуы мүмкін. Бұндай дүниенің табиғатын 
дәл әрі нақты таныта алатын ситуациялар стереотиптік, яғни жиі қайталану барысында ғана тілдік 
сипатқа ие бола алады. 
Санада қалыптасатын стереотиптердің тілдік бірліктер арқылы жарыққа шыққанға дейінгі тетігін 
нақтылайтын болсақ, когнитивтік талдау жасауға туралы келеді. Себебі, адамзат үшін дүниені 
танудың ең бірінші кілті – ұғымның, сезімдік негіздерден нәр алған сана әрекеті, ал тілдік белгі – 
танымның сыртқы формасы. Тіл – ой жеткізу құралы. Ойлау әрекеті – мида болатын құбылыс, сана 
әрекеті. Ал тіл санадағы бұл процесті «мағына» түріндегі формаға енгізеді. Демек ойлау – логикалық 
механизмнің ақиқат көрінісі. Оның тілмен шартты байланысынан ұғым қалыптасады. Ұғым бірнеше 
ойдың сұрыпталуынан өтіп, сөз арқылы таңбаланады. Тіл – біз тануға ұмтылатын бүтін бір болмыс-
тың кішкене бөлшегі. Сондықтан тіл мәселелерін тануда сан салалы факторлардың көмегі қажет. 
Мысалы субъектіні ұғыну, ойлау қабілеті, санадағы танымын өңдеу механизмі, тіл арқылы танылған 
ақпараттардың семасы, этимологиясы, уәжденуі т.б. әрекеттер тіл білімінде адамзаттың танымдық 
деңгейін зерттеуге бағытталды. Демек стереотиптік қолданыстар арқылы қазіргі Қазақстандағы 
азаматтардың танымдық деңгейін, аялық білімінің дәрежесін болжауға мүмкіндік аламыз. 
 
Сонымен, стереотип – дүниенің концептуалды бейнесінің кейбір көріністері (фрагменттері), 
менталды «бейнесі», заттар мен құбылыстар жайлы қалыптасқан тұрақтылық. Стереотип өз кезегінде 
заттар мен құбылыстардың ішкі мән-мағынасын түсіндіретін ұлттық-мәдени ұғым болып табылады. 
Жеке тұлғаның белгілі бір қоғамдағы әлеуметтік өмір әдебі мен салтына сәйкес қалыптасқан 
стереотиптік білім көзі оның қандай мәдениет өкілі екенін танытатындықтан, стереотиптер 
мәдениеттегі прецедентті (аса маңызды) бірліктер болып есептеледі. Стереотиптер – бір жағынан, 
халықтың өз мәдениетіндегі құндылықтарды сақтауға және өзгертуге, екінші жағынан, өзінде барды 
бағамдауға, аялауға және тануға ықпал ететін тіл мен сөйлеудің тұрақтандырушы факторы [6, 365]. 
ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басында лингвистикада тілдің ұлттық ерекшеліктерін зерттеудегі 
өзекті мәселелердің қатарында ұлттық дүниетаным, ұлттық сана, ұлттық ойлау ерекшеліктерін 
зерттеу арқылы тілде таңбаланған ұғымдардың жаңғыртылмаған мағыналарын ашуға мүмкіндік 
алғанымыз рас. Осындай тың зерттеулер пәнаралық бағыттардың аясында жүзеге асырылды. 
Мысалы, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика 
ғылымдарының сабақтасуынан туындаған тілдік зерттеулер тіл мен ойлау қызметтерін ұштастыратын 
ортақ тетіктерді тиімді қолдануға негіз болды. Сондай маңызды тетіктердің бірі – стереотип.
Стереотип ұғымы алғаш рет 1922 жылы американдық журналист әрі саясаттанушы У.Липпманның 
«Қоғамдық пікір» атты еңбегінде жарық көрді. Стереотип (грек тілінде stereos – қатты, typos – із) – 
жеңілдетілген, тұрақты түрде стандартталған түсінік, пікір, әрекет эталоны. Ол стереотипті адам 
санасындағы реттелген дүние бейнесінің мәдениеті ретінде қарастырды. Біріншіден, стереотиптер 
дүние туралы күрделі әлеуметтік нысандарды танып қабылдауда ойлау жүйесін әлдеқайда жеңіл-
детеді, екіншіден, оның таным бағытын, құндылығын, құқығын қорғайды. Алғашқы зерттеулерінде 
стереотип туралы ұсынылған бұл түсінік кейін зерттеле келе философиялық, психологиялық 
тұрғыдан толыға түсті. 
Дегенмен, У.Липпман ұсынған стереотипке тән басты ерекшеліктер (тұрақтылығы, ұжымдық 
таныммен бекітілуі, кез келген заман үдерісіне сәйкес келуі) бүгінгі күнге дейін ғылыми анықтамасы 
ретінде түсіндіріліп келеді.
Кейін психология ғылымында, философиялық зерттеулерде ойлау мен логика нысаны ретінде те-
рең қарастырыла бастағанның өзінде де зерттеушілер У.Липпманның анықтамасына жүгінетін болды.
Қазіргі психологияда әлеуметтік стереотип әлеуметтік нысанның (топтың, адамның, құбылыстың, 
оқиғаның ...) салыстырмалы түрде тұрақты және жеңілдетілген бейнесі ретінде анықталады, ол 
ақпарат жетіспеушілігі жағдайында индивидтің жеке тәжірибесін және қоғамда қабылданған қарым-



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау