Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет113/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   361
file20200121044531 (1)

Көз шарасы

көз алмасы

медициналық аталым. Проф. А.Рақышев. Анотомия терминдерінің сөздігі 
глазное яблоко

bulbus 
okuli 

көз алмасы
деп анықтама береді. 2. Бұл аталым ҚТТС-де берілген мағынасы: 
көз шарасы
– 
көз алмасының орны, көздің ұясы. 
Көз шарасы
– көздің негізі, көз алмасы және басқа да қосымша 
қызмет атқаратын денелер орналасқан, бас сүйектегі домалақ ойық. 3. Мысалы, 
Көзі шарасынан 
шығу
фразалық тіркесінің беретін мағынасы жаны көзіне көріну, жүрегі тас төбесіне шығу, жүрегі 
мұздау, зәресі кету. «
Шара 
– қымыз құюға арналған ыдыс. 
Шараны
емен, қайың сияқты қатты
кепкеп ағаштардан ойып жасайды, оның іші шұңғыл, өзі дөңгелек, жиегі тік болып келеді» 
(Диалектологиялық сөздік, 2007). Сонымен, нысанда ыдыс атауымен атау арқылы оның іші бір 
нәрсеге толып тұратындығын, ыдыстың ішінен шараны таңдап алу арқылы оның іші шұңғыл, пішіні 
дөңгелек болып келетіндігін, ілік септігінің жалғауы жасырын тұрған 
көз (көздің)
сөзімен тіркестіру 
арқылы оны толтырып тұрған заттың көзге қатысты екендігі көрінеді.
Кез келген атау адамзаттың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен білімінің көрінісі, 
сондықтан да заттар мен құбылыстар туралы адам санасындағы қалыптасқан ұғымдардың олардың 
айрықша белгілері арқылы сақталады. Аталым үрдісінде атауға негіз болар белгі туралы 
ғалымдардың пікірін сараптасақ, аталым белгісі және уәждемелік белгі терминдерінің маңызының 
зор екені байқалады. «Шынайы өмірдің заттары мен құбылыстарына атау беруде таңдалынар белгі – 
аталым белгісі болып танылмақ» [2, 24]. Тілшінің пікірінше, уәждемелік белгі және аталым белгісі – 
метатілдік мәртебеге ие түсініктер. Аталым белгісі мен уәждемелік белгі тілдік бірліктердің 
семантикасын қарастыруда ономосиологиялық не болмаса уәждемелік тұрғыда сараптауға 
байланысты қолданылады. «Аталым белгісі – көп жағдайларда тілден тыс мәртебеге ие. Өйткені 
аталым белгісі лексемалардың тілден тыс құбылыстармен байланысын анықтайды» [1, 24]. Тілшінің 
бұл пікірін қолдай отырып, уәждемелік белгісі лексемалардың жасалуын уәждемелік тұрғыда 
қарастыруда айқындалады деген шешімге келеміз. Аталым белгісі мен уәждемелік белгінің 
айырмашылығы, бірінің тілден тыс мәртебесінде болса, екіншісінің тілдік мәртебесінің басым-
дылығында деп ойлаймыз. 
Метафора арқылы туындаған медициналық аталымдарда заттар немесе құбылыстардың адам 
санасында сақталған қасиеттерін ұқсату арқылы өзге нысандарға телу әрекеті жүзеге асырыла-
тындықтан, уәждемелік белгі деп уәждеме үрдісі нәтижесіндегі таңдалынған сол ұқсастық белгілері 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
90
аталады. Жаңа нысандарды тануда адам бұрын жинақтаған білім қорын қолданады. О.И. Блинова: 
«Тілдегі уәжділіктің негізгі құралдары ретінде уәжділікті негіздеуші типтеріне мыналарды 
жатқызады: 
фонетикалық,
яғни дыбыстық қасиетіне тән абсолюттік типтің уәждеушісі (
қоңырау, 
сылдырмақ – колокол
), 
морфологиялық
(
ақ

 ақта – белить
), 
семантикалық
(
аю, есек, түлкі
– белгілі 
қасиеттеріне байланысты)», – деп жіктейді [3, 69]. Бұл пікір аталымжасаудағы метафораның тілдегі 
қолданыстағы таңбалардың мән, мазмұнын жаңартудағы маңызын аша түседі.
Медициналық аталымдардың метафоралануы сөздердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы, 
жыланкөз
ауру атауы екі сөздің 
жылан 
және 
көз
бірігуі арқылы жасалып, белгілі бір аурудың түрін 
білдіреді. Медициналық аталымдардардың жасалу үлгілері әр түрлі болғанымен, олардың өзіндік 
жүйесі мен құрылымы бар екені белгілі. Жасалуының өзіндік сөзжасамдық моделі бар. Тілдің сөздік 
қорындағы мұндай лексикалық бірліктердің құрамында зат есім + зат есім, сын есім + зат есім, зат 
есім + етістік, етістік + етістік, есімдік + есімдік, сын есім + зат есім т.б. сөз таптары қолданыла 
береді. Метафоралы аталымдарға көбіне біріккен құрылымды есімдер қолданылады. Олардың 
сипатын мынадай модельдері:
♦ 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау