Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
87
құбылыстардың атауын
ғана білдіретін тілдік бірлік, ал дискурстық қолданыста оның мағыналары
өзгеріске түсіп, жанданады. Сөздің дискурстық сипат алуы сөздік қор мен құрамның дамуына,
жаңаруына себін тигізеді.
Байқап отырғанымыздай, сөздің когнитивтік – дискурстық сипаты
терминология саласымен де байланысты екен.
Тілдің жаңаруы мысалдардан байқап отырғанымыздай, когнитивтік-дискурс механизмінің жүйелі
түрде жүзеге асуының нәтижесінде пайда болады. Бұл жерде когнитивтік-дискурс механизмі тіл
жүйесінің әр деңгейде жаңалануының жүйелі түрін анықтайтын
ғылыми метафора ретінде
қолданылады, яғни тілдің жаңалану, жаңғыру аясында жаңа мағынадағы сөздердің пайда болу
үдерісін көрсетеді.
Тілдің жаңғыру, жаңалануының когнитивтік-дискурстық механизмін төмендегі
кесте арқылы көрсетуге болады:
Тілдің жаңалану үдерісін жоғарыда көрсетілген теориялық тұрғыдан қарастыру арқылы жаңа
әлемдік интерпретацияда пайда болып жатқан жаңа сипатағы жаңа бейнені зерттеуге болады. Жаңа
сөздерді когнтитвтік-дискурстық сипатта
қарастыру адамзаттың ойлау, танымдық және тілдің
әлемдік бейнесін құру процесінің нәтижесін зерттеуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, тіл – сөз – таным – дискурс ұғымы бір-бірімен байланысты ұғымдар. Тіл
дискурс барысында сөзге айналады, ал сөз адам санасында түзіліп, мәтін ретінде тілге қайта әкеледі.
Қазақ тілі білімінде дискурс теориясы әлі түбегейлі зерттеле қоймаған тың мәселелердің бірі.
Сондықтан аталған мәселені зерттеу болашақтың ісі деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Степанов Ю.С. Альтернативный мир, Дискурс, Факт и Принцип причинности // Язык и наука конца ХХ
века. – М.: РАН, 1996. – С.432.
2
Кеншінбаева Ж.М. Қазақ мәтінінің семантика-интонациялық мүшеленуі (эксперименттік-фонетикалық
зерттеу): филол. ғылым. канд. автореф. – Алматы, 2005. – 27 б.
3
Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғылым. докт. автореф. – Алматы, 2007. – 49 б.
4
Садирова К.Қ. Дискурс талдау теориясы. – Ақтөбе, 2012. – 89 б.
5
Кенжеқанова Қ., Момынова Б. Мәтін және дискурс ерекшеліктері // Абай атындағы Ұлттық
педагогикалық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. №1(51). – 2015. – Б.40-44.
6
Кенжебаев Б. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы, 1997.
– 322 б.
7
Құқық саласының терминдер сөздігі. – Астана: «RedGreenBlue» ЖШС, 2009. – 449 б.
Мәдениаралық
коммуникацияны
туындататын
жаңалану
Сөздік қордың жаңалануының
когнитивтік-дискурстық механизмі
Когнитивтік-
семантикалық
Когнтивтік-
деривациялық
Когнитивтік-
коммуникациялық
Семантикалық
жаңалану
Сөзжасам тәсілдері
арқылы жаңалану