Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет128/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   361
file20200121044531 (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
104
тіркестерін айтуға болады: 
тігін тігуге болатындай сүттей жарық
деп ауыл тұрғыны айтса, 
кітап 
оқуға болатындай жарық түн
деп қала тұрғыны айтар еді. В.Маслованың зерттеуі бойынша: 
«Стереотип
– это такое явление языка и речи, такой стабилизирующий фактор, который позволяет, с 
одной стороны хранить и трансформировать некоторые доминантные составляющие данной 
культуры, а с другой стороны проявить себя среди «своих» и одновременно опознать «своего» [2, 59]. 
Адамдардың өмір тіршілігіне қатысты стереотиптер – стереотиптер арасындағы маңыздысы. 
Стереотиптер салт-дәстүрмен, аңыз-әпсаналармен, әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты, тек салт-
дәстүрлер объективті маңыздылығын ашық түрде байқатса, ал стереотиптер жасырын күйде көрінеді. 
Стереотиптенген өмір тіршілігінің түрлері ретінде салт-дәстүрлер этнографиялық зерттеулер 
нысанына айналуда. Бұл, әрине, бекер емес, себебі өмір тіршілігіне қатысты стереотиптерде 
этникалық мәдениеттің ерекшелігі айқын көрінеді. Өмір тіршілігі түрлеріне қатысты стереотиптер 
тізбегі салт-дәстүрлермен ғана шектелмейді. Өмір сүру қалыптары өмірдің басқа да салаларына тән 
болып келеді, атап айтқанда, қарым-қатынас мәдениеті, индивидтердің әлеуметтік өмірге бейімделуі, 
технологиялық үдерістер (еңбек тәсілдері мен дағдылары), ойын әрекеттері, т.б. Адамдар арасындағы 
қарым-қатынасқа тек олардың ортақ тіл табысулары аздық етеді, сонымен бірге оған дейін меңгерген 
білімдері аса қажет шарт болып табылады. Қарым-қатынасқа түсушілердің әрқайсысының өзін 
қоршаған әлеуметтік және мәдени орта жайындағы ортақ таным-түсініктері сәйкес келгені құптарлық 
жайт. Сол себепті коммуникативтік актіге қатысушылардың санасында қалыптасатын осы білім 
түрлері аялық білім қоры деп аталады. О.С. Ахманованың анықтамасы бойынша «Аялық білім – 
тілдік қатынастың негізі болып табылатын екіжақты тыңдаушы мен айтушыға бағытталған реалийлер 
туралы білімі» [3, 498].
Стереотип «ұлттық мінез» ұғымымен тығыз байланысты. Мінез – адамның қоғамда өмір сүре 
отырып жинақтайтын ерекше қасиеттері. Сондай-ақ мінез деп адамның өмірі мен іс-әрекетінде 
көрінетін және қалыптасатын тұрақты жеке-дара ерекшеліктерінің жиынтығын айтамыз. Осылайша, 
адам мінезі оның дүниетанымына, іс-әрекетінің сипаты мен мазмұнына, өмір сүретін әлеуметтік 
ортасына, басқа адамдармен жасайтын белсенді қызметіне байланысты әлеуметтік мәнге ие болады 
[4, 42]. Адамның өзін қоршаған ортамен жасайтын белсенді қатынасы оның мінез-құлқын айқын 
көрсетеді. Ол идеологиялық тұрғыдан – адамның дүниетанымынан, психологиялық тұрғыдан – 
қажеттіліктерінен, қызығушылықтарынан, бейімделгіштігінен яғни адамдар мен дүниеге қатысты 
талғампаз көзқарасынан көрінеді. Алайда, ғалымдар жеке тұлғаның жеке-дара мінез-құлқына 
қарамастан, белгілі бір әлеуметтік топтың ортақ қасиеттерін қарастыруда. Бұл өз кезегінде ұлттық 
мінез ұғымына сәйкес келеді. С.М. Арутюнян стереотип ұғымын «халықтың рухани өміріне қатысты 
түрлі деңгейдегі құбылыстарының ерекше жиынтығы» деп айқындайды. Бірқатар зерттеушілер 
еңбектерінде ұлттық мінез ұғымы ұлттың шынайы қасиеттерінің ерекше жиынтығы деп көрсетіледі. 
Әрбір халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, бұл ұғымға мына қасиеттерді жатқызады: 
ұлттық сана-сезім, әдет-ғұрыптары, талғамы, салт-дәстүрі, ұлттық мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, 
ұлттық намысы мен басқа да ұлттар мен ұлыстарға деген көзқарасы. Осылайша, зерттеушілердің 
басым көпшілігі ұлттық мінезді қандай да бір ұлтқа тән қасиеттердің жиынтығы деп есептейді. 
Мәселен, С.М. Арутюнян ұлттық мінез терминін белгілі бір елдің мәдени және тарихи дамуының 
ықпалымен қалыптасатын салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып, мінез-құлық қасиеттерінің жиынтығы деп 
анықтайды [5,24]. Стереотип ұғымы әлеуметтану ғылымынан когнитивті лингвистика мен 
этнолингвистика салаларының зерттеу нысанына айналу жолында айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 
Бұл өзгерістер оның мазмұндық, тұрпаттық және көлемдік тұрғыдан өзгеруіне әсер етіп, стереотип 
ұғымының қолданыс аясын кеңейтті. Бұған дейін әлеуметтану ғылымында стереотип термині тек 
адамдарға қатысты ұлттық, әлеуметтік, кәсіби және басқа да тұрғыдан қарастырылып келсе, ал 
когнитивті тіл білімі, сонан соң этнолингвистикада бұл термин адамның танымдық және 
практикалық өміріндегі кез келген затқа (заттар, құбылыстар, оқиғалар, адамдар, жануарлар, 
өсімдіктер әлемі т.б.) байланысты зерттеледі. Әлеуметтану ғылымы тұрғысынан стереотип термині – 
тар ұғымда, яғни белгілі бір адамдар ұжымы мен оның өкілдері тұрғысынан ғана зерттеліп келсе, ал 
когнитивтік тұрғыдан – кең ұғымда, яғни түрлі тілдік формада берілетін (сөздің лексикалық, 
мағынасы, оның сөзжасамдық және семантикалық дериваттары, басқа сөздермен тіркесу және 
жұптасу мүмкіндіктері, этимологиялық, фразеологиялық және грамматикалық ерекшеліктері 
тұрғысынан) менталдық (семантикалық) құбылыс ретінде қарастырылады. Дегенмен, стереотип 
терминінің этнолингвистика ғылымында когнитивтік дефиниция ретінде айқындалуы барлық тілдік 
бірліктер деңгейінде қарастырылған заттар туралы түсініктердің жиынтығы болып табылады. 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау