Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет305/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
275
2. Алынатын жазба жұмыстарының тәрбиелік мәні болуы тиіс (ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, 
тұлғаның рухани жаңғыруына әсер ететін т.б. мазмұндағы мәтіндер).
3. Жазба жұмысында берілетін тілдік тапсырма нақты, түсінікті, айқын болуы қажет (екіұдайлы 
тапсырмалар берілмеуі керек). 
4. Берілетін жазба жұмысы тіл дамытумен байланысты болуы керек. 
5. Берілетін жазба жұмыстары оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталуы тиіс. 
Қазіргі кезде қазақ тілі сабағында көп көңіл бөлінетін жазбаша жұмыстардың бірі – жазбаша 
жаттығу жұмыстары. Әдіскер Г.Іскендір тілді үйретуде жаттығу жұмыстарының маңыздылығын 
былай атап өтеді: «Тілді үйрететін негізгі құралдардың бірі – жаттығулар. Әдетте, жаттығулар 
дидактика заңына сәйкес жеңілден басталып, барған сайын күрделене, қиындай береді. Жаттығу 
жұмыстарының мәні өте зор» [5, 345 б.]. Сабақта жүргізілетін жаттығу жұмыстары оқушылардың 
қандай грамматикалық материалды игеруіне де байланысты болады (фонетикалық, лексикалық, 
морфологиялық, синтаксистік, т.б.). Әрбір мұғалім оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында 
жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жұмыстарды өнімді жүргізу үшін мұғалім алдына 
мынандай талаптарды қоюы керек: 
 
1. Кез келген жаттығу жұмысы өтілген тақырыпты бекітуге, пысықтауға бағытталуы қажет. 
2. Белгілі бір жаттығуды орындату үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай 
білімі болуы шарт. 
3. Мұғалім тарапынан орындатылатын жаттығу оқушыны қызықтыра алатындай болуы шарт. 
4. Жаттығу жұмысы оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне дағдыландыра алуы керек. 
5. Жаттығу жұмыстары оқушының шығармашылық қабілетін шыңдай алатындай болуы қажет. 
Ал осындай алға қойылған талап-тілектердің орындалуы мұғалімнің жеке қабілеті мен дарынына, 
кәсіби шеберлігіне және де оқулықтағы жаттығудың сапасына тікелей байланысты. Сыныпта 
орындалатын жаттығу жұмыстары көбінесе мұғаліммен бірге орындалады, бірге талданады. Егер 
оқушы бір жаттығудың шартын түсінбесе, мұғалім өз тарапынан оны түсіндіруге тырысады, қалай 
орындалу қажеттігі жайлы бағыт-бағдар береді. Сабақта өтілген тақырыпқа қатысты әбден 
пысықталған жаттығудың негізінде үйге тапсырма беріледі. Мұғалім жұмысының жетістігі 
оқушының үйде орындалған жаттығуынан көрінеді. Жаттығу жұмыстарының осындай маңызы мен 
нәтижелігі туралы К.Түсіпова былай дейді: «Әрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалып-
тастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын 
жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақты-
ланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға 
дағдыланады. Оқушылар жаттығу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау, бір тұлғаны екінші тұлғамен 
салыстыру, абстракциялау, жалпылау жұмыстарын жүргізеді» [6, 14]. Сондықтан да, аса тәжірибелі 
мұғалімдер жаттығу жұмысына сол себепті көп көңіл бөледі. 
Жазылым әрекеті бойынша жиі жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының тағы бір түрі – шығар-
машылық жазба жұмыстары. Негізінен бүгінгі таңда шығармашылық жазба жұмыстары оқушылардың 
пәнге деген қызығушылығын арттырады, танымдық белсенділіктері мен ойлау қабілеттерін шыңдайды, 
сабақ барысында алған мағлұматтары бойынша өзіндік ой-пікірдің қалыптасуына әсер етеді. Өз бетімен 
орындалған шығармашылық жазба жұмыстарының нәтижесінде оқушы түрлі жағдайларда ой 
қорытындысын жасай алады, өзінің орындаған жұмыстарына баға береді. Кей оқушылар тіпті 
тапсырманы орындау барысында өзіндік жаңалық ашып, жауабы жоқ сұрақтардың шешімін табуы да 
ықтимал. Тек мұғалім оқушының осындай жазба жұмыстарды сапалы орындауы үшін жағдай жасап, 
әрдайым оны қолдап, осындай тапсырмаларды нәтижелі орындау үшін мотивация туғызуы қажет. 
Нәтижесінде оқушының тілі дамиды, сөздік қоры молаяды, өзіндік түйін жасау қабілеті артады.
Қазіргі кезде шығармашылық жазба жұмыстарының бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, реферат, 
баяндама, жағдаяттық жаттығулар, ойтолғау, эссе, шығарма кейіпкеріне мінездеме немесе өзінің 
атынан хат жазу, т.б. Мәселен, жаңа білім беру мазмұнына сай «Атамұра» баспасынан шыққан 7-
сынып оқулығында «Ауа және тіршілік» тақырыбын өткенде авторлар 11-тапсырмада оқушылардан 
ғаламтор материалдарын пайдаланып, дүние жүзінде болып жатқан климаттық өзгерістер жайында 
эссе жазуларын сұрайды [7, 30 б.]. Дәл осы баспаның мұғалімдерге арналып шығарылған әдістемелік 
нұсқаулығында авторлар тақырып бойынша эссе жазудың талаптарын, мұғалім орындайтын 
шарттарды атап көрсетеді. Оқу-әдістемелік кешен авторлары эссеге мынадай талаптар қойылуы керек 
деп санайды. Мәселен, 
эссеге қойылатын талаптар:
нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, 
қорытынды бөлімнен құралуы шарт; шынайы өмірмен байланыс болуы тиіс; өзіндік тың пікірлер 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
276
келтіру керек; баяндау стилі нақты болуы шарт; эссе мәтіні орфографиялық нормаға сай жазылуы 
қажет; көлемі – 100-150 сөз 
(Ескерту: кіріспе бөлімде оқушы өзінің ойын 3-4 сөйлеммен берсе 
жеткілікті. Тақырыпқа қатысты не айтқысы келетінін соңғы сөйлемінде береді. Негізгі бөлімде 
оқушы өзінің айтқан әр ойына дәлел келтіріп отыруы қажет. Қорытынды бөлімде кіріспеде 
айтылған соңғы сөйлемдегі ойына қатысты және де негізгі бөлімдегі дәлелдемелеріне байланысты 
нәтиже көрсетілуі тиіс)
[7]. Жазбаша шығармашылық жұмыстарын орындау барысында 
тапсырмалардың бұлай нақты берілуі және де оның әдістемелік нұсқаулықта таратылып айтылуы 
мектеп мұғалімі үшін өте үлкен көмек болары сөзсіз. Әсіресе, жас мамандар үшін мұндай ұсыныс пен 
талап-тілектер өте қажет-ақ.
Қорыта келегенде, кез келген жазылым әрекеті негізінде орындалатын жазбаша жұмыстар 
оқушылардың пән бойынша білімдерін бекітіп, өз беттерімен жұмыс жасауға талпындырады, яғни ол 
өзіндік ой қорытуға дағдыланады. Мұғалімнің міндеті тақырыпты түсіндірумен шектелмейді. Ол 
осындай жазбаша жұмыстарды орындату үшін әр оқушының білік-дағдысын, білім деңгейін, дара 
қабілетін әрдайым есепке алып, аталған жұмыстардың нәтижелі орындалуы үшін жағдай туғызуы 
қажет. Яғни, әр жазбаша жұмысқа аса мән беріп, оқушыны соған сай бағалауы қажет деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 272 б.
2
 
Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. – Алматы: Ғылым, 1998. – 437 б. 
3
 
Оралбаева Н. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Павлодар: Типография Сытина, 2011. – 424 б. 
4
 
Бөгенбаева А. Креативті ойлаудың тіл дамытудағы маңызы // Абай ат. ҚазҰПУ-дің Хабаршысы. 
«Филология ғылымдары» сериясы. − №2 (56). – 2016. – Б.43-47. 
5
 
Әдістеме әлемінде. Ғылыми-әдістемелік жинақ. – Алматы: «Сардар», 2008. – 368 б.
6
 
Түсіпова Қ. Қазақ тілін оқыту. (Жазба жұмыстар). – Павлодар, 2006. – 119 б. 
7
 
Қосымова Г., Рахметова Р., Юсуп А. Қазақ тілі: Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 7-
сыныбының мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2017. – 178 б.
 
Ф.Ш. Оразбаева
1
, А.Абдреш

 
1,2
Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
г. Алматы, Казахстан 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау