Нұржан сейілбеков, "Солтүстік Қазақстан". ӘСкери сапта студенттер



жүктеу 35,5 Kb.
Дата10.11.2018
өлшемі35,5 Kb.
#18882

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, "Солтүстік Қазақстан".

ӘСКЕРИ САПТА - СТУДЕНТТЕР

Бүгінгі таңда елімізде жастарға әскери білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 1998 жылы құрылған әскери кафедрада 2700-ден астам түлек қосымша мамандыққа ие болыпты. Алғашында олардың 331-і сержант атанса, бертін келе курсанттарға "запастағы лейтенант" шені беріле бастаған. Бұл студенттердің әскери салаға деген қызығушылығын одан сайын арттырып, кафедрадағы жасыл камуфляж киген жастардың қатарын қалыңдата түскен.

Жыл сайын кафедра студенттері Отан қорғаушы куні қарсаңында университет алдында сап түзейді. Шарада қала тұрғындарының назарына сайдың тасындай ұл-қыздардың әскери дайындығы ұсынылып, ардагерлерге құрмет керсетіледі.

- Соңғы жылдары еліміздің әскери әлеуетін арттыру мақсатында ауқымды істер атқарылуда. Осы себепті, университеттерде запастағы офицерлерді даярлауға ерекше көңіл бөліне бастады. Құрылғанына биыл 20 жыл толып отырған біздің кафедрамыз осы тапсырманы абыроймен орындап келеді. Әрбір азамат ата-бабадан қалған аманат – кең байтақ жерімізді көздің қарашығындай қорғауға міндетті, - дейді кафедра меңгерушісі Шайзатхан Әбжапбаров.

Бүгіндері кафедраға бара қалсаңыз, ұлдармен қатар камуфляж киген қыздард да кезіктіресіз. Нәзік жандарға әскери емірдің қыр-сырын үйрету осыдан үш жыл бұрын қолға алыныпты. Олар да қажетті сынақтан өтіп, ұлдарға түскен жүктемені орындайды. Осылай-ша талаптанып оқуға кабылданған 47 бұрым-ды бугіндері ұлдармен бәсекелесе жаттығу орындап, ішкі тәртіпті қалыптастыруда зор септігін тигізіп жүр. Мәселен, взвод командирі Әлия Расқүлова мен үлгілі курсант Шырын Кәкен мұнда жүрек қалауымен келіпті. Оларға еліміздің қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүктің ерлік жолдары үлгі болған. Қыздарға оқуға түсердің алдында кафедрадағы төрт мамандықтың екеуін игеруге мүмкіндік беріледі. Біздің кейіпкерлеріміз әскери идеолог мамандығын таңдаған. "Мен Алматы қаласының тумасымын. Жергілікті жоғары оқу орнында "Серпін - 2050" бағдарламасы аясында ағылшын тілі мамандығын меңгерудемін. Ал әскери кафедрада Қазақстан Республикасының заңдарымен, әскери бұйрықтармен танысып, картамен жұмыс істеуді меңгереміз. ¥стаздар теориялық білімнен тыс бірінші әскери-медициналық көмекті қалай беруді, саптық жүрісті, Калашников автоматын бөлшектеп, қайта жинауды үйретеді. Тапаншадан оқ атып, мергендігімізді шыңдаймыз. Заманауи құрал-жабдық пен әскери техника біздің сапалы даярлықтан өтуімізге қолғабыс жасауда. Оқу аптасына бір рет таң сәріден кеш-құрымға дейін созылады. Бұл күні университеттегі сабақтарымыздан босатыламыз, -дейді Шырын Кәкен.

Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде әскери ұстаздардың рөлі зор. Осы орайда запастағы офицерлер Баходир Джуринов пен Ерік Қаражұманов, ардполковник Николай Мулин сияқты оқытушылар сарбаздарға әскери өмірдің әліппесін үйретуден жалықкан емес.



Кафедрада алған білімнің сыналар сәті -"Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиыны. Онда еліміздің жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының курсанттары бақ сынап, өңір намысын қорғауға барын салады. 2015 жылы жалауы желбіреген бұл жарыста жерлестеріміз кешенді-күштік жаттығулар бойынша жалпы командалық екінші орынды иеленген болатын. Ал 2016 жылы жеңістің биік тұғырына көтерілді.

// Солтүстік Қазақстан.- 2018. – 17 мамыр.
жүктеу 35,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау