Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет309/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   361
file20200121044531 (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
280
мәдениеті мен танымдық қабілеті маңызды орын алады.
Қазіргі заман адамы нарықтық қоғамда көп қырлы және бәсекеге қабілетті болу үшін оның жан-
жақты дамыған, білім-білік, дағды қоры бай болуы қажет. Осыған байланысты қазіргі заманғы оқыту 
үдерісінде студенттердің өздерінен интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамытуды талап етіп отыр. Олар 
өздерінің іскерлік қабілеттерін жетілдірумен қатар, ойлау мәдениетін де қалыптастыруы керек. Оқу 
қызметі де студент тұлғасының интеллектуалдық мүмкіндіктеріне жоғары талап қойып отыр. Қазір 
таңда ақпараттар ағымының көптігі студентке болашақ кәсіби қызметін бағдарлауға қажетті барлық 
ғылыми ақпаратты қабылдауда қиындық туғызады. Өзіне қажетті білім мен ғылыми мәліметті 
сұрыптап ала білу, студенттен ойлау дәрежесі мен интеллектісінің жоғары болуын және өзінің 
бейімділік қабілетін дамытуын қажет етеді.
Реферат жазуға үйрету көбінесе академиялық мәтінге сүйенеді. Рефератты дұрыс жаза білу 
студенттердің ойлау белсенділігіне, кәсіби ақпаратты өңдеуіне, салыстырмалы түрде талдап, 
сұрыптай білуіне және ізденушілік қабілетіне, тәжірибесіне байланысты. Студент интеллектуалды 
ойлайтын және дербес, өз бетімен әрекет етуші индивид болып саналатындықтан, оның тілдік 
қызметі үнемі даму үстінде болады. Студент тағы бір ортаға қажетті қатынас құралын меңгеріп қана 
қоймай, өзі іздеп тапқан кәсіби маңызды ақпаратты саралап, мағынасын ұғумен бірге, оның 
танымдық сипатын да аша білуі қажет. Сонымен бірге материалдарды сұрыптап, екшелеп алған соң, 
алдына қойған белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешуге тырысады. Яғни реферат жазу кезінде 
таным елегінен өткізген дүниесі, енді оның осы материалды дұрыс қатысымдық тұрғыдан жеткізе 
білуімен ұштасады. Реферат – түпнұсқадан көлемі шағын, бірақ мазмұны оған барабар, құрылымы 
тұрақты, ақпараттық қызмет атқаратын ғылыми еңбек түрі. Реферат еңбекте көтерілетін мәселені тек 
атап қана қоймайтын, олардың әрқайсысының мазмұнындағы басты нәрсені бөліп көрсететін жұмыс 
деп саналады. Реферат мақсатына қарай төртке бөлінеді. Реферат жұмысы студенттердің ұсынылған 
тақырып бойынша ақпараттар жинап, сол ақпараттарды талдап, қорытып, өз мақсатына сай қолдана 
алуын (ақпараттық құзіреттілік); жиналған мәліметтерді жүйелеп, жоспар құруын, соған сай тезис 
жазуын, оның негізінде сөз құрылымы бойынша реферат мәтінін құрауын, жазылған мәтінді көпшілік 
талқысына ұсыну әдептерін сақтай отырып реферат қорғауын (коммуникативтік құзіреттілік), 
қойылған проблеманы шешу үшін өздігінен ізденіп, өзіндік жол табу, рефератты сапалы дайындау, 
оны жеткізу, талдау мен талқылау барысында айтылған сын-пікірлер мен сұрақтарға жауап бере алу 
дағдыларын меңгеруін (проблеманы шешу құзіреттілігі), тақырыптың тағылымдық мәнін түсіну, оны 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен сабақтастыра алу, жиналған мағлұматтарды өз 
көзқарасымен бірлікте дәйектеп айта алу дағдыларын меңгеруін (мәдени-танымдық құзіреттілік) 
талап етеді. Рефераттың құрылысын төмендегідей көрсетуге болады: 
Кіріспе бөлімде қамтылатын мәселелер:
еңбектің аты, авторы, жылы, баспасы, көлемі; еңбекте 
қандай мәселе, қалай, не үшін немесе не себепті көтерілген; неге зерттеу, талдау жасалған және т.б. 
Негізгі бөлімде қамтылатын нәрселер: 
еңбек қандай бөлімдерден, тараулардан тұрады? еңбектің 
мақсаты мен міндеттері қандай? еңбекте көтерілген мәселе туралы толық ақпарат (қандай мәселе, 
неге сүйеніп берілген, дәлел, тұжырым және т.б.); 
Қорытынды бөлімде 
авторы қандай тұжырымға келді; автордың тұжырымы бізді нені, қалай 
ойлауға әкелді деген мәселелер айтылуы қажет. 
Рефераттың көлемі әртүрлі болады. Реферат 500-ден 12 мың сөзге дейін болуы мүмкін (10-12 бет).
Рефераттың бірнеше түрі бар. 
Аспектілік реферат
– еңбектегі бір немесе бірнеше мағыналық, 
түйінді аспектілер туралы жазылатын рефераттың түрі. 
Монографиялық реферат
бір ғана әдебиет 
бойынша жазылса, 
құрама-рефератта 
бірнеше еңбек пайдаланылады. 
Реферат-үзінді
– еңбектің бір 
тарауы немесе бөлімін ғана қамтып жазылатын реферат түрі. 
Реферат-конспект
зерттеу әдістері, 
зерттеу нәтижелері және оны қолданудың жолдары туралы ақпаратты қамтып жазылады. 
Реферат-
түйіндемеде 
қарастырылып отырылған мәселе тезис түрінде ұсынылады. 
Реферат-шолуда
қарастырылып отырылған мәселе туралы бірнеше пікірді өзара салыстыра отырып жазылады. 
Реферат-баяндамада 
қарастырылып отырылған мәселеге жан-жақты талдау жасалып, өзіндік 
көзқарасын, пікірін білдіруге баса мән беріледі.
Қорыта келгенде, СӨЖ студенттерді негізгі ғылыми мәселені іздеуге, оның міндеттері мен 
мақсаттарын айқындай білуге баулиды. СӨЖ арқылы студенттер жаңа мәтіннің мазмұнын құрайды; 
зерттеудің ғылыми мәселесін шешудің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға төселеді; тақы-
рыптың өзектілігін анықтайды; ғылыми мәселені шешудің әдістерін таңдайды; мәтінде берілген 
мәселенің ғылыми жаңашылдығын, теориялық және практикалық маңыздылығын анықтауға 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
281
дағдыланады; қажетті материалдарды сұрыптап алуға, негізгі ойларды жинақтап, саралайды; 
терминдерді нақты қолдануға тырысып, мәтінде берілген негізгі мәселені іздеп табуға, маңызды және 
шешуші ақпаратты анықтауға, ортақ мәселелерді біріктіруге жаттығады; барлық ақпаратты 
логикалық біртұтастылықпен жүйелеуге, аталған мәселеге қатысты әртүрлі көзқарасты түсініп мен 
сыни талдау жасауға, тілдік фактілерді ұтымды қолдануға дағдыланады; мазмұнына байланысты 
материалдардың орнын ауыстыру, т.б. әрекеттерді жүзеге асырады; мәтіндегі ақпаратты жеңілдетіп 
қолдануға, түпкі мәтіннің қарапайым нұсқасын дайындауға үйренеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Базарбекова Р.Ж. Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда педагогикалық рефлексияның маңызы // 
«Хабаршы», Педагогикалық ғылымдар сериясы. − №1(49), 2016. – 172 б. 
2
 
Бейсембаева З.Б. Жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 
2009. – 278 б. 
3
 
Сластелин В.И., Каширин В.П. Психология и педагогика. – М., 2001. – 480 с. 
4
 
Лошакова Т.Ф. Педагогическое управление созданием комфортной среды в образовательном учреждении. 
– Екатеринбург: Дома учителя, 2001. – 255 с.
 
5
 
Ахметова Т.Ә. Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің қазақша сөйлеу тілін өздік жұмыс 
арқылы дамыту әдістемесі (экономика мамандығының орыстілді топтары үшін): пед. ғыл. канд. ... автореф. 
– Алматы, 2008. – 120 б. 
6
 
Бейсенбаева З. Жоғары оқу орындарында сөзжасам пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: пед. 
ғыл. докт. ... дис.: 13.00.02. – Алматы: ҚМҚПИ, 2005. – 360 б.
7
 
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии // Сб. мастера психологии. – Изд. 4. – СПб., 2000. – 720 с. 
Р.С. Рахметова

1
Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
Алматы, Казахстан 
 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау