Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
13
Лексикон немесе сөздік дегеніміз сөздердің бірлігін, тізбесін көрсетеді. Тілдің сөздік құрамы
белгілі бір өзіне тән белгі арқылы құрылған. Ол сөздердің тобы – семантикалық өріске, әріқарай одан
да кіші лексикалық-грамматикалық бөлшектерге, жаңа сөздерге бөлініп кетеді.
Өріс дегеніміз – лексикалық жағынан байланысқан, мазмұндық, кейде тіпті формалық жағынан
ұқсас, белгілі бір құбылыстарды таңбалауда ұғымдық, заттық немесе функционалдық жағынан бірдей
тілдік бірліктердің шоғырын атаймыз. Бұл ұғым әуелде белгілі бір сөздердің мағыналық жиынтығы,
өрісі ретінде қабылданып, сол бағытта дамып, лингвистикаға үлкен өзгеріс әкелді [1, 380].
Тілдегі әрбір сөз белгілі бір лексика-семантикалық өріске кіреді. Көп мағыналы сөздер әр түрлі
өрістерге кіруі мүмкін. Өріске кіретін сөздер ең алдымен олардың жалпы интеллектуалдық-
семантикалық белгілерінің
бірлігімен сипатталады, оны негізінен ортақ мағынадағы архилексема-
лексемалардан көруге болады. Семантикалық сөздік өріс – лексика-семантикалық континуумды
тілдің жеке бір сөздеріне сәйкес келетін әр түрлі бөліктерге бөлуде пайда болатын құрылымдық
мәндегі пардигма. Сөздің бұл бөліктері – мән айырғыш жай белгілер негізінде бір-біріне тікелей
қарама-қарсы қойылған. Бір сөздік өріс жоғарғы деңгейдегі басқа бір өріске ене алады. Жай сөздің
формасындағы кез келген бірлік, мазмұндық жақтан лексема болады. Алайда сөздік өріс әртүрлі
деңгейлерге қатысты болса, онда архилексемаларда да әр түрлі деңгейлердікі болады.
Сөздің жеке мағынасы өрістің басқа мүше сөздерінің мағыналарымен
салыстырыла отырып
анықталады. Сөзді семантикалық жағынан біріккен осындай өрістерге жіктеу арқылы біз тілдің
сөздік құрамының жүйелілік сипатын анықтай аламыз.
Семантикалық өрістердің типтері лексикалық қорды семантикалық өрістерге жіктеудегі
көзқарастардың бірін Р.Мейердің еңбектерінен табамыз. Ол семантикалық өрістердің үш типін
көрсетеді: оның негізінде қандай да бір семантикалық белгі, ажыратушы фактор жатады:
1)
табиғи өріс (ағаш, жан-жануарлар атаулары, сезімдік қабылдау т.б.);
2)
жасанды өріс (механизмдердің құрамдық түрлері және т.б.);
3)
жартылай жасанды өріс (этикалық ұғымдар, мамандық атаулары, әлеуметтік топтардың аттары
және т.б.) [2, 105].
Семантикалық өрістің теориялық жағынан қарастырылуы Й.Трирдің жұмыстарынан бастау алады.
Оның тануынша, семантикалық өріс бұл бір-бірімен мағыналық жағынан тығыз байланысқан
сөздіктің бір тарауы. Кез келген сөзді айтқанда, сөйлеуші мен тыңдаушының немесе
оқып отырған
адамның санасында сол сөз туғызатын сезіммен, мазмұнмен астарлас, ұқсас басқа бір сөздердің
елестейтіні, лықсып санаға шығатыны белгілі – дейді ғалым [3, 87]. Ал осындай сөздердің қатары
олардың бір-бірімен мағыналық ұқсастықтары немесе қарама-қарсылығы арқылы түзіледі.
Тілдегі көрініс табатын барлық ұғымдар мағыналарының ұқсас немесе қарама-қарсылығына
байланысты өзара тұйықталған топтарға бөлінеді. Бұл топтарға әрбір ұғым топтағы басқа
ұғымдармен тығыз байланыста, олармен қатынаста тұрып қана өмір сүре алады, ал кейбір ұғымның
өзгеруі немесе оның түсіп қалуы топтың қайта құрылым түзуіне әкеліп соғады. Й.Трир
бойынша
семантикалық өрістің құрылымдық өзгеруі осылай пайда болады. Яғни сөз өрісі деп, мазмұндық
жағынан бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді бола отырып, бір-бірінің мағыналарын
анықтайтын сөздер тобын айтамыз [4, 229].
Өрістің бір бөлшегінің өзгеруі, сондай-ақ жалпы тілдің лексикалық жүйесінің өзгеруі де осылай
іске асады. Ғалымның ойынша, тыңдаушы сөзді тек қана санасында сақталып тұрған сөз-символдар
өрісінің түгелдейі қалыптасқанда ғана түсініп,
қабылдай алады, себебі сөз тек өріс ішінде ғана, сол
тұтастықтың шегінде ғана мағынаға ие бола алады [5, 33].
Трирдің концепциялары сөздер арасындағы құрылымдық қатынастарды зерттеуге мұрындық
болғанына қарамастан, бірқатар ғалымдар оның лексика-семантикалық өріс теориясындағы кейбір
ұстанымдарын, атап айтқанда, жан-жағы шектелген, шегі қатаң сақталған
жабық өрістер туралы
ұстанымдарын сынға алған болатын.
Өріс теориясын зерттеген ғалымдардың бірі – Г.С. Щур. Ол өрістің парадигматикалық түрлерімен
қатар синтагматикалық немесе синтаксистік түрлерін бөліп қарастырды. Ғалым өрістің анықтамала-
рын топтастырғанда үш өлшемді меже ретінде алып, сол арқылы барлық анықтамаларды үш топқа
бөліп қарайды. Олар мыналар: семантикалық өрісті лексика-семантикалық жүйенің единицасы ре-
тінде анықтау; қасиеттері бойынша анықтау; ішкі ұйымдасу ұстанымдары бойынша анықтау [6, 53].
Сөздер сөйлеушілердің санасында семантикалық өріс болып, тақырыптық-мазмұндық
жақындығының
негізінде
топтасады.
Абстракцияның
арасындағы
мәндік
байланыстар
таңбаланушылар арасындағы ассоциативті байланыстармен анықталады. Бұл анақтамада зерттеуші