Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
269
тіл саясатын жүргізудегі қарқынды дамуларға мемлекеттің өзі тікелей ықпал етеді.
Білім-ғылым, мәдениет пен өркениет, эмиграциялық қоныс аударыстар, одақтас мемлекеттер мен
империялардың құрылуы мен құлауы, соғыс-бейбітшілік келісімдер, түрлі тарихи-қоғамдық, саяси-
экономикалық жағдаяттарға байланысты, бір мемлекетте бірізді этникалық топ өкілдері кездеспейді.
Десе де бір ұлттың негізінде құрылған мемлекеттер ретінде
Жапония, Оңтүстік және Солтүстік
Корея, Италия, Португалия, Бангладеш, Дания, Бразилия, Польша, Исландия және Венгрия
танылады.
Көп жағдайда этникалық топтар мен олар шоғырланған жердің тілдік типологиясы бір-бірімен сәйкес
келе бермейді. Сол үшін кейбір мемлекеттердің тілдік саясаты осындай жағдаяттарға байланысты саяси
ұтымды шешім тауып жатса, енді біреулері тілдік қақтығыстардың орын алуына себеп болып жатады.
Көпұлтты мемлекеттердің тілдік жағдайы біртілді немесе қостілді мемлекеттермен салыстырғанда
күрделі. Ондай мемлекеттер барлық ұлттарды біріктіруші ортақ, бірізді идеяны іздейді.
Көптілді мемлекет деп танылуы үшін, мемлекетте үш немесе одан да көп тіл қоғамның барлық
салаларында тең дәрежеде қызмет етуі керек. Мәселен Европадағы
Бургенланд дейтін мемлекетте
хорват, венгер, сыған, словен тілдері; Швейцарияда неміс, француз, итальян, ретороман тілдері;
Үндістанның астанасы Делиде – хинди (бірінші ресми тіл), панджаби және урду (екінші ресми
тілдер) тілдері; Сингапурда – малай (ұлттық), ағылшын, қытай, тамиль (ресми) тілдері; Зимбабвда
– ресми тіл ретінде 16 тіл бекітілген; Конго Республикасында – француз (ресми), китуба (конго;
ұлттық), лингала (ұлттық) тілдері бекітілген
[3].
Көптілді мемлекеттер сол мемлекетте өмір сүретін этникалық топтардың пайыздық үлесі мен
негізгі ұйытқы халықтың негізінде «мемлекеттік», «ресми», «ұлтаралық» т.б. тілдерді бекітеді.
Тілдерге берілген мәртебелерге сәйкес, мемлекет ішінде ұлтаралық қақтығыстар та мәселені айналып
өтпейді. Десе де Швейцария мемлекеті заң жүзінде 4 мемлекеттік тілді қатар алып жүрген үлгілі
мемлекет ретінде танылып отыр:
неміс тілі (сөйлеушілер көрсеткіші 64%), француз (18%), итальян
(10%) және реторман (0,8%)
[2, 43]. Мұндай тілдік саясаттың ар жағында, көптілді мемлекеттерде
екінші, үшінші тілді мойындау мәселесі тікелей сол халықтың өзін мойындауымен астасып жатыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатына қатысты ғалым Д.Әлкебаева мынандай
пікір айтады:
«1989 жылдан бері қазақ тілінің тәуелсіздік алған уақыт ішінде тіл саясатының екі
үлкен кезеңін атап өтуге болады. Алғашқысы – тілдің мемлекеттік статусына ие болған кезеңі. Бұл
кезең тіл саясатының заң арқылы толық мақұлданып, ұлттық идеологияның нағыз мәнін
айқындайтын шын мәніндегі міндеті – тіл заңы болып есептелінді… Екінші кезеңі – ХХІ ғасырдың
басындағы тіл заңы болып есептеледі. Бірақ бұл кезеңдегі тіл саясаты алғашқы тіл саясатының
күшіне ие бола алмады»
[4, 66].
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында «қазақ тілін мемлекеттік тіл деп», ал орыс тілін «ресми
тіл» деп бекіттік. Себебі бұл еңсесін енді-енді көтеріп келе жатқан 130-дан астам этникалық топтарды
біріктіріп отырған еліміздің ынтымақтастығы үшін жасалған саясат еді. 25 жыл өткеннен кейінгі
қазақстандықтардың тіл мәселесіне көзқарасы біршама өзгергенін байқауға болады. Әлбетте,
мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ерте ме кеш пе түбінде қазақ тілінің тұғыры биік, мерейі үстем болатыны
сөзсіз еді. Қазақстан Республикасының тіл заңнамаларында көрсетілгендей, мемлекетімізде өмір
сүретін ұлттардың ана тілдерінің дамуына кері әрекет жасалған жоқ. Қазір 70% өзге ұлт өкілдерінің
қазақ тілін оқуда бар күш-жігерін жұмсап, балаларын қазақ балабақшасы мен қазақ мектептеріне беру
науқаны аса байқалады. Демек, тілдік сана өзгерген, мемлекеттік тілге деген құлшыныс пен сұраныс
күннен-күнге артуда. Соған орай, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесі айқын және
болашағы зор деп айтуға толық негіз бар.
«Үштұғырлы» тіл саясатын ұстанып отырған бүгінгі Қазақстан үшінші, тілдік-саяси кезеңді бастан
өткеруде. Бүгінгі Жаңа Қазақстанның тіл саясаты «үштілділік» үдеріспен дамуға бет бұрып отыр.
«Үштілділік» идеясы 1995 жылы Еуро Одақты құру кезеңінде сөз етіліп, арнайы баяндамалар мен
алғашқы жобалар жасалынып, жүзеге асыру реформалары қарастырыла бастады. Ақпараттық ғасырда
ортақ нарықты көздеген еуропа азаматтары үш тілді тең дәрежеде білу керек деген ұстаным жаппай
енгізілді. Ал елімізде «үштілдідік» идеясын 2004 жылы елбасымыз Н.Ә. Назарбаев алғаш сөз етті.
2006 жылы Қазақстан Халықтары Ассамблеясында
Достарыңызбен бөлісу: |