ТҮСІНІКТЕМЕ АҚПАРАТ
Бүгінгі таңда қоғамымыздағы және білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласына жаңаша қарауды талап етіп отыр. Себебі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту болашақ жеке тұлғаны дамытудың маңызды шарты ретінде қаралады. Сол себептен болашақ мамандарға дамуында тіл кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін үйреніп, сөйлеу кемістіктерін алдын – ала сақтандыра білуді үйреткен жөн.
Курстың мақсаты:
дефектология және логопедия негіздері білім берудің қазіргі заманғы әдістемелеріне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемістігін түзетудегі оқыту, тәрбиелеу процесін ғылыми – теориялық тұрғыдан меңгерту;
тіл мүкістігін түзету жолдары туралы білімін, дағдысын, біліктілігін қалыптастыру;
студенттерге сөйлеу тілі бұзылған баланы оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін үйрету;
сөйлеу тілінің кемістіктерін алдын – ала сақтандыру шараларын ғылыми негізде зерттеу жодарымен таныстыру, маңызын қарастыру;
Пәннің бағдарламасы баланы мектепке дайындау барысында олардың тіл мүкістігін зерттеуге, оны түзетудің теориялық және әдістемелік мәселелерінен білім беруге арналады. Курс дефектологияның салалары, оның басқа ғылымдармен байланысы туралы теориялық мағлұматтарды қамтиды. Курс мазмұнында дефектология ғылымының құрамына енетін логопедия саласы, жүйесі талданып, баланың тіл мүкістігінің себебін анықтауды, оны болдырмаудың жолдарын қарастырады. Дефектология, логопедия педагогикалық білім беруді зерттеудегі жаңа жетістіктерді және әдеттегі білім беру ұйымдарындағы оқытуға кедергі болатын, дамуындағы мүмкіндіктері шектелген балаларды түзетіп, оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асыру мәселелері қойылады. Сонымен қатар болашақ мамандардың бала тілінің кемістігі туралы ғылымның даму көздері және қазіргі заманғы жай – күйі туралы тұтас және көлемді ұғым қалыптастырылады, сондай – ақ, логопедия теориясы мен практикасының тарихын және қазіргі жағдайын талдау негізінде олардың одан әрі даму және жетілу бағыттарын болжауды үйретудің көзделеді.
Дефектология және логопедия негіздері курсының міндеттері:
даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу процесіне студенттердің оптимистік көзқарасын қалыптастыру және оның нәтижелігіне көзін жеткізу;
қызығушылықты қалыптастыру;
дидактикалық тәрбиелік міндеттерді шешу үшін жүйелі ойлау және өзіндік дамудағы қажеттілігін, дербес зерттеушілік белсенділігін дамыту;
дефектология ғылымы бойынша білім деңгейін көтеру;
студенттерді практикалық кәсіби біліктілікке дайындау;
дефектология және логопедия ғылымы бойынша сөйлеу процесінің анатомия, физиологиялық механизмі, тіл кемістігінің түрлері, оның себептері туралы білімін жетілдіру;
сөйлеу ырғағының бұзылу себептерін анықтап, оны түзетудің жолдарын үйрету;
тіл кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балалармен педагогикалық жұмыс біліктілігін қалыптастыру;
тіл кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыра білуге тәрбиелеу;
Бұл міндет тәрбиеші – педагогтарға жүктеледі. Сондықтан мамандарды дайындауда дефектология және логопедия негіздері пәнінің маңызы зор.
Студенттер білуге тиіс:
нақты түзету – тәрбиелеу міндеттерін шешу процесінде теориялық білімді қолдану;
даму мүмкіндіктері шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу тәжірибесін бақылау, талдау және қорыту;
оқу – тәрбие жұмыстарының әдістері мен нысандарын таңдаудың және пайдаланудың жалпы және арнаулы дидактикалық принциптері жүзеге асырудың тиімділігін айқындай білуі;
Студенттер меңгеретін дағдылар:
даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жүргізу;
тіл кемістігін анықтау, зерттеу;
тіл кемістігін түзетуге арналған сабақ жоспарын жасау;
тіл мүкістігі бар балалармен жүргізілетін жұмыс кезінде қолданылатын әдіс – тәсілдерді меңгеру;
отбасы және мектепке дейінгі мекемелермен байланысты ұйымдастыру;
Бағдарламаға сәйкес курстың барлық тараулары бойынша білімді игеру; арнайы ( түзету ) білім беру ұйымдарының негізгі түрлерін, білім беру ұйымдарының негізгі салаларын, білім беру процесінің ерекшелігін, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеудің принциптерін, мазмұнын, нысандарын және әдістерін білу.
« Дефектология және логопедия негіздері » пәнінің
тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Дәріс
|
СООЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Дефектология пәні, міндеттері, принциптері және әдістері.
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Логопедия ғылымы, мақсаты, міндеттері.
|
2
|
2
|
2
|
3
|
Логопедия ғылымында қолданылатын тәсілдер.
|
2
|
2
|
2
|
4
|
Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы.
|
2
|
2
|
2
|
5
|
Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы.
|
2
|
2
|
3
|
6
|
Сөйлеу процесінің анатомия – физиологиялық механизмі.
|
2
|
2
|
2
|
7
|
Тіл кемістігі және оның себептері. Тіл кемістіктерін топтастыру.
|
2
|
2
|
2
|
8
|
Дислалия және оның түрлері.
|
2
|
2
|
2
|
9
|
Фонемаларды түзету туралы жалпы мәлімет.
|
2
|
2
|
2
|
10
|
Дизартрияның түрлері.
|
4
|
4
|
4
|
11
|
Сөйлеу ырғағының бұзылуы: тұтығу.
|
2
|
2
|
2
|
12
|
Балалардағы тұтығуды жоюда отбасы мен балабақшаның ролі.
|
2
|
2
|
2
|
13
|
Ринололияның түрлері. Дауыстың бұзылуы.
|
2
|
2
|
2
|
14
|
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар (алалия).
|
2
|
2
|
2
|
15
|
Афазия.
|
4
|
4
|
4
|
16
|
Жалпы тіл кемістігі.
|
2
|
2
|
2
|
17
|
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған балалар бақшасындағы тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі.
|
2
|
2
|
2
|
18
|
Балалардың жазуы мен оқуының бұзылуы.
|
4
|
4
|
4
|
19
|
Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді анықтау оны түзету жұмыстарының басты бағыттары.
|
3
|
3
|
3
|
|
Барлығы
|
45
|
45
|
45
|
|
Кредит саны – 3 (135 сағат)
|
|
|
|
Кіріспе
Лекция № 1
Дефектология пәні, міндеттері, принциптері және әдістері.
Лекцияның мақсаты: Дефектология және логопедия негіздері білім берудегі қазіргі заманғы әдістемелеріне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемістігін түзетудегі оқыту, тәрбиелеу процесін ғылыми – теориялық тұрғыдан меңгерту;
Лекцияның жоспары:
Дефектология ғылымына кіріспе
Дефектология ғылымының міндеттері, принциптері
Арнайы дидактика
Дефектология педагогика ғылымының саласы ретінде дефектология (латынның Defectus – кемшілік және гректің LOGOS – сөз, ілім ) деген сөздерінен құралған. Дефектология дамуында кемшілігі бар балаларды зерттейтін ғылым.
Ғылыми танымның саласы ретінде дефектологияның зерттеу пәні болып физикалық және психикалық кемісітігі балаларды тәрбиелеу мен оқыту болып табылады.
Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді. Мысалы сурдопедагогика – есту кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттейді. Тифлопедагогика – көру кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды зерттейді. Олигофренопедагогика ақыл – есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттесе, логопедия сөйлеу кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласын қарастырады. Дефектология сондай – ақ дамуында бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны да қарастырады.
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Оның мақсаты осы балаларды өздерінің мүмкіндіктеріне сәйкес өз бетінше белсенді пайдалы өмірге даярлау болып табылады, сонымен қатар өмір мен еңбек жағдайларына икемдеуін қарастырады. Ғылыми зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, ғалым – дефектологтар дамуында кемістігі бар балалардың дамуының объективті заңдылықтарын зерттейді, оларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесін негіздеп жасайды. Осылайша соқыр балаларда кеңістікте бағдар ұстауында көмектесетін естуі, сезім түйсігі, иіс сезу және жылулық сезімі өткірленеді.
Мылқау бала музыканы вибрациялық сезіну арқылы естіп, оны жасауға дейін жете алады.
Баланың физикалық және психикалық бұзылу ерекшеліктері бүкіл процеске және ақырғы нәтижесі оның танымдық қызметіне де әсер етеді. Сонымен қатар, кемтар балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында олардың биологиялық күрделі кемістіктері де ескеріледі.
Дефектология педагогикалық ғылым ретінде негізгі педагогикалық категориялармен қатар жүреді. Кемтар балаларды жалпы оқыту мен тәрбиелеу үшін құрдастары мен үлкендер тарапынан қарым – қатынас жасау жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Кемтар балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптері мен анықталады. Мысалы: белсенді қоғамдық пайдалы өмірге даярлау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, бірақ ол кемістіктің құрылымы мен дәрежесіне сәйкес лайықты көлемдегі әдіс – құралдармен жүзеге асады. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жанұя мен мектептің тығыз байланысына тікелей әсер етеді. Кемтар баламен тәрбиелік жұмыс оның жеке тұлғалық және жас ерекшелігін ескере отырып жүргізіледі. Онда дербестігі, өзіне – өзі қызмет ету дағдысын, еңбек және мәдени мінез – құлқын, ұжымда еңбек етіп, өмір сүруін қалыптастыруға бағытталған.
Кемтар баланы тәрбиелеу мазмұнында көзқарастарымен белгілі қасиеттер жүйесін қалыптастырумен қатар ақыл – ойы, еңбек, эстетикалық, құқықтық тәрбиелік міндеттерді шешу кіреді. Балаларда оптимизммен сенімділікті тәрбиелеу, қиыншылықтарды жеңе білу бейімділігін қалыптастыру, жақсы қасиеттерді үйретуге, өз қылықтарына сын көзбен қарай білуге дамыту маңызды болып табылады.
Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу – бұл білімді, шеберлікті, икемділікті, іс - әрекет дағдыларын беру мен игерудің мақсаты бағыттағы процесі, өмір мен еңбекке даярлаудың негізгі құралы. Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Дефектология арнайы дидактика мәселелерімен айналысады.
Кемтар балаларға арналған оқыту әдістері мен жүйелерін сараптау кезінде сондай – ақ баланың жасы, ақаулығы пайда болу уақыты есепке алынады. Кемтар баланың дамуының дәрежесі қалыпты балаға қарағанда оқытуға көп байланысты. Сондықтан оқыту қалыс қалған немесе уақытында басталмаса кемтар балалардың дамуында түзетілмес зиян әкеледі, олардың психикалық қызметінің қалыптасуы тежеледі. Сонымен қатар дені сау құрдастарынан артта қалуы тереңдей түседі. Сондықтан тәрбиелеу мен оқыту уақытында басталуы тиіс.
Арнайы дидактика.
Арнайы дидактиканың басты мәселесі еңбекпен оқыту мен тәрбиелеу мәселесі болып табылады. Арнайы мектептерде еңбек үлкен мәнге ие болады, мұнда тек қана оқушыларды өмір мен лайықты мамандыққа даярлап қана қоймай, ақыл – ойы және физикалық дамудың әлсіз ақауларын қалпына келтіруге әдістейді. Еңбек икемділігі мен дағдыларына меңгере отырып, балалар жан – жақты даму мүмкіндіктерін алады.
Коррекция – (латын тіліндегі Correctio – дефектологиядағы түзету) балалардың психофизикалық дамуындағы кемістіктерді әлсіретуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесі. Коррекция жеке ақауларды түзету (мәселен, сөйлеу мәнері немесе көзді түзету), сондай – ақ кемтар баланың жеке тұлғасында оны оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесінде оң нәтижеге жетуге арналған тұтас ықпал ету.
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):
Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы дамуында кемістігі бар балалармен жүргізілетін оқыту мен тәрбие жұмыстары жөнінде талқылау.
Дефектология және логопедия пәнінің қандай пән екендігін талдау.
Дефектология және логопедия пәні бойынша болашақ мамандардың нені үйренетіні жайында әңгімелесу.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):
Тіл кемістігін түзетуге арналған газет – журналдарда жарық көрген мақалалармен танысу.
Тіл мүкістігі бар балалармен жүргізілетін жұмыс кезінде қолданылатын әдіс – тәсілдерді меңгеру.
Қолданылатын әдебиеттер:
Белоус А.И. Исследование соотношения приемов логического запоминания у детей дошкольного возраста // Воспитание, обучение и психическое развитие. – М., 1983
Рихтермая Г.Л: Формирование представлений о времени у детей дошкольного возраста. – М., 1978.
Лекция № 2
Логопедия ғылымы, мақсаты, міндеттері.
Лекцияның мақсаты: Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтауға үйрету.
Лекцияның жоспары:
1. Логопедияны оқыту әдіетемесінің мақсаты мен
міндеттері.
2. Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты
қолданылатын түзету әдістері мен амалдары.
Лекцияның барысы:
Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Логопедия - логос (сөз және пайдео) тәрбиелеймін, үйретемін деген грек сөздерінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың бір саласы болып есептелінеді. Логопедияның зерттеу обьектісі - сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.
Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер, мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады.
Логопедияның мақсаты мен міндеттері.
Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған баланы оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен қатар сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын – ала сактандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.
Логопедия ғылымының анықтамасына сүйене отырып, мынадай міндеттерді белгілеуге болады:
1. Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу.
2. Сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симтоматикалық белгілерін анықтау.
3. Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтау.
4. Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу.
5. Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау.
6. Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту.
7. Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу.
8 . Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдеру.
9. Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау.
10. Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын – ала сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру.
11. Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жете зерттеу.
Көрсетілген міндеттерден логопедияның теориялық және практикалық бағыттылығы анықталады. Өзімізге белгілі біздің тіліміз екі міндетті атқарады.
Біріншісі адам мен адамды - өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір – біріне жеткізіп түсіну үшін қолданылады.
Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен қатар психикалық дамуына әсерін тигізу мүмкін. Күрделі тіл мүкістері немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына әсер етіп, қиындық туғызады.
Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз. Адамның ойлауы тек тіл аркылы ғана туып және де сол арқылы қолданылады. Олай болса баланың дұрыс сөйлеуі ойының дамуы үшін де үлкен маңызы бар. Сөз қорының аздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл – ойдың дамуын төмендететін нышаны болады.
Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Егер осы кемістіктер дәл уақытында жойылмаса олар барған сайын ұлғайып нығаяды да, баланың дұрыс жетілуіне кесірін тигізеді.
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СОӨЖ):
1. Логопедия ғылымының міндеттерін талдау.
2. Тіл мүкістігі бар, балалармен жүргізілетін жұмыс кезінде қолданылатын әдіс - тәсілдер жайында пікір алмасу.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):
1. Тіл кемістігін түзетуге арналған сабақ жоспарын жасау;
2. Тәрбиешінің шығармашылықпен жұмыс істеуіне қандай жағдай керектігі туралы пікір сайысқа дайындалу.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Усова А.П. Обучение в детском саду.- М., 1981
2. Астапов В.М. Введение в дефектологию с основами нейро – и патопсихологии М., 1991
3. Блюмина М.Г. Распрастраненность, этиология и некоторые особенности клинических проявлений сложных дефектов. // Дефектология, 1989, №3//
Лекция №3
Логопедия ғылымында қолданылатын тәсілдер
Лекцияның мақсаты: Болашақ мамандарға балалардың тіл мүкістерін жоюда қолданылатын тәсілдерді ұғындыру.
Лекцияның жоспары:
1. Балалардың тіл кемістігін түзетуде қолданылатын тәсілдер.
2. Сөйлеу ырғағының бұзылу себептері, оны түзетудің жолдары.
Лекцияның барысы:
Логопедияда тіл кемістіктерін жою үшін әртүрлі тәсілдер колданылады. Оларды бірнеше топқа шартты түрде бөлуге болады. Олар бақылау тәсілі, әңгімелесу тәсілі, тәжірибе жасау тәсілі т.б.
Бақылау тәсілі – бұл кең тараған педагогикалық тәсіл. Бұл тәсілді педагогикада да, психологияда да кеңінен қолданады сонымен қатар, логопедияда пайдаланады. Бұл тәсілді пайдаланғанда белгілі бір талапты сақтау кажет. Бақылаудың кандай түрі болмасын мақсатқа сәйкес болуы керек. Әрдайым сөйлегенде ғана бақылай бермей, ол үшін алдын – ала мақсатын қою керек. Мысалы: бір кезде баланың сөздік қоры немесе грамматикалық құрылысын қадағаласақ, бір жағдайда дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуын тексереміз. Бұл тәсіл мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын зерттеуде кеңінен қолданылады. Бұл тәсілге қойылатын ең маңызды талаптың бірі бақылаудын жүйелілігі мен жоспарлылығында. Баланың тілін анықтау үшін ұзақ бақылауды талап ететін жағдай жиі кездеседі. Ол үшін жоспарды алдын – ала дайындау қажет.
Әңгімелесу тәсілі - екінші маңызды тәсіл. Ол тіл кемістіктерін әңгімелесудің көмегін анықтайтын тәсіл. Әңгімелесу арқылы баланың дыбыстардың қайсысын дұрыс кайсысын бұрмалап немесе тастап кетіп, бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып сөйлейтінін анықтаймыз.
Тәжірибе жасау тәсілі - бұл тіл кемістіктерін зерттейтін тәсілдердің үшінші түрі. Бұл тәсілдің басқалардан айырмашылығы және артықшылығы сол, ол оның мұқияттылығымен және қатаң жүйелілігімен өкшеленіп, бізге керекті нәтижені тезірек алуымызға мүмкіндік береді.
Тәжірибе жасау тәсілі екі топқа бөлінеді:
А) табиғи тәжірибе;
Ә) лабораториялық тәжірибе.
Табиғи тәжірибе баланы әдеттегінше ойнату, оқыту немесе еңбек еткізу жүргізіледі. Ол үшін арнаулы керекті кұралдар арқылы дыбыстардың айтылуын тексереді.
Лабораториялық тәжірибе тіл кемістіктерін тереңірек және көбірек анықтап зерттеу мақсатында қолданылады. Ол үшін әртүрлі аппараттар пайдалануы мүмкін. Мысалы: тұтықпа баланың сөзін жазу үшін таспа, есту кабілетіне арнайы аудиометр.
Логопедияның тәжірибесінде дәрігер мамандардың қызметін пайдаланумен кейбір медициналық тәсілдер де қолданылады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |