Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


МЕТАФОРАЛЫ АТАЛЫМДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ МӘНІ МЕН ЖАСАЛУ ҮЛГІЛЕРІ



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет112/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   361
file20200121044531 (1)

МЕТАФОРАЛЫ АТАЛЫМДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ МӘНІ МЕН ЖАСАЛУ ҮЛГІЛЕРІ
 
 
Аңдатпа 
Тілдік метафораларды таным және мағына, оның семантикалық өрісімен сабақтастыра зерттеу тілдік 
бірліктердің мәнін ашуға мүмкіндік береді. Метафоралы аталымдар – біріншіден, тек қана көркемдеуші құрал 
емес, сонымен қатар тілдің лексикалық бірлігі, сөзжасамдық заңдылықтар негізінде жасалған тілдік бірліктер. 
Метафора – кез-келген мәдениетке тән әмбебап құбылыс. Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып 
біледі, тіл арқылы ой қызметін бейнеге, белгілі бір тілдік үлгіге түсіреді. Сөздердің бірігуінің мәнісі – болмыста 
танылған ұғымның белгісі мен қасиетін, ерекше номинативтік белгісін тілде бұрыннан бар негіз сөздердің 
мағыналық уәжділігі негізінде таңбалаланады. Сөзжасамдағы ішкі мағыналық құрылымның өз ішінде дамып, 
өзгеруі адам танымының дамуымен де астасып жатады. Сөздің уәждемелік формасы және уәждемелік 
мағынасы оның ішкі мағыналық құрылымына енетін бөлшектері. Уәждеуші сөздің ауыспалы мағынасы оның 
біріншілік лексикалық мағынасы негізінде дамып, метафоралану арқылы аталым жасауға қызмет етеді. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
89
Түйін сөздер:
метафора, аталым, сөзжасамдық мағына, сөздің ішкі мағыналық құрылымы, метафоралық 
мағына, уәждемелік белгі 
Қазiргi кезеңде «
тiл, мәдениет, этнос
» мәселесiне қатысты кешенді зерттеу жұмыстары тiлдің 
ұлттық сипатын, ұлттық танымын, ұлттық рухын тануға, танытуға негiзделген. Тілдік метафораларды 
таным және мағына, оның семантикалық өрісімен сабақтастыра зерттеу тілдік бірліктерді талдауда, 
саралауда жаңа сапалық деңгейге көтеріп, жаңаша ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік 
береді. Метафора дәстүрлі зерделеуде көбінесе тілді көркемдеуші құрал ретінде танылады. Метафо-
ралы аталымдар – біріншіден, тілдік метафора құбылысының зерттелуі тек қана көркемдеуші құрал 
емес, сонымен қатар тілдің лексикалық бірлігі, сөзжасамдық заңдылықтар негізінде жасалған тілдік 
бірліктер. Метафораның аталымдық сипатын ашу – қазіргі қазақ тіл білімінде енді зерделене бастаған 
мәселелердің бірі. Тіл білімінде бұл мәселе көне ойшылдар Аристотель, Цицерон, орыс тіл білімінде 
А.А. Потебня, В.Г. Гак, В.Н. Телия, Н.Д. Арутюнова, В.К. Харченко, т.б.; қазақ ғалымдары 
А.Байтұрсынұлы, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, Б.Қасым, А.Салқынбай, 
Г.Зайсанбаева, А.Сыбанбаева, С.Сәменова, Р.Лауланбекова т.б. зерттеу еңбектерінен орын алады. 
Тілдің ойды қалыптастырушылық маңызын басты бағыт етіп алған А.А. Потебня метафоралық 
ауысудың тілдік семантиканы дамытудың бір құралы ретінде таниды. В.Г. Гак, В.Н. Телия,
Н.Д. Арутюнова метафораның аталымдық, когнитивтік қызметіне назар аударса, Б.Қасым бұл 
құбылыстың тілдік аспектілері: сөзжасамдық табиғатын, бейнелілік қырын, когнитивті-
функционалдық сипатын ашады. Метафора – кез-келген мәдениетке тән әмбебап құбылыс. Адам 
қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі десек, тіл ой қызметін бейнеге, белгілі бір тілдік 
үлгіге түсіреді. Ол халықтық дүниені түйсінуінен хабар беретін қазына, яғни ғаламның тілдік бейнесі 
ретінде ұлттық эстетикалық таным-талғамын, кәсібін, мінез-құлық, ырым-наным, әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытады [1, 24]. 
Медициналық аталымдарды семантика аясында саралағанда, сөздердің бірігуінің мәнісі – болмыста 
танылған ұғымның белгісі мен қасиетін, ерекше номинативтік белгісін тілде бұрыннан бар негіз 
сөздердің мағыналық уәжділігі негізінде таңбалау саналады. Атау екі себепші негіздің бірігуі арқылы 
жасалады да, бір таңба ретінде даяр қалпында жұмсалады. Мысалы, 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау