|
Bulletin «Филология ғылымдары» сериясыСТЕРЕОТИПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН МӘНІfile20200121044531 (1)
СТЕРЕОТИПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН МӘНІ
Аңдатпа
Мақалада стереотиптердің әлеуметтік және лингвистикалық табиғаты мен мәні қарастырылады.
Ғалымдардың зерттеуінше, әлеуметтік стереотиптердің қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдары негіз
болады екен. Себебі БАҚ әрқашан әлем туралы, ақиқат дүние туралы ұғымдарды әсірелеп, айшықтап жеткізуді
мақсат етеді. Адам санасында белгілі бір зат не құбылыс туралы түсінік әсерлі болған жағдайда ғана ұзақ
сақталады. Бұнымен қоса, тіл арқылы берілетін стереотиптердің психологиялық әсері, адам ойын жетелейтін
когнитивтік ықпалы едәуір басым екені әлемдік психология ғылымында зерттелді. Осындай тұжырымнан кейін,
стереотиптердің әлеуеті мен қызметі әртараптан қарастырыла келе, танымның рационалды формасы ретінде
өзгенің пікіріне сүйенуден гөрі, адамның өз танымындағы түсініктердің қарапайым көрінісі деген тұжырым
жалпы стереотип түрлерін толық қамтитын анықтама болып қалыптасты. Мақалада стереотиптерге тән басты
қасиеттер мен олардың түрлері талданады.
Түйін сөздер:
стереотип, менталдық стереотип, концептуалды бейне, мәдени құндылық, әлеуметтік топ
Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырушы элементтердің бірі – стереотип. Когнитивті
лингвистикада және этнолингвистикада «стереотип» термині тіл мен мәдениеттің мазмұндық жағына
қатысты қарастырылады, яғни әлемнің тілдік бейнесімен салыстырылатын менталды (ойлау)
стереотипі ретінде ұғынылады. Дүниенің тілдік бейнесі мен тілдік стереотип бүтіннің бөлшегі
ретінде салыстырыла отырып, тілдік стереотип белгілі бір тілден тыс нысанға қатысты тұжырым деп
түсіндіріледі. Сондай-ақ оны әлеуметтік таным модельдерінің аясында қалыптасқан объективтік
шындықты түйсінудің нәтижесі және субъективті тұрғыдан берілген баға деп көрсетеді.
Стереотиптер екі категорияға бөлінеді: үстірт және түбегейлі [1, 3]. Үстірт стереотиптер – белгілі бір
халық туралы тарихи, халықаралық және саяси жағдайларға немесе басқа да уақытша факторларға
байланысты пайда болған стереотиптер. Бұл стереотиптер әлемде және сол елдегі жағдайларға
байланысты өзгеріп отырады. Олардың өмір сүру ұзақтығы қоғамның жалпы тұрақтылығына
байланысты. Атап айтқанда, олар: нақты тарихи оқиғаларға қатысты қалыптасқан бейнелі түсініктер.
Үстірт стереотиптерден түбегейлі стереотиптердің айырмашылығы – олардың уақыт талғамай
өзгермейтіндігінде. Түбегейлі стереотиптер керемет тұрақтылық қасиетіне ие бола отырып, ұлттық
сипаттағы ерекшеліктерді зерттеуге дерек бола алады.
Түбегейлі стереотиптер арасында халықтың өмірі мен тұрмысының белгілеріне байланысты туын-
даған сыртқы стереотиптер ерекше топты құрайды, халық тұрмысында үнемі болып тұратын алмасу-
ларға қарамастан, мұндай стереотиптер өте жай өзгеріп отырады.
Шаңырақ, сандық, тері бұйым-
дары, кимешек, сәукеле, қамшы
бірнеше ғасырлар бойы қазақтар өмірінің ажырамас бөлігі саналып
келеді. Түбегейлі стереотиптердің көпшілігі өте ерте заманда қалыптасқандықтан, олардың пайда бо-
лу, таралу жолдары әртүрлі. Мысалы, Ұлыбританиядағы түрлі тарихи жағдайларға байланысты пайда
болған стереотиптерді айтуға болады. Әртүрлі герман тайпаларынан құралған субстраттан пайда
болған ағылшын этносы және оның ұзақ уақыт бойы өмір сүруі олардың өмір тіршілігі стерео-
типтерінің негізгі белгілерін айқындады. Мемлекеттік істе де, тұрмыста да орын алған ағылшындарға
қатысты стереотиптердің негізгі қызметі оларға тән прагматизм мен нақтылықтан көрінеді. Адамның
өмір тіршілігін реттейтін этникалық сана мен мәдениетті қалыптастырудың негізі ретінде туабітті
пайда болатын немесе белгілі бір ұлт өкілі ретінде оның бойына сіңірген мәдени стереотиптерді
айтуға болады. Сонымен, біз мәдениет арқылы телінген стереотиптер әлемінде өмір сүреміз.
Ұлттың менталдық стереотиптерінің жиынтығы сол ұлттың әрбір өкілінің жанына жақын,
жүрегіне жылы. Мәселен, айлы түн жайлы ауыл және қала тұрғындарының айтқан мынадай сөз
|
|
|