Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет291/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
261
үздіксіз дамытуды қажет етеді. Ал, даму арқылы ғана бала өзінің барлық қабілеттерін нақты мақсатқа 
жұмылдыруға, ерік-жігерін жұмсай алуға ынталана түседі. Яғни білімнің мәнін, орындалатын 
жұмыстардың өзі үшін қажеттігін сезінуі нәтижесінде оқу мотивациясы қалыптасады. Мотивация – 
саналы білімнің тетігі. 
Адамның сөйлеу тілі сан қырлы болып келеді: тілдік қыры (фонетика, лексика, грамматика), 
мазмұны, стильдік сипаты. Ал бұлар білім алушыдан өз сөзін өзі бақылауды талап етеді. Оқушының 
өз сөзін өзі бақылауына база қалайтын екі себеп, түрткібар: біріншісі – қазақ тілінің әдеби тіл 
нормаларын жетік білу; екіншісі – өзінің сөйлеу тілін жетілдіруге деген мүдделілік. Сол себепті тіл 
пәні мұғалімі оқушы бойынша осы негіздердің қалануына жауапты. Өйткені бұл екі мәселеге назар 
аударылмаған жерде өзін-өзі бақылау дағдылары қалыптаспақ емес. Өзін-өзі бақылау үшін де 
оқушының тілге деген саналы көзқарасы қалыптасуы тиіс. Саналы қатынас түпкі нәтижеде білімнің 
құндылықтық маңызына барып саяды. 
Өз сөзін өзі бақылаудың екі міндеті бар. Алғашқысы – тілдік тұрғыдан да, сөз мазмұны 
тұрғысынан да қате болдырмауға тырысу, ал қате бола қалса, оны тез түзете алу. Қатені түзетудің 
уақыт жағынан алғанда екі түрі бар: 
тікелей бақылау жасау
(сөйлеп тұрған сәтте-ақ өз сөзін қайта 
түзету); 
соңыра бақылау жасау
(араға біраз уақыт салып барып өз сөзіне түзету енгізу). Тікелей 
бақылау жасау айтып не жазып отырған кезде бірден жүзеге асады да, соңыра бақылау жасау тек 
жазу жұмысына қатысты орындалады. 
Егер оқушының өз сөзіне өзі бақылау жасай білуі оның өз деңгейіне қарай, кездейсоқ жүргізілетін 
болса, оның түпкі нәтижеге жетуі, яғни тұрақты дағдыға айналуы өте баяу жүреді. Сол себепті 
мұғалім оның өзін-өзі бақылауын қалыптастыруды мақсатты түрде жүзеге асырып отыруы шарт. Бұл 
орайда әртұрлі қайнаркөздерден қызықты әрі мазмұны терең ақпараттар қамтылған мәтіндермен 
жұмыс жүргізу, ақпараттық құзіреттеліктерді шыңдауға керекті жұмыстарды жүйелі жүргізу тиімді 
болмақ. Дайын мәтіндер негізінде оқушыға өз сөзін түзетудің түрлі тәсілдерін үйрету тиімді тәсіл 
болып саналады.Оқушыға қатесін тікелей емес, ұтымды мәтіндер арқылы көрсетіп, оны қалай түзеу 
керектігін үйретіп отырған абзал. Қатесіз сөйлеудің мәнін түсінуі оқушының тілге деген құрметін 
арттырумен қатар, өз сөзіне жауапкершіліктің өз тіліне деген жауапкершілікке ұласуына әкеледі. Бұл 
да өз кезегінде оқушының ақпараттық құзіреттіліктерін сатылап жүргізуге ықпал етеді де, соңында 
олардың тіл туралы дүниетанымын кеңейте түседі. 
Мектеп тәжірибесінде оқушының өз сөзіне бақылау жасауы көбінде орфографиялық және 
пунктуациялық қателерге қатысты жүргізіледі. Дұрыс жазу ережелері дегенде де осы мәселелер алға 
шығарылады. Осының барлығының да түп төркінін түсіну лингводидактиканың талаптарын білу 
арқылы жүзеге асады. 
Соңғы жылдары көптеген ғалымдарзаманауи әдістемелік ғылымдағы«әдістемеліктің күрделілігі» 
туралы көп айтып жүр,оның ішіне ғылымның аумағындағылингводидактика мәселесі кіреді. 
Мысалы, ғалым Л.В. Щербаның көзқарасы бойынша, «көптеген ғылымдардың күрделілігіне байла-
нысты тілдерді оқыту үдерісінде де ғылыми білімді жоғарылату керек» [2, 34]. Бұл пікірдің мәні, 
біздің ойымызша, тілді оқыту үдерісінде оқушының логикалық ойлауын, дүниетанымын қалыптас-
тыруға көңіл бөлу керек дегенді білдіреді. Өйткені жалаң білім беретін оқу үдерісінің қазіргі 
өркениетті елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, балаға ешқандай пайдасы жоқ. Бүгінгі талап 
бойынша, білім балаға қызмет етуі керек, оның тұлғалық қабілеттерін дамытуы, білімнің құнды-
лықтық мәнін арттыруы шарт. Сондықтан оқушының функционалдық сауаттылығын дүниетаныммен 
өзара бірлікте қалыптастыру маңызды. Егер функционалдық сауаттылық оқушының өмірлік дағды-
ларын жетілдіруге қызмет етсе, тіл туралы дүниетанымды қалыптастыратын білімнің құндылықтық 
сипаты оқушының тілге деген қатынасын, көзқарасын тудыру арқылы тілді өзінің өміріндедұрыс, 
сауатты қолдануға алғышарт қалыптастырады. Сондықтан оқушының тіл туралы дүниетанымын 
қалыптастырудың лингводидактикалық негіздерін кеңінен зерделеу қажеттігі туындайды.
Дәл осы кезеңде өркениетті елдерде, оның ішінде ТМД елдерінің бірқатарында жаңа әлеуметтік-
экономикалық және саяси жағдай өзгерді, қоғамның түрлі салаларында инновациялық тенденциялар 
пайда болды. Соның бірі тілді меңгеруге деген талап пен мақсаттың өзгеруінен көрінеді. Ендігі жерде 
тілді ұлттық құндылық, оны білуді бәсекелестікке қабілеттіліктің бір шарты деген түсінік қалыптаса 
бастады. Мұндай талаптарда көптеген адамдар үшін туған тілді жетік білу тілдік қажеттілікке 
айналды әрі оның рухани мәдениетінің, азаматтық позициясының, елжандылығының көрсеткіші деп 
саналатын болды. Заман қойып отырған мұндай талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыру икемді 
және нұсқалы жүйе құрып,тілді оқытудың мақсатынан бастап білім мазмұнын, оқыту тәсілдерін, 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау