Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет301/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   361
file20200121044531 (1)

«қазақ тілі – мемлекеттік тіліне» ешбір зиянын тигізбеу керек. 
Орыс тілі мен ағылшын тілі қазақ 
тілінің өміршеңдігіне ешбір қауіп төндірмеу керек. «Қостілділділіктен» «үштілділікке» ауысуымыз – 
Қазақстан Республикасының мерейін арттыратын сарабдал саясат деп елбасымыз айтып өтті. 
Ағылшын тілін білу – жаһандық экономикаға аса қажетті тіл болып отыр, ағылшын тілінде әлем 
сөйлейді. Білімнің кілті қазір орыстарда емес, ағылшындарда (ағылшын тілділерде) болып отыр. 
Ағылшын тілі – БҰҰ-ның бекіткен алты тілдерінің негізгісі, халықаралық қарым-қатынас жасаудың, 
экономика мен бизнестің, ғылым-білімнің тілі. 
Мемлекетіміздің өзге елдермен қарым-қатынасының арқасында қазіргі таңда жетіп жатқан 
жетістіктері қаншама... Ал сол жетістіктерге қол жеткізу үшін өзге тілді меңгеру қажеттілігі күннен 
күнге маңыздылығы артпаса кемімесі анық. Бүгінгі таңда үш тілден, яғни қазақ, орыс, ағылшын 
тілдерінен өзге, тағы да басқа тілдерді білу біздің қоғамымызға, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне зор 
үлес қосары сөзсіз. Ең бастысы көптілділік адамның есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, зейінді, 
тапқыр болуына тигізер әсері зор екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Көптілділік біздің елімізде 
Елбасының «үш тұғырлы тіл» саясатынан бастау алған. Осыған орай бүгінгі таңда қоғамымыздың 
қай саласы болмасын көптілді мамандардың қажеттілігі артуда. Оның өзіндік себептері бар [6, 17]. 
Бірақ мына нәрсені мықтап есте ұстаған дұрыс, академик, ғалым Әбдуәли Қайдар ағамыз 
айтпақшы:
«Бір мемлекеттегі адамдарды бір мақсат-мұратқа топтастыратын, бір идеологияға 
қызмет еттіретін күш – тіл»
. Үш түрлі тіл халықты бір арман-мұратқа қаншалықты дұрыс жеткізе 
алады? Халықтың өзі үш жікке бөлініп кетпеу кепілдігі бар ма? «Қостілділіктің» бір ұшқыны 
«Ана 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
271
тілінен қол үзген әлеуметтік жіктің»
(Ә.Қайдар) пайда болуына әкеп соқты емес пе? 
«Үш тілді бірдей білу керектігін, реформасын дұрыс түсінбей, түсінсек те, басымдықтың қай 
тілде екенін мойындамай жүргендер көп. Жалпы өзі «үш тұғырлы тіл» деген сөз тіркесінің өзі 
сәтсіз құрылған. Тұғыр сөзі тек қана қазақ тіліне қолданылуы тиіс. Қазақ тілі ана тілі ретінде бір 
жүк арқаласа, мемлекеттік тіл ретінде тағы бір жүк арқалайды. Тіл ортақ болмай, қоғамның 
ортақ проблемалары да шешілуі мүмкін емес» (Асылы Осман). «Үштілділік дегеніміз – бір тіл, яғни 
қазақ жеріндегі қазақ тілінің негізінде қалған орыс пен ағылшын тілін қоса пайдалану, тағы да 
қайталап айтамын, тек ана тіліміздің негізінде. Ал, үш тұғырлы тіл деген мүлдем басқа мағына 
береді. Тұғыр біреу ғана болуы тиіс, үш тұғыр болмайды. Ең бастысы қазақ тіліне басымдық берілуі 
керек, тек осы принципте ғана қосымша екі тіл қосалқы қолданыс тілдер ретінде қабылдануы тиіс» 
(Бақытжан Хасанов). «Не десек те, үш тілді үйрену, қолдану аясын бір сызықтың бойына емес, ең 
болмаса үш сызыққа, әрқайсысының өз орнын көрсетіп қоятын ереже керек. Мүмкін, ондай тілдік 
саясаттың да оң нәтижесі көрініп қалар» деп пікір ашық пікір білдірген қоғам қайраткерлеріміздің 
ұстанымдары ұлт үшін де, саяси тұрақтылық үшін де көп қолды қолдауды қажет етеді 
[7].
 
Сонда «үштілділіктегі» әр тіл өз қызметін адал атқаруы тиіс: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – 
ұлтаралық тіл, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кіру тілі. Мемлекет ішінде қоғамның барлық 
салаларында бір-ақ тіл, ол – мемлекеттік тіл қызмет ету керек те
,
ал мемлекет сыртында он тіл қызмет 
атқарса да дау тудырмайды. Расында мемлекет «үштілділік» пен «үштұғырлылық» деген ұста-
нымдарды бір-бірінен айқын ажырата алу керек. Себебі екі ұғымның жетелер түпкі идеясы екі басқа. 
Қазақ тілінің тағдырын А.Байтұрсынұлындай артық ойлаған азамат кемде-кем. «Қазақ» газетінің 
бір санында: 
«Арамызға әр түрлі жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай, қазақ ұлты 
болып тұра аламыз ба? Осы – біздің төсекте дөңбекшітіп, ұйқымызды бөлетін нәрсе. Басқа 
жұрпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) 
бар жұрттар тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілінде жазған жұрт еш уақытта жоғалмайды. 
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған 
ұлттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін 
аздыруға тырысады. Егер де біз қазақ деген ұлт болуды тілесек, қарын ашпау қамымен бірге, 
тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» – 
деп дабыл қаққан болатын. 
 
«Алайда Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, 
мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот 
саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар – өз 
функцияларында қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек» 
[1, 206], – деп елбасы 
Н.Ә. Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында ашық түрде, 
қатаң қолға алынуды тапсырған болатын. Арада 10 жылдан астам уақыт өтті. Уақыт бар, мүмкіндік 
бар деген елбасы сөзін тағы да негізге ала отырып, тек жастар емес, аға буынға да айтарымыз сол – 
әлі де уақыт бар. Себебі Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2017-2020 жылдар аралығындағы үшінші кезеңіне 
сәйкес, мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін «Қазтест» тапсырудың нәтижесі 
бойынша 2020 жылға қарай – 95% құрау қажет. 
Соңғы 2-3 жыл еліміз үшін тарихи күрделі құбылыстарды бастан өткерген, жаңа бетбұрыстарға 
толы жыл болды. Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясы, «Үштілділік» мәселесі – бір-бірімен бас-аяғы 
ұштасып жатқан жалпы халықтың, қазақ халқының жаңа белеске шығуына ықпал етуші, батыл 
қадамдардың ілгері бастауларына жол тартар сындарлы сяасат болып отыр. «Үштілділіктің» мақсаты 
Қазақстан Республикасының негізгі ұйытқысы қазақ халқының мүддесі үшін шешілу қажет. 
«Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы» деп ұлтты ұлы идеяға ұйыстыратын елбасы 
үндеуінде қазақ халқымен бірге ажырамасыз өмір сүріп келетін ана тіліміз қазақ тілінің де идеясын 
мәңгіге меңзеді. 
Бұл – тек қазақ халқының ғана емес, барша Қазақстан азаматтарын алға жетелейтін, жаппай 
«қазақстандыратын», «біріздендіретін» саясат деп түсінеміз.
Бұл – Қазақстанда өмір сүретін әр ұлт тарихы мен мәдениетін ұмыттыру деген сөз емес, 
керісінше, Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса 
маңызды факторы ретінде мемлекеттік тіддің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді 
тіл саясатын жасау болып табылады.
Бұл – тәуелсіз елдің барша азаматтарының ынтымақта, бірлікте, татулықта өмір сүрудің бірден-бір 
кепілі деген сөз.


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
272
Бұл – ұлт бірігейлігі мен ұлттық қауіпсіздіктің негізі нышаны. Ұлт бірегейлігін көксеген еліміздің 
ұстанып отырған саясаты тіл бірегейлігін де меңзейді. Себебі тіл бірегейлігі – барша қазақстан-
дықтардың өміршеңдік пен ынтымақтың берік кепілі.
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Мемлекеттік тіл саясаты (нормативтік-құқықтық актілер жинағы). – Астана: «Ш.Шаяхметов 
атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы», 2014. – 17 б. 
2 Вахтин Н.В., Головко Е.В. Социолингвистика и социология языка. – СПб., 2004. – 39 б. 
3 Исследования официальных языков по странам. 
https://ru.m.wikipedia.org/wiki/Официальные_языки_Европейского_союза 07.11.2007. 
4 «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық 
ғылыми-теор. конф. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 66 б. 
5 «Мемлекеттік тіл саясаты және тіл мәдениетінің өзекті мәселелері» атты ІІ Халықаралық ғылыми-
практ. конф. материалдары. – Орал: «Ағартушы» баспасы, 2008. – 26 б. 
6 Баймурзина А.А. Қазақстандағы көптілділік ғылым призмасы арқылы. // Абай ат. ҚазҰПУ. Хабаршы. 
Филология ғыл. сер. – 2016. – №4 (58). – Б.17-21. 
7 Асылы О., Хасанов Б., Әшімханов Д. «Қазақ тілі тек қазаққа ғана керек» // Жебе, 21 ақпан, 2017. – Б.2-3. 
К.К. Куркебаев
1
, Д.Н. Еселбаева

 
1,2
Казахский национальный университет имени аль-Фараби, 
 г. Алматы, Казахстан 
 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау