Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


Keywords: еthno-linguistics, language environment, traditions, customs and ceremonies



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет40/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   361
file20200121044531 (1)

Keywords:
еthno-linguistics, language environment, traditions, customs and ceremonies 
 
МРНТИ 16.01.17 
 
А.Әбиденқызы
1
 
1
Шыңжаң университеті,
Үрімші қ., Қытай Халық Республикасы 
 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІҢ
ЭТНО
-
МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада қазақ және қытай тілдеріндегі тыйым сөздердің (табу) этно-мәдени ерекшеліктері салғастырыла 
қарастырылады. Тыйым сөздер (табу) – әлем халықтарының дерлік бәрінің тілдерінде ежелден өмір сүріп келе 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
28
жатқан бір түрлі мәдени құбылыс ретінде адамдардың өзара тілдесуін, пікір алысуы мен әлеуметтік қарым-
қатынасын реттеп отырады. Ал қазақ және қытай халықтары мәдениетіндегі алшақтық аталған халықтар 
тілдеріндегі тыйым сөздердің де айырмашылығына негіз болғаны белгілі. 
Мәдениетаралық қарым-қатынас (
跨文化交际

cross-cultural communication) – қазіргі заманғы қарым-
қатынастың аса маңызды құрамдас бөлігі. Демек, тілдегі тыйым сөздер құбылысын жақсы меңгеру – 
мәдениетаралық қарым-қатынасқа тіпті кең өріс ашып береді. Ал Қытай тілі мен қазақ тіліндегі тыйым сөздер 
күнделікті қарапайым тіршіліктен бастап, қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып жатқандықтан, екі тілдегі 
тыйым сөздерді дұрыс қолдану – екі халық өкілдері арасындағы өзара пікірлесу мен барыс-келісте ерекше 
маңызды рөл атқарады. Осындай өзекті мәселені арқау еткен бұл мақала қазақ және қытай тілдеріндегі тыйым 
сөздердің этно-мәдени ерекшеліктері нақты мысалдармен салғастырыла талданады.
Түйін сөздер: 
қазақ тілі, қытай тілі, тыйым сөздер (табу), эвфемизмдер, мәдениет аралық қарым-қатынас, 
этно-мәдени талдау 
Жалпы тіл дегеніміз – ұлт мәдениетінің алтын қамбасы, сондай-ақ өзі де мәдениеттің маңызды 
құрамдас бөлігі болып есептеледі. Қытай тілі мен қазақ тіліндегі тыйым сөздердің қолданылу 
ерекшелігіне назар аударатын болсақ, көптеген айырмашылықтармен бірге, өзара ұқсастықтардың да 
бар екеніне куә боламыз. Осы айырмашылықтар мен өзара ұқсастықтарды дұрыс аңғарып, дұрыс бір 
жақты ету – тілді үйрену мен қолдануда көптеген жеңілдіктерге жол ашады. Өйткені тыйым сөздер – 
тілдің ішіндегі ерекше «тіл» болғандықтан, ол мейлі нақты қарым-қатынаста болсын немесе оқыту 
үдерісінде болсын, өзінің өзектілігін еш қашан жоғалтпайды. Әсіресе, қытай-қазақ халықтарының 
діни-мәдени айырмашылығы өте үлкен, тарихи-мәдени кешірмесі (біреуі ежелден көшпелі, енді 
біреуі ежелден отырықшы) де алыс жатқандықтан, олардың тіліндегі тыйым сөздердің «тыйым салу 
ауқымы» да сәйкес келе бермейді. Яғни, ұқсас бір зат (немесе құбылыс) екі халықтың тілінде екі 
бөлек мағынаға (тыйымға ұшырайтын немесе ұшырамайтын) ие болуы мүмкін. Сондықтан да 
мәдениеттанушылар, көп жағдайда, бір ұлттың тілін сол ұлт мәдениетінің айнасы деп жатады. Әрине, 
кез келген тілдегі «тыйым сөздерге» зер салатын болсақ, бұл тұжырымның өте орынды 
айтылғандығына екіленбей бас изеуге тура келеді.
Бүгінгідей ғылым мен техника ұшқан құстай самғап бара жатқан заманда, экономика мен 
мәдениетіміз жаһанданумен бетпе-бет келіп отырған кезде, мәдениет аралық қарым-қатынас 
қабілетімізді қалай көтереміз? деген сұрақ сәт сайын алдымыздан шығады. Өйткені мәдениет аралық 
қарым-қатынас қабілетімізді көтеру – бүгінгі Қазақ елінің әлеуметтік және халықаралық қарым-
қатынасындағы аса өзекті ғана емес, күрмеуі күрделі мәселенің бірі екені жасырын емес. Әсіресе, 
Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде, дүниежүзі 
елдерімен тікелей, қоян-қолтық араласа бастағаннан бері, біздің мойнымызға тек өзімізді өзгелерге 
таныту міндеті ғана емес, сонымен бірге өзге елдерді тану міндеті де жүктелді. Сондықтан қытай 
тіліндегі тыйым сөздерді жақсы меңгеру, қытай-қазақ тілдеріндегі тыйым сөздердің айырмашылығы 
мен ұқсастықтарын жан-жақты бағамдау – екі халық ортасындағы мәдениет аралық қарым-қатынасқа 
жан бітіреді, оны жаңа бір сапалық белеске көтереді деп сенімді түрде айта аламыз.
Тыйым сөздер әлемдегі барлық тілдерге тән ортақ құбылыс. Сондай-ақ, ол қай тілде болмасын 
тіршіліктің барлық саласына қатысты айтылады. Сондықтан оны тек тілдік құбылыс ретінде немесе 
тек қана мәдени құбылыс ретінде ғана қарастыру жеткіліксіз. Бұл туралы түркі тілдес халықтардың 
тілдеріндегі тыйымдар туралы ішкерлей зерттеп жүрген көрнекті түрколог-ғалым, профессор 
Ә.Ахметов өзінің әйгілі «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер» деп аталатын зерттеуінде: «Табу 
мен эвфемизмдер – кез-келген халықтың тілінен орын алған ауқымы кең этнографиялық лексика. 
Сондықтан да оларды этнография мен лингвистиканың шектес аймағын зерттейтін этнолингвистика 
ғылымының объектісіне жатқызған жөн» [1, 140], – деген болатын. Өйткені этнолингвистика – тілді 
оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерттейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және 
этнопсихологиялық факторлардың біте қайнаса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін 
зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
«Тыйым сөздер» халықарада «taboo» (табу) деп аталады. Бұл атауды ең алғаш ғылыми айналымға 
енгізген ағылшын жиһангезі Джеймс Кук (James Cook) деген адам. Ол 1777 жылы Тынық мұхиттың 
оңтүстігіндегі Тонга топ аралынан таңқаларлық бір құбылысты байқайды. Яғни, ондағы жергілікті 
халық өкілдері Дж.Кукке «кейбір сөздерді қолдануға болмайды», «кейбір сөздерді белгілі бір адамдар 
ішінара жағдайда ғана қолдана алады» деп түсіндіреді. Бұндай салт-дәстүрлерінің атын олар «табу» 
деп атайтындығын айтады. «Табу» – Тонга топ аралындағы жергілікті халықтың тілінде «Құдай» 
және «жұғысуға болмайды» деген мағналарды білдіретін сөз. Содан бастап «табу» сөзі Батыс 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
29
елдерінің этнография, социология, лингвистика, мәдениеттану, теология т.б. ғылым салаларына 
ресми түрде енгізілді. Дегенмен, бұл құбылыс Батыс елдерінің тілдерінде бұған дейін де бар болатын.
Жалпы табу мен эвфемизмдердің о бастағы туу себебіне келетін болсақ, ғылым мен мәдениет мүлде 
дамымаған, адамзат баласы өркениеттің ең төменгі сатысында өмір сүріп жатқан замандарда, адам та-
биғат дүниесіндегі тылсым күштер мен құбылыстардың алдында ырықсыз күйде өмір сүріп қана қал-
мастан, олардың сыры мен құдіретін түсінуге қауқарсыз болды. Осылайша, алғашқы адамдарда сол 
тылсым күштер мен құбылыстарға деген бір түрлі құрмет пен қорқыныш сезімі пайда болды да, олар-дың 
атын тікелей атамайтын, оларға бей-берекет жұғыспайтын әдет қалыптасты. Міне бұл «табудың» пайда 
болуының ең алғашқы әлеуметтік, психологиялық негізі еді. Сонымен бірге, кейіндеп адамзат қо-ғамында 
сөздің магиясына сену пайда болған кезде, табу мен эвфемизм одан сайын жандана, түрлене түсті. Сөз 
магиясына сену дәурендеп тұрған шақта, психологиялық фактор тіпті де маңызды рөл ойна-ды. Мәселен, 
теңіз және өзен жағалап өмір сүрген қытайлар «

» (төңкеру, аудару, аударылу деген ма-ғыналарды 
білдіреді) сөзін тіке айтуға қорқады және өзгелердің айтуына да тыйым салады. Осының салдары болу 
керек, Шаньдуң өлкесінің Чаңдао аралында тұратын қытай балықшылары «
翻过来
» (ау-на, аунат) деген 
сөзді «
划过来
» (есіп немесе жүзіп келу) деп, ал Гуаңдуң балықшылары «
翻过来
» деген сөзді «
顺过来
» 
(сәтімен келу) деп, Чаңдао аралында тұратын қытай балықшылары «
帆布
» (желкен) де-генді «
篷布
» 
(брезент) деп, ал Сучжоу жұмысшылары «
抹布
» (шүберек) деп «тергеп» айтады. Өйткені «аударылу» 
деген мағынаны білдіретін «

» сөзін айтса, қайықпен балық аулап суда жүргенде қайық аударылып 
қалады деп қорқады. Ал «желкен» деген мағнаны білдіретін «
帆布
» сөзіндегі «

» иероглифі «аударылу» 
дегенді білдіретін «

» иероглифімен үндес болғандықтан, оны да тура айтуға тыйым салынған [2, 97].
Қысқасын айтқанда, жер бетіндегі қай халықтардың мәдениетін салыстыра, салғастыра қарайтын 
болсақ та, өзара айырмашылықтармен бірге, өзіндік ұқсастықтарды да аңғаруға болады. Ал осы 
айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айқын аңғарған адам былайғы жерде, мәдениет аралық қарым-
қатынас барысында нені айтуға болатынын, нені айтуға болмайтынын жақсы білетін болады, сөйтіп 
«табудағы» ортақтықтан қарым-қатынастағы ортақтыққа қол жеткізеді. Ал айырмашылық арқылы 
өзге мәдениеттің ерекшелігін ұғынып, қарым-қатынаста қателесуден сақтанатын болады.
Қытай және қазақ тілдеріндегі тыйым сөздердің қолданылуындағы ортақ ерекшеліктер негізінен 
кейбір заттар мен құбылыстардың аттары, діни, психологиялық және физиологиялық ұғымдарды 
салыстырудан байқалады.

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау