Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет308/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
279
ұжымдық және фронтальды болып бөлінеді. Орындалу орнына қарай дәрісхана немсе дәрісханадан 
тыс жерде іске асырылады. Студенттің өздік жұмыстары конспект жазу, семинар не практикалық 
сабақтарға дайындалу, реферат, және т.б. жазу арқылы орындалады. СӨЖ мазмұны курс тұжырым-
дамасы, ЖОО-ның техникалық мүмкіндіктері, кітапхананың кітаптармен қамтамасыз етілуімен 
анықталады. СӨЖ-дің нәтижесі бақылаудың жазбаша формалары: конспект, реферат, баяндама, эссе, 
шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, жаттығу жұмысы, ғылыми мақала, аудио, видео есеп және 
т.б. түрінде ресімделеді және ақпараттың әр түрлі көздерін еркін пайдалана алу мен оқытудың 
электрондық құралдарын қолдануға тиімді жағдайлар жасалуына байланысты. Оқу жоспарына сай 
СӨЖ барлық пәндер бойынша ұйымдастырылады [5]. Орындалу деңгейіне қарай бейнелі, вариативті, 
эвристикалық және шығармашылық болып бөлінеді. З.Бейсембаева өздік жұмысқа берілетін 
тапсырмаларды студенттердің орындау әрекетіне қарай репродуктивті, іздену деңгейі және зерттеу-
шілік деңгей деп үшке бөліп қарастырады. Түріне қарай жұмысты білімді бекітуге арналған, білімді 
толықтыруға арналған және білімді жаңғырту мәніндегі өздік жұмыстар деп саралайды [6, 194]. 
Соңғы жылдары еліміздің біртұтас жалпыевропалық білім берудің Баллон үдерісіне қол қоюы 
жоғарғы мектептегі өздік жұмыстарды басқаша ұйымдастыруға жол ашты. Дәрісханадан тыс 
жұмыстарды және студенттердің оқытушымен бірлескен өздік жұмыстарын орындауға ерекше мән 
берілді. Студенттердің өздік жұмыстары факультет қабырғасында қалыптасады. Бірақ дәрісханадағы 
сабақтардан өзгешелігі, олар, бір жағынан, студенттің толық тәуелсіз әрекетін, уақыт қалауын, 
жұмысты орындау бағытын, әдісін, орындау тәсілдері мен құралдарын, ал екінші жағынан – 
белгіленген жұмыс көлемін орындау міндетін анықтайды. Сондай-ақ, өздік жұмыстың бұл түрі 
жоғарғы оқу орнының оқытушысынан студенттің әрекетін үнемі бақылауда ұстауды талап етеді. 
Өздік жұмыстарды жүргізу оқытушыдан әрдайым білім беру үрдісінде оқу пәніне қойылатын мақсат 
пен тапсырмаларды жете түсінуді, оны әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыруды қажет етеді. Тапсыр-
малар әр түрлі болып, студенттің сапалы білім алуын қамтамасыз ететін, олардың шығармашылық 
қабілетін, тұлғалық, даралық стилін дамытуға әсер ететіндей болуы шарт. Әр тапсырманы орындауға 
қойылатын талаптар мен бағалау крийтерийлері көрсетілуі тиіс. Сонда ғана кәсіби біліктілікті 
жетілдіріп, студенттердің нәтижеге жетуіне ықпал етуге болады.
Теориялық талдаулар маманды ғылыми талданған, қазіргі кезеңнің өзекті мәселесі деп танылған 
жана идеялармен қаруландырады. Психолог С.Л. Рубинштейн «По настоящему видеть крупные 
теоретические проблемы – это значит видеть их в сооответствии с коренными вопросами жизни», – 
деп, келелі теориялық мәселелерді шын мәнінде түсіндіру үшін оларды өмірлік жағдаяттармен 
байланыстыру қажеттігін айтады [7]. Жұмысты бұлай ұйымдастыру нақтылы бар материалды 
бағалауға және оны белгілі бір үлгіде талдап беруге, ғылыми теорияның жаңашылдық бейнесін дәл 
тануға мүмкіндік береді.
Ғалым-әдіскерлердің өздік жұмыс туралы пікірлерін сараптай келе, өздік жұмыстарды 
репродуктивті және реконструктивті жұмыстар деп бөлуге болады. Репродуктивті өздік жұмыстарға 
конспект жазу, картотека түзу, тезис, реферат жазу, тезаурус құру, глоссарий жазу және т.б., ал 
реконструктивті өздік жұмыстарға аннотация, сын-пікір, түйіндеме жазу және т.б. жұмыстарды 
жатқызуға болады.
Репродуктивті өздік жұмыстың
мақсаты – білімді бекіту, қабілеті мен дағдысын қалыптастыру. 
Репродуктивті өздік жұмыс студенттердің өткен білімдерін еске түсіріп, ой елегінен өткізіп 
қолдануларына мүмкіндік туғызады. Бір қарағанда оңай тәрізді көрінгенмен репродуктивті өздік 
жұмыстар логикалық ойлауды қажет етеді. Егер студенттің білімі жеткілікті болмаса, қарапайым осы 
өздік жұмыстарды да орындай алмауы мүмкін.
Өздік жұмыстың бұл түрі тақырыпқа байланысты түрлендіріліп отырылғаны жөн. Берілген мәтін, 
реферат тақырыбы бойынша жоспар жасау; мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жоспар құру; 
еңбектерді жинақтап картатека жасау, тақырып бойынша тезаурус құру; ғалымдардың еңбектері мен 
жарияланған мақалалар бойынша қысқа тезис дайындау және т.б. жұмыстарды орындатуға болады.
Өздік жұмыстардың ішінде жоғары оқу орнында ең жиі қолданылатын – реферат жазу. 
Студенттермен реферат жұмысын ұйымдастыру студенттердің қандай мектепті бітіріп келгеніне, қай 
курста оқитынына, студенттердің психологиялық даму ерекшеліктеріне, пәндердің өзіндік ерекше-
лігіне, оқытушының қойған талабына және т.б. көптеген факторларға байланысты болады. Реферат 
студентті пән бойынша қамтылатын тақырыптарды тереңірек меңгеруге жетелейді. Реферат мазмұны 
көбінесе теориялық материалдарға негізделеді. Кәсіби маңызды шешімдердің нақтылығы студенттің 
жеке психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бірақ бұл ерекшеліктердің ішінде оның ойлау 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау