Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 2-бөлім. Астана мәдениет пен өнер ордасы



жүктеу 1,52 Mb.
бет1/2
Дата11.01.2020
өлшемі1,52 Mb.
#26269
түріСабақ
  1   2

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 2-бөлім. Астана мәдениет пен өнер ордасы

Мұғалім ДжунусоваТатьяна Анатолиевна

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Ғ. Мұстафин атындағы № 83 ЖББОМ

Сынып: 6


Сабақ тақырыбы:

Астана - елімнің мақтанышы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.3.1. Тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

6.2.6.1. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру

Сабақ мақсаттары

1. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіндіру.

2. Сұрақтар негізінде мәтіндегі ойды анықтау.

3. Сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыру


Бағалау критерийі

  • мәтіндегі жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіндіреді;

  • сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

  • сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: мәтінді түсінеді, негізгі ойды анықтайды, жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді, әңгіме құрастыра алады.

Пәнге қатысты сөз тіркестер мен терминдер: заманға лайық, Астана шаһары, бизнес орталығы, саяси және әкімшілік іс-шаралар, отандық және шетелдік құрылыс, бойтұмары.

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған қажетті сөз тіркестері.

  • Астана қайда орналасқан?

  • Астанада не көп?

  • Астананың құрылысына кімдер қатысты?

Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана, туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Қазақстанның астаналары, Астана қаласының тарихы, орналасқан жерлері тарих, география пәндерімен, АКТ-ны қолдану информатика пәнімен байланысты

Алдыңғы білім

Тәуелсіздік, Қазақстанның астаналары, Елорда, Елбасы туралы білімдері бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу. Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Шаттық шеңбері» әдісі



Мақсаты: оқушылар бойына идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Алдыңғы білімге кері байланыс

СЖ. «Допты лақтыру» әдісі

Мақсаты: өткен тақырыпты қайталау, білімдерін тексеру

Орындалу барысы: мұғалім оқушыға доп лақтырып сұрақ қояды, допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қоя отырып, допты лақтырады.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Қазақстан Республикасының неше астанасы болды?

  • Ол қай қалалар ?

  • Қазақстанның оңтүстік астанасы деп, қай қаланы айтады?

  • Астана қаласы қай жылы астана болды?

ҚБ. «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деп оқушылардың ішкі уәжін ояту үшін ауызша мадақтау жүзеге асырылады.




Сабақтың ортасы

28 минут

Мәтіналды жұмыс

СЖ. «Миға шабуыл» әдісі

Мақсаты: ой қозғау, суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.



Орындалу барысы: оқушыларға интерактивті тақтадан Астана туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сұрақтар қойылады:



  1. Қазақстанның бас шаһары қалай аталады?

  2. Суреттен қандай ғимараттарды көрдіңдер?

  3. Әлемге белгілі монумент қалай аталады?

  4. Сол ғимараттың биіктігі қанша метр?

Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?/оқушылар жауабы тыңдалады/

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
ҚБ.: Ауызша мадақтау – «Тамаша! Жарайсыңдар!»

СЖ. Сөздікпен жұмыс.

Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Отандық – отечественный

мәдени– культурный

шетелдік - иностранный

шаһар – город

әкімшілік – административный

саяси – политический

жарыс – соревнования

алақан- ладонь.



Ж. «Лотерея барабаны» әдісі

Мақсаты: жаңа сөздердің мағынасын түсіну, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру

Орындалу барысы: оқушы сөзді қоржыннан алып шығады да сол сөз туралы не білетінін айтады, кесте бойынша жұмыс жасайды

Тапсырма. Мәтінге байланысты жаңа сөздерді оқып, мағынасын анықтаңдар. Кестеге сөз тіркестер мен сөйлемдер салыңдар

Сөз

Сөз тіркестер

Сөйлемдер

Мәдени

Мәдени

орталығы


Қазақстанның мәдени орталығы Астана қаласы.




















Дескриптор:

  • сөздерді дұрыс оқиды

  • мағынасын анықтайды

  • кестеге сөз тіркестері мен сөйлемдерді жазады


ҚБ. «Бағдаршам» әдісі бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалайды («қызыл түс» – түсінген жоқпын, «сары түс» – әлі де практика қажет/ сұрақтар бар, «жасыл түс» – барлығы түсінікті)
Мәтін кезеңі тапсырмалары

СЖ. «Интервью» әдісі арқылы жаңа тақырып көлеміндегі сұрақ-жауаптармен диалог жүргізеді.

Тапсырма:

  1. Мәтінді 2 рет тыңдаңдар тақырып қойындар.

  2. Сұрақтарға толық және қысқа жауап беріңдер.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясын айтқан – Нұрсұлтан Назарбаев. Астана Азияның солтүстігінде орналасқан. Астана шаһары «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандарынан тұрады. Астана – Қазақстандағы ірі бизнес орталықтарының бірі. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды.

Астанада саяси және әкімшілік іс-шаралар, түрлі жарыстар жиі ұйымдастырылады. Астана құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниясы қатысты. Астанада батыс пен шығыстың мәдени дәстүрі үйлесімді қолданылған ғимарат көп.

«Бәйтерек» кешені – жаңа елорданың басты символы, оның бойтұмары. Онда «Аялы алақан» компазициясы бар. Астанада «Хан шатыр» сауда – саттық және ойын-сауық орталығы, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығы, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет тетры, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Қазақ елі» монументі, 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы бар.

Сұрақ құрастыру (үлгісі)


  1. Қазақстанның жаңа астанасын салу идеясын кім айтты?

  2. Астана қай жерде орналасқан?

  3. Қала неше ауданнан тұрады?

  4. Астана құрылысына компаниялар қатысты ма?

  5. Астанада мәдени орындар бар ма?

Үлгі:

Сұрақ: «Бәйтерек» кешені – Елорданың басты символы ма?

Қысқа жауап: Иә

Толық жауап: «Бәйтерек» кешеніЕлорданың басты символы.
Дескриптор:

  • мәтінге тақырып кояды;

  • мәтін негізінде сұрақтар құрастырады;

  • сұрақтарға сүйеніп өзара диалогке түседі (қабілеттеріне қарай)

ҚБ. «Қосу, алу, қызықты» стратегиясы

Мақсаты: «Қосу» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Алу» оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.


+ (қосу)

- (алу)

қызықты












Шағын топқа біріктіру – «Пазл» әдісі

Қағаз қиындыларын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. Суретке сәйкес өз топтарын анықтайды, сурет туралы білетін ойларын айтады.

1-топ «Бәйтерек»

2-топ «Хан шатыр»



3-топ «Думан»


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау