Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
85
жерде тура мағына «мәтін кітапханасы», ал ауыспалы мағына «мағына кітапханасы».
Сонымен бірге сөздердің дискурстық қолданысқа түсуі сөз мағыналарының дамуынан байқалады.
Лексикология саласында сөз мағынасының тараюы мен кеңеюі сияқты құбылыстардың бар екені
белгілі. Жалпы сөз – тарихи категория болғандықтан ол үнемі өзгеріске түсіп отырады, яғни
қоғамдағы болып жатқан жаңалықтарға бейім келеді, соған байланысты сөз мағыналарында
өзгерістер болып тұрады. Бұл құбылыс, жоғарыда айтқанымыздай, сөз мағынасының тараюы мен
кеңеюі құбылыстарында анық байқалады.
Сөз мағынасының кеңеюі дегеніміз
–
сөз мағыналарының уақыт өте келе қосымша мағынаға ие
болуы. Мысалы,
байланыс
сөзіне тоқталатын болсақ, алғашқы кезде аталған сөз тек «араласу»,
«қарым-қатынас жасау» деген мағынада қолданыста болды. Уақыт өте келе, техниканың дамуына
байланысты қоғамдық талаптарға сай
байланыс
сөзінің қолданыс аясы кеңи түсті. Мысалы,
телефон,
ұялы телефонмен байланыс жасау, факспен байланыс жасау, электронды хатпен байланыс жасау,
интернет желісі арқылы байланыс т.с.с.
көптеген байланыс жасау түрлері пайда болды. Сонда
қоғамдағы шындық болмыс тілде таңбалып, коммуникативтік қарым-қатынас қызметін атқарды, яғни
байланыс
сөзі дискурстық қолданысқа түсті. Сол сияқты
құн
сөзіне тоқталсақ, аталған сөздің
алғашқы мағынасы – адамның жасаған қылмысына қарай төленетін айып-пұл. Бірақ уақыт өте келе
бұл сөздің қолданысы кеңейіп, бірнеше мағынаға ие болды, тілімізде экономикалық термин ретінде
«қосымша құн» тіркесі пайда болды. Сонымен бірге тілдік қолданыста жүрген
демеу
сөзіне келетін
болсақ, бұл сөз әдеби тілде
көмек беру, қолдау
мағынасында бұрыннан белсенді сөз ретінде
қолданылады, бірақ соңғы кезде жаңа мәнге ие болып, дискурстық сипатқа ие боп тұр, яғни кейінгі
кезеңде демеушілік жасаушы, демеуші (спонсор) мәнін білдіреді. Сонымен бірге сөздердің жаңаруы,
жаңа мағынаға ие болуы тілдік қолданыстан шығып қалған көнерген сөздер қайта оралу барысында
да болатын үдеріс. Бұл жерде де өздерінің бастапқы мағыналары мен стилдік реңктерін сақтап
терминге айналады және әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айрықша қасиетінен,
түр-түсінен келіп шығады. Олардың сырт тұлғасындағы, қызметіндегі ұқсастықтар адам санасында
түзіліп, соның нәтижесінде жаңа тіркестер мен қолданыстар пайда болады. Қарап отырсақ, сөз жеке
қолданыста белгілі заттар мен құбылыстардың атауын ғана білдіретін тілдік бірлік, ал дискурстық
қолданыста оның мағыналары өзгеріске түсіп, жанданады. Көріп отырғанымыздай, сөздің дискурс-
тық сипатқа ие болуы сөз мағынасының тараюымен бірге жалпы қолданыстағы сөздердің терминге
айналуынан да байқалады екен. Сөзге қосылған жаңа мағыналар әр сөздің білдіретін мағынасының
айрықша қасиетінен, түр-түсінен келіп шығады. Олардың сырт тұлғасындағы, қызметіндегі
ұқсастықтар адам санасында түзіліп, соның нәтижесінде жаңа тіркестер мен қолданыстар пайда
болады. Тіл мен танымның бірлікте қаралуының нәтижесі. Тіл мен таным сабақтастығы адамға
қатысты біртұтастықта қаралады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылым саласының зерттеу
әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі. Сонда жоғарыда көрсетілген
мысалдардағы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы лексикология, дискурс, когнитивтік лингвистика
сияқты жаңа бағыттардың тоғысуының нәтижесі болып табылады. Тіл мен таным процестерінің ара
қатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Когнитивтік деген сөз «білім»
деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық үдерістердің өтуін басқаратын білімдер жүйесінің
құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам
баласының өмірінде құндылықтар қаншалықты роль атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен танымның
арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі. Когнитивтік лингвистика
саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен танымды біртұтас жүйеде қарастыру.
Айнала қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуы болып табылады.
Мысалы,
құн
Достарыңызбен бөлісу: