2.5. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
№1 тақырып. Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін ең алдымен бухгалтерлік есептің негізін түсіну қажет және әр сұрақтарға қысқаша жауапты дәптерге жазып, оқытушыға тапсыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Шаруашылық есепке анықтама беріңіз.
Статистикалық есеп дегеніміз не?
Оперативті-техникалық есеп дегеніміз не?
Салықтық есеп дегеніміз не?
Бухгалтерлік есепке анықтама беріңіз.
Шаруашылық есептің әртүрлі түрлерінің арасында қандай байланыс бар?
Есепте қандай өлшегіштер қолданылады?
Қаржылық есепке анықтама беріңіз.
Басқарушылық есепке анықтама беріңіз.
Бухалтерлік есепті кім жүргізу керек?
Неліктен бухгалтерлік есеп басқарудың негізгі қызметтеріне жатады?
Бухгалтерлік есептің қызметтері қандай?
Бухгалтерлік есептің мақсаты қандай?
Бухгалтерлік есептің міндеттері қандай?
Бухгалтерлік есептің бақылаулық қызметіне негіздеме беріңіз.
Бухгалтерлік есептің бақылаулық қызметін жүзеге асыру үшін қандай алғышарттар қажет?
Бухгалтерлік есептің бақылаулық қызметі мен кәсіпорын әрекетін аудиторлық тексеру қалай байланысады?
Нарық жағдайында есептің ақпараттық қызметіне қандай талаптар қойылады?
Бухгалтерлік есептің талдамалық қызметіне негіздеме беріңіз.
Бухгалтерлік есептің талдамалық қызметінің күшеюіне не көмектеседі?
Қандай басқарушылық шешімдер үшін бухгалтерлік ақпарат қолданылады?
Бухгалтерлік есептің нормативтік-заңдық базасы немен көрсетілген?
Бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз не?
Бухгалтерлік есеп пәніне анықтама беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
№2 тақырып. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен тұжырымдамалары
Қарастырылатын сұрақтар:
ҚЕБХС және ҰС сипаттама беріңіз.
Бухгалтерлік есептің концептуалды негіздерін сипаттаңыз.
Бухгалтерлік есеп қағидаларын атаңыз.
Есептеу қағидасының мәні неде?
Үзіліссіздік қағидасының мәні неде?
Бухгалтерлік есептің негізгі сапалық сипаттамаларын атаңыз.
Бухгалтерлік есеп объектісіне не жатады?
Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары дегеніміз не?
Субъектінің есептік саясаты дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
№3 тақырып. Қаржылық жағдай және бухгалтерлік теңдік
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен шаруашылық субъектісінің құралдары мен олардың қалыптасу көздерінің жіктелуін білу қажет.
Есеп 1
Есеп беру кезеңінің басына келесі мәліметтері негізінде құралдарды түрлері мен олардың қалыптасу көздері бойынша топтастырыңыз.
|
Ғимараттар мен құрылыс жайлары……...……….…887 700
|
|
Есеп айырысу шоты……………………………….....138 000
|
|
Аяқталмаған өндіріс……………………………..........54 000
|
|
Касса…………………….……………………...................810
|
|
Ұзақ мерзімді банк несиесі…………………………...45 000
|
|
Материалдар……………………..…………….............97 050
|
|
Сатып алушылармен есеп айырысулар……...............61 590
|
|
Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп
айырысулар…………………………………………...37 500
|
|
Жабдықтаушылармен есеп айырысулар ……............94 650
|
|
Дайын өнім…………………………............................47 250
|
|
Бөлінбеген табыс………….………..............................55 500
|
|
Жарғылық капитал ………….……………….........1 053 750
|
Есеп 2
Есеп беру кезеңінің басына мәліметтер:
|
Ғимараттар…………………………….……..............400 000
|
|
Тауарлар…….………………………………..............346 800
|
|
Аяқталмаған өндіріс…………………………..............10 760
|
|
Кассадағы ақшалар ……………………………………....680
|
|
Басқа да кредиторларға қарыз………………………..22 800
|
|
Материалдар…………………………….……..............26 720
|
|
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулар……...420
|
|
Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп
Айырысулар …………………………………..............36 200
|
|
Жабдықтаушылармен есеп айырысулар ……………88 300
|
|
Ағымдағы, банктік шоттардағы ақшалар226 660
|
|
Бөлінбеген табыс……………………….......................62 680
|
|
Жарғылық капитал…………………………..............944 420
|
|
Жабдық……………………………………………….161 160
|
|
Резервтік капитал……….……………………..............18 800
|
Құралдарды түрлері мен олардың қалыптасу көздері бойынша келесі нысанда топтастырыңыз:
Мүлік
|
Сомасы
|
Олардың қалыптасу көздері
|
Сомасы
|
Айналымнан тыс құралдар:
-
-
|
|
Меншікті:
-
-
|
|
Айналым құралдары:
-
-
|
|
Қарыз құралдары:
-
-
|
|
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
Есеп 3
Фирмада есеп беру кезеңінде келесідей шаруашылық операциялар жүргізілді:
№
|
Операцияның мазмұны
|
Сомасы, теңге
|
1
|
Еңбек ақы төлеу үшін ағымдағы, банктік шоттардан кассаға ақшалар келіп түсті
|
150 000
|
2
|
Ағымдағы, банктік шоттарға сатып алушылардың қарызы түсті
|
170 000
|
3
|
Кассадан фирма жұмыскерлеріне еңбек ақы берілді
|
125 000
|
4
|
Жұмыскерлердің еңбекақысынан жеке табыс салығы ұсталды
|
15 000
|
5
|
Қоймадан негізгі өндіріске материалдар босатылды
|
58 000
|
6
|
Ағымдағы, банктік шоттардан банк несиесі бойынша қарыз өтелді
|
43 000
|
7
|
Құрылыс материалдары келіп түсті, жабдықтаушылармен есеп айырысу жүргізілген жоқ
|
56 000
|
8
|
Қысқа мерзімді банк несиесі есебінен жабдықтаушылардың қарызы өтелді
|
50 000
|
9
|
Қолма-қол ақшаға тауарлар өткізілді
|
40 000
|
10
|
Зейнеттік қорлар алдындағы қарыз өтелді
|
12 500
|
11
|
Бөлінбеген табыс есебінен акционерлерге дивидендтер есептелді
|
35 000
|
Талап етіледі:
Әрбір шаруашылық операция бойынша:
берілген шаруашылық операцияның әсерінен қандай баланстық баптар өзгеретінін;
операцияның әсерінен баланстық баптар қалай өзгеретінін;
операцияның нәтижесінен баланс валютасы қалай өзгеретінін анықтау керек.
Шешімін келесі нысандағы кестеге жазу қажет:
Операцияның мазмұны
|
Сома, теңге
|
Өзгерістер (-,+)
|
Өзгеріс типі
|
Ак-тив
|
Капитал
|
Міндеттеме
|
Алынған жаб-дықтар үшін жабдықтаушы шоты акцептіленді
|
150000
|
Жаб-дық-тар
+
|
|
Жабдықтау-шылармен есеп айырысу
+
|
3
|
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік баланстың түсінігін, мазмұнын және құрылысын білу қажет.
Есеп 4
Келесідей оқиғалар болып, келесідей операциялар жасалды:
В компаниясының иесі оны ұйымдастыруда 2007 жылы 1 қазанда 3 000 000 теңге салды.
Компания 100 000 теңге қарыз алды.
Компания қолма-қол ақшаға станокты 150 000 теңгеге, жиһазды - 100 000 теңгеге сатып алды.
Талап етіледі: Баланстық тепе-теңдікті пайдалана отырып, жүргізілген мәмілелерді және активтердегі, міндеттемелер мен капиталдағы өзгерістерді көрсетіңіз.
Есеп 5
Жаңа кәсіпорында келесідей операциялар жүзеге асырылды:
Иемденуші 5 000 теңге инвестиция салды.
3 000 теңгеге қолма-қол ақшаға материалдар алынды.
Қызметтер көрсеткені үшін 2 400 теңге алды.
Жұмыскерге 1 800 теңге еңбек ақы төленді.
Банктен 4 000 теңге қарыз алды.
Бұл операцияларды жасағаннан кейін берілген кәсіпорынның активтері, міндеттемелері мен капиталының қорытындысы келесідей болады:
Активтер Міндеттемелер Капитал
а. 4 800 2 200 2 600
b. 9 600 2 200 7400
c. 9 600 4 000 5 600
d. 4 800 3 200 1600
e. 7 600 2 200 5 400
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
№4 тақырып. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік шоттардың құрылысын және екі жақты жазу қағидасын білу керек.
Есеп 1
Шаруашылық операциялар бойынша бухгалтерлік проводкалар құрып, тіркеу журналына жазыңыз.
№
|
Шаруашылық операцияның мазмұны
|
Сомасы, тг
|
1
|
Еңбекақы төлеу үшін ағымдағы, банктік шоттан кассаға ақша түсті
|
540 000
|
2
|
Сатып алушыға дайын өнім тиелді (өзіндік құнды есептен шығару)
|
250 000
|
3
|
Өткізілген өнім үшін сатып алушыға шот көрсетілді
|
325 000
|
4
|
Алынған құрылыс материалдары үшін жабдықтаушы шоты акцептіленді
|
12 000
|
5
|
Жабдықтаушы шотындағы ҚҚС сомасына
|
1 920
|
6
|
Ағымдағы, банктік шоттан басқа кредиторларға ақша аударылды
|
64 500
|
7
|
Көмекші өндірістің жұмысшыларына еңбек ақы есептелді
|
360 450
|
8
|
Кәсіпорын басшысына еңбек ақы есептелді
|
35 000
|
9
|
Кассадан шаруашылық қажеттіліктерге есеп беруге тиісті тұлғаға ақша берілді
|
10 500
|
10
|
Әкімшілік ғимараты бойынша тозу есептелді
|
21 000
|
11
|
Есеп айырысу шотына жал төлемі бойынша аванс алынды
|
3 200
|
12
|
Үстеме шығындар негізгі өндіріс шығын-дарына есептен шығарылды
|
20 000
|
13
|
Банк несиесі есебінен мердігердің қарызы өтелді
|
56 000
|
14
|
Ағымдағы, банктік шотқа ұзақмер-зімді банк несиесі алынды
|
1 200 000
|
15
|
Еңбек ақыдан жеке табыс салығы ұсталынды
|
2 500
|
16
|
Еңбек ақы депоненттелді
|
16 800
|
17
|
Негізгі өндіріске шикізаттар мен материалдар жіберілді
|
17 000
|
18
|
Сатып алушы қарызын қолма-қол ақшамен өтеді
|
3 500
|
19
|
Демеушіден ақысыз компьютер алынды
|
90 000
|
20
|
Түгендеу кезінде отынның жетіспеушілігі анықталды
|
50 000
|
Есеп 2
Берілген бухгалтерлік жазулардың мәліметтері бойынша шаруашылық операциялардың мазмұнын құрыңыз.
Корреспонденцияланатын шоттар
|
Дебет
|
Кредит
|
Шикізаттар мен материалдар
|
Төленуге тиіс шоттар
|
Шикізаттар мен материалдар
|
Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы
|
Төленуге тиіс шоттар
|
Ағымдағы, банктік шоттар-дағы ұлттық валютадағы ақшалар
|
Дайын өнім
|
Негізгі өндіріс
|
Қосалқы бөлшектер
|
Төленуге тиіс шоттар
|
Басқа да дебиторлық қарыз
|
Ағымдағы, банктік шоттар-дағы ұлттық валютадағы ақшалар
|
Есеп 3
Талап етіледі:
01.09.200__ж. шоттарындағы қалдықтар бойынша ақпараттың негізінде бухгалтерлік есептің шоттарын ашу.
Шаруашылық операциялар бойынша проводкалар құрып, тіркеу журналына жазу.
Екі жақты жазу принципін пайдалана отырып, операцияны корреспонденцияланатын шоттар бойынша үлестіру.
Шоттарды жабу: айналымдарды және ай соңына қалдықты есептеу.
Алынған соңғы қалдықтарды келесі айдың басына баланста көрсету.
Әдістемелік нұсқау:
Тапсырманы орындауда шоттарды келесі мысалдың кескінінде ашу:
Д Отын К
|
Қб=40 000
|
3) 9 000
|
6) 2500
|
4) 1 000
|
А. 2 500
|
А. 10 000
|
Қс=32 500
|
|
Шаруашылық операцияларды келесі нысандағы тіркеу журналына жазыңыз:
Шаруашылық опера-цияның мазмұны
|
Сомасы
|
Шоттардың корреспонденциясы
|
Дебет
|
Кредит
|
|
|
|
|
Шығарылған өнімнің өзіндік құны келесі формуламен анықталады:
ДӨөқ=АӨб +Ш-АӨс
мұндағы ДӨөқ – дайын өнімнің өзіндік құны;
АӨб – есеп беру кезеңінің басына аяқталмаған өндіріс;
Ш – есеп беру кезеңінің шығындары;
АӨс – есеп беру кезеңінің соңына аяқталмаған өндіріс.
Бастапқы мәліметтер:
01.09.200__ж. шоттар бойынша қалдықтар, теңге:
Ғимараттар мен құрылыс жайлары............................1 353 200
Шикізаттар мен материалдар.........................................342 000
Аяқталмаған өндіріс.......................................................120 000
Кассадағы ақшалар................................................................400
Басқа да кредиторларға қарыз...........................................8 000
Отын...................................................................................80 000
Бюджетке басқа да салықтар, жинаулар және міндетті
төлемдер...............................................................................6 000
Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп
айырысулар........................................................................42 000
Төленуге тиіс шоттар........................................................39 400
Ағымдағы, банктік шоттардағы ақшалар...154 000
Басқа да дебиторлық қарыз...............................................15 564
Салымдар мен жарналар...............................................1 920 000
Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы............... 236
Дайын өнім........................................................................110 000
Қысқа мерзімді банк несиесі........................................... 160 000
Қыркүйек айында жасалған шаруашылық операциялар:
№
|
Шаруашылық операцияның мазмұны
|
Сомасы, теңге
|
1
|
Жабдықтаушыдан шикізаттар мен материалдар келіп түсті
|
64 000
|
2
|
Негізгі өндіріске материалдар жіберілді
|
38 000
|
3
|
Есеп беруге тиісті сомалар есебінен канцеляриялық тауарлар кіріске алынды
|
200
|
4
|
Есеп беруге тиісті сомалардың қалдығы кассаға қайтарылды
|
36
|
5
|
Негізгі өндіріс жұмыскерлеріне еңбек ақы есептелді
|
32 000
|
6
|
Қызметкерлердің еңбек ақысынан жеке табыс салығы ұсталды
|
3 200
|
7
|
Есеп айырысу шотынан кассаға қолма-қол ақшалар түсті
|
38 800
|
8
|
Бюджетке жеке табыс салығы аударылды
|
9 200
|
9
|
Кассадан еңбек ақы берілді
|
38 800
|
10
|
Ағымдағы, банктік шоттан жабдықтаушылардың қарызы өтелді
|
21 200
|
11
|
Негізгі өндіріс қажеттіліктеріне отын жіберілді
|
2 940
|
12
|
Ағымдағы, банктік шоттан қасқа мерзімді банк несиесі өтелді
|
70 000
|
13
|
Кассадан есеп беруге тиісті тұлғаға ақша берілді
|
60
|
14
|
Ағымдағы, банктік шотқа қысқа мерзімді банк несиесі түсті
|
240 000
|
15
|
Ағымдағы, банктік шоттан басқа да кредиторлардың қарызы өтелді
|
7 000
|
16
|
Ағымдағы, банктік шотқа басқа да дебиторлардан ақша түсті
|
7 704
|
17
|
Ай басындағы аяқталмаған өндіріс қалдығы негізгі өндіріс шығындарына аударылды (сомасын анықтау)
|
|
18
|
Өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін:
материалдар бойынша;
еңбек ақы бойынша шығындар негізгі өндіріс шығындарына қосылады (сомасын анықтау)
|
|
19
|
Ай соңында аяқталмаған өндіріс қалдығы негізгі өндірістен есептен шығарылды (мәліметтер бойынша бағаланды)
|
40 000
|
20
|
Негізгі өндірістен дайын өнім шығарылды (сомасын анықтау)
|
|
Есеп 4
Талап етіледі:
Берілген бухгалтерлік жазулар бойынша шаруашылық операциялардың мазмұнын құрыңыз.
Құрастырылған шаруашылық операцияларды тіркеу журналына жазыңыз.
№
|
Корреспонденцияланатын шоттар
|
Сомасы, теңге
|
Дебет
|
Кредит
|
1
|
«Өндірістік жұмыскер-лердің еңбек ақысы» (негізгі өндіріс)
|
«Еңбек ақы бойын-ша жұмыскерлер-мен есеп айырысу-лар»
|
180 000
|
2
|
«Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысулар»
|
«Бюджетке басқа да салықтар, жинаулар және міндетті төлемдер»
|
2 890
|
3
|
«Төленуге тиісті шоттар»
|
«Банктердің қарыздары»
|
19 000
|
4
|
«Дайын өнім»
|
«Негізгі өндіріс»
|
250 000
|
5
|
«Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны»
|
«Дайын өнім»
|
85 000
|
6
|
«Қосалқы бөлшектер»
|
«Төленуге тиіс шоттар»
|
56 000
|
7
|
«Бағдарламалық қамтамасыз ету»
|
«Төленбеген капитал»
|
35 000
|
8
|
«Алынуға тиіс шоттар»
|
«Дайын өнімді өткізуден табыс»
|
98 000
|
9
|
«Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы»
|
«Кассадағы ұлттық валютадағы ақшалар»
|
20 000
|
10
|
«Басқа да дебиторлық қарыз»
|
«Кассадағы ұлттық валютадағы ақшалар»
|
15 000
|
11
|
«Әлеуметтік салық»
|
«Ағымдағы, банктік шоттардағы ақшалар»
|
70 000
|
12
|
«Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар»
|
«Төленуге тиіс корпоративті табыс салығы»
|
120 000
|
13
|
«Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысулар»
|
«Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы»
|
10 000
|
14
|
«Кассадағы ұлттық валютада ақшалар»
|
«Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы»
|
10 000
|
15
|
«Есеп беру жылының бөлінбеген табысы»
|
«Басқа да резервтік капитал»
|
50 000
|
Есеп 5
Фирмада келесідей шоттар қолданылады:
Жабдық
Атқарылмаған жал төлемі
Материалдардың қорлары
Иегердің капиталы
Төленуге тиіс шоттар
Алынған капитал
Жер
Бұл шоттар активтер, міндеттемелер мен капитал шоттары ретінде келесідей жіктелінуі мүмкін:
Активтер Міндеттемелер Капитал
1,3,7 2,5 4,6
1,3,7 2,5,6 4
1,3,7 5,6 2,4
1,7 3,5,6 2,4
е. 1,7 2,5 3,4,6
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
№5 тақырып. Есепті кезең және қаржылық есептілікті дайындау
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік шоттардың құрылысын және екі жақты жазу қағидасын білу керек.
Есеп 1
Бастапқы мәліметтер: 2005 жылдың қазанында 13 500 теңге сомасына материалдар жабдықтаушыдан келіп түсіп, қоймаға кіріске алынды. Бухгалтерияда берілген операцияға проводка жасалды:
Дебет «Отын» 13 500
Кредит «Төленуге тиісті шоттар» 13 500
Қате ай соңында анықталды.
Талап етіледі:
Қате қандай тәсілмен түзетілетінін анықтау;
Түзету енгізу және бухгалтерлік есепте көрсету.
Есеп 2
Бухгалтерияда келіп түскен басқа да негізгі құралдарға 125 шот бойынша 125 800 теңгеге келесі проводка берілген:
Дебет «Материалдар» 125 800
Кредит «Төленуге тиісті шоттар» 125 800
Талап етіледі: бір тәсілмен қатені түзету.
Есеп 3
Бастапқы мәліметтер: 2005 жылы қараша айында зауыт кассасына есеп айырысу шотынан 150 000 теңге сомасында еңбек ақы төлеу үшін ақша қаражаттары келіп түсті. Бухгалтерияда келесі бухгалтерлік проводка жасалды:
Дебет «Кассадағы ұлттық валютада ақшалар» 15 000
Кредит «Ағымдағы, банктік шоттардағы ұлттық
валютада ақшалар» 15000
Талап етіледі:
Қате қандай тәсілмен түзетілетінін анықтау;
Түзету енгізу және бухгалтерлік есепте көрсету.
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 19, 20.
№6 тақырып. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік шоттардың құрылысын және екі жақты жазу қағидасын білу керек.
Есеп 1
«Салтанат» тігін фабрикасының синтетикалық және аналитикалық есебінің шоттары бойынша 2005 жылдың 12 қаңтарына қалдықтары, мың теңгеде:
«Шикізат пен материалдар» 127 000
оның ішінде:
- жүн мата 42 000
- шыт мата 35 000
- жібек мата 50 000
«Ағымдағы, банктік шоттардағы ұлттық
валютада ақшалар» 74 000
«Негізгі өндіріс» 1 034
«Банк қарыздары» 90 000
«Төленуге тиісті шоттар» 112 034
Есеп беру кезеңінде фабрикада келесі шаруашылық операциялар жүргізілген:
Қоймаға жабдықтаушыдан келіп түскен жүн матасына шот төлемге қабылданды – 25200.
Қарыз бойынша қарызды азайтуға ағымдағы, банктік шотынан аударылды – 5000
Қоймаға келіп түскен және қабылданған жібек матасы үшін жабдықтаушы шоты акцептіленді – 40625
Жібек матасы үшін жабдықтаушының қарызын өтеуге ағымдағы, банктік шотынан аударылды - 25200
Қоймаға келіп түскен және қабылданған шыт матасы үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды – 40435
Киім тігу үшін материалдар қоймадан жіберілді:
- жүн мата 24000
- шыт мата 12000
- жібек мата 30000
Барлығы: 66000
Талап етіледі:
Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде келесілерді орындау керек:
Т-шоттарды ашып, онда кезең басындағы қалдықтарды толтыру.
Шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құру және шаруашылық операцияларды шоттарда көрсету.
Айналымды есептеу, қалдық шығару және айналым ведомосін құру.
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
№7 тақырып. Тауарлық-материалдық қорлар есебі
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік шоттардың құрылысын және екі жақты жазу қағидасын білу керек. Сонымен қатар тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістерін жетік меңгеру қажет.
Есеп 1
Төменде берілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.
№
|
Шаруашылық операцияның мазмұны
|
Сомасы, тг
|
1
|
Алынған тауарлар кіріске алынды:
а) жабдықтаушылардан
ә) есеп беруге тиісті тұлғалардан
б) жеке тұлғалардан
с) еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын ұйымдардан
|
140 000
41 000
21 000
23 000
|
2
|
Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен тауарлар кіріске алынды
|
50 000
|
3
|
Жеке және заңды тұлғалардан ақысыз келіп түскен тауарлар кіріске алынды
|
10 000
|
4
|
Түгендеу нәтижесінде анықталған артық тауарлар кіріске алынды
|
2 500
|
5
|
Тауарлар өткізілді:
а) сатып алу құнына
ә) өткізу құнына
б) сатудан, бағалардан берілген шегерімдер сомасына
в) ҚҚС сомасына
|
200 000
250 000
5 000
?
|
6
|
Табиғи апат нәтижесінен жоғалтқан тауарлар есептен шығарылды
а) орны толтырылмайтын зияндар
ә) сақтандыру ұйымдарымен толығымен немесе жартылай орны толтырылатын
|
45 000
50 000
|
Есеп 2
ФИФО әдісі бойынша ай соңына материалдар қалдығының сомасын анықтаңыз.
Көрсеткіштер
|
Бірлік саны
|
Бірліктің бағасы, теңге
|
Сомасы, теңге
|
1 қазанға материалдардың қалдығы
|
10
|
100
|
1000
|
Материалдар келіп түсті:
Бірінші партия
Екінші партия
Үшінші партия
|
30
20
40
|
100
120
150
|
3000
2400
6000
|
Бір айда барлығы
|
90
|
|
11400
|
Бір айда материалдардың жұмсалуы
|
|
|
|
ФИФО әдісі бойынша:
|
|
|
|
Бірінші партия
|
50
|
|
|
Екінші партия
|
20
|
|
|
Үшінші партия
|
30
|
|
|
Бір айда барлығы
|
100
|
|
11900
|
1 қарашаға материалдардың қалдығы
|
|
|
|
ФИФО әдісі бойынша
|
10
|
|
|
Есеп 3
ЖШС «Zet» 2003 жылдың ақпан айына материалдардың қозғалысы жөнінде келесідей мәліметтері берілген:
Айы-күні
|
Алынғаны, бірлік
|
Бір бірліктің бағасы
|
Құны, теңге
|
Өткізілгені, бірлік
|
Қалдық, бірлік
|
01.02
|
|
|
|
|
90
|
04.02
|
80
|
7
|
560
|
|
170
|
08.02
|
|
|
|
80
|
90
|
10.02
|
100
|
8
|
800
|
|
190
|
13.02
|
|
|
|
100
|
90
|
20.02
|
100
|
10
|
1000
|
|
190
|
27.02
|
|
|
|
80
|
110
|
Ақпан айында материалдарды өткізуі бойынша мәліметтер:
Айы-күні
|
Өткізілгені, бірлік
|
Оның ішінде
|
08.02
|
80
|
40 бірлік 01.02 қалдықтарынан
40 бірлік 04.02 келіп түскендерден
|
13.02
|
100
|
40 бірлік 01.02 қалдықтарынан
40 бірлік 04.02 келіп түскендерден
20 бірлік 10.02 келіп түскендерден
|
27.02
|
80
|
50 бірлік 10.02 келіп түскендерден
30 бірлік 20.02 келіп түскендерден
|
Талап етіледі: арнайы сәйкестендіру әдісін пайдаланып, ақпанда жұмсалған және айдың соңында қалған материалдардың құнын анықтаңыз.
Есеп 4
3 есептің мәліметтері бойынша ФИФО, орташа салмақтандырылыған құн әдістері бойынша материалдарды бағалаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
№8 тақырып. Негізгі құралдар есебі
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік шоттардың құрылысын және екі жақты жазу қағидасын білу керек. Сонымен қатар негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу әдістерін жетік меңгеру қажет.
Есеп 1
Фирма құрал-жабдық сатып алды, оның бастапқы құны 30 000 теңге, жиырма жылдық қызмет ету мерзімінің соңына болжамды жою құны – 3 000 теңге. Бұл мәліметтерден шыға отырып, бірқалыпты әдіспен амортизацияның жылдық сомасын анықтау керек.
Есеп 2
Сатып алынған ғимараттың бастапқы құны – 90 000 теңге, жою құны – 10 000 теңге, пайдалы қызмет ету мерзімі – 40 жыл. 15 жылдан кейін шаруашылық әрекет түрінің өзгеруіне байланысты пайдалы қызмет ету мерзімі мен жою құны қайта қарастырылды – қалған қызмет ету мерзімі 10 жыл (яғни барлығы - 25 жыл), ал жою құны – 12 000 тг деп анықталды. Нақтыланған мәліметтерден шыға отырып, қалған 10 жылға бірқалыпты есептен шығару әдісін қолдана отырып жылдық амортизациялық аударымдардың сомасын анықтау керек.
Есеп 3
Көшірме қондырғысы техникалық паспортқа сәйкес 500 000 көшірме баса алады немесе 10 000 сағат ішінде жұмыс атқара алады. Қондырғының бастапқы құны 120 000 теңге, жою құны – 1 000 теңге. Есеп беру жылында көшірме қондырғы арқылы 110 000 көшірме жасалды, ал қондырғының жұмыс уақыты осы кезеңге 1 850 сағатты құрады.
Осы мәліметтерден шыға отырып, өндірістік әдіспен амортизация нормасын анықтау.
Есеп 4
Дизельдік қондырғының бастапқы құны – 10 000 теңге, жою құны – 1 000 теңге, болжамды қызмет ету мерзімі – 5 жыл. Жылдық амортизациялық аударымдар сомасын құнды сандар қосындысы бойынша есептен шығару әдісімен (кумулятивтік әдіспен) анықтау керек.
Есеп 5
№ 4 есеп мәліметтерін қолдана отырып, жылдық амортизациялық аударымдар сомасын қалдықты азайту әдісімен анықтау керек.
Есеп 6
Компания медициналық препараттарды шығаруға құны 1 000 000 теңге, мерзімі 5 жылдық технология сатып алды. Технологиялық желі бірінші жылы 100 000 бірлік, екінші жылы -200 000 бірлік, үшінші жылы – 250 000, төртінші жылы – 250 000, бесінші жылы – 200 000 өнім шығарды. Өндірістік әдісті пайдалана отырып жыл сайынғы амортизациялық аударымды анықтаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
№9 тақырып. Материалдық емес активтер есебі және олардың амортизациясы
Есеп 1
Компания құрылыс лицензиясын 5 жыл мерзімге сатып алды, оның бастапқы құны – 600 000 теңге.
Түзу сызықты әдісті қолдана отырып, жылдық амортизациялық аударымдар сомасын анықтау керек.
Есеп 2
Компания «А» 20000 теңгеге компьютерлер бойынша оқулыққа авторлық құқық сатып алды. Оқулықты пайдаланудың әдеттегі мерзімі 4 жыл. Бірақ авторлық құқық тағы 50 жыл әрекет етеді. Авторлық құқықтың жылдық амортизациясын анықтаңыз.
Есеп 3
2-есептің мәліметтерін пайдалана отырып, авторлық құқықтың екінші күнтізбелік жылына амортизациясын төмендегі әдістермен есептеңіз:
- түзу сызықты;
- қалдықты азайту.
Әдістемелік нұсқаулар: қалдықты азайту әдісінде қолданылатын амортизация нормасын 2 есеге көбейту қажет.
Есептің шешу жолын төмендеге кестеге толтырыңыз:
Жылдар
|
Баланстық құны
|
Тозуы ( %)
|
Тозу сомасы
|
1
|
Бастапқы құн
|
|
|
2
|
Баланстық құн
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
№10 тақырып. Дебиторлық қарыз есебі
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік шоттардың құрылысын және екі жақты жазу қағидасын білу керек.
Есеп 1
Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.
№
|
Операциялардың мазмұны
|
Сомасы теңге
|
1
|
Кассадан есеп беруге (шаруашылық және операциялық мұқтаждықтарға, қызметтік іс-сапарларға) ақша берілді
|
50 000
|
2
|
Көрсетілген және бекітілген аванстық есеп берулер бойынша есеп беруге тиісті сомалар есептен шығарылды:
а) әкімшілік-басқарушылық қызметкерлердің
ә) өткізу саласының жұмыскерлерінің
б) құрылыспен айналысатын жұмыскерлердің
в) цехтік қызметкерлердің
|
5 000
1 000
5 000
1 500
|
3.
|
Есеп беруге тиісті тұлғалармен алынған тауарлы-материалдық құндылықтар мен басқа да активтер кіріске алынды
|
14 000
|
4.
|
Жұмсалмаған есеп беруге тиісті сомалар кассаға қайтарылды
|
2 000
|
5.
|
Есеп беру кезеңінің соңына есеп беруге тиісті сомалардың орны толтырылмаған артық жұмсалуы
|
1 000
|
6.
|
Еңбек ақыдан есеп беруге тиісті сомалардың қалдықтары ұсталды
|
3 000
|
7.
|
Банк шоттарынан қате есептен шығарылған сомалар көрсетілді
|
1 400
|
Есеп 2
Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.
№
|
Операциялардың мазмұны
|
Сомасы, теңге
|
1.
|
Орындалған жұмыстың көлемін жоғарылатқаны үшін мердігерлерге көрсетілген шағымдар сомасына
|
14 700
|
2.
|
Бағалар мен тарифтерді дұрыс қолданбағаны үшін көліктік және басқа да ұйымдарға көрсетілген шағымдар сомасына
|
25 000
|
3.
|
Келіп түскен материалдарды қоймаға қабылдағанда анықталған табиғи кему нормасынан жоғары жетіспеушілік сомасына
|
1 250
|
4.
|
Алдын-ала төленген аванс түріндегі жалдық төлем сомасына
|
15 400
|
5.
|
Келесі жылға газеттер мен журналдарға жазылу бойынша шығындар сомасына
|
18 100
|
6.
|
Тауарлық-материалдық қорлармен жабдықтау үшін аванстар аударылды
|
18 400
|
7.
|
Жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету үшін аванстар аударылды
|
5 500
|
8.
|
Алдын-ала берілген аванстардың қолданылмаған сомалары қайтарылды
|
2 200
|
Ұсынылатын әдебиеттер: 4,8,9,10.
№11 тақырып. Инвестиция және құнды қағаздар есебі
Есеп 1
Негізгі түсініктерді ашу; ҚЕБХС №32 «Қаржылық құралдар: ашылу және таныстыру» және ҚЕБХС №39 «Қаржылық құралдар: тану және бағалау» анықтайтын.
Қаржылық активтердің 4 категориясының анықталуы
Эффектілі пайыздық ставка әдісі
Қаржылық құралдардың бастапқы және келесі бағалануы
Есеп 2
Келесі операциялар бойынша проводкалар құру:
2 қазанда 2007 жылы оның эмиссиялануынан кейін облигация сатып алынды. Оның номиналды бағасы 1000000 тг. Компания осы соманы және пайыз сомасын БҚ-ға оның эмиссия уақытында есептелген 50000 тг және 25000 тг комиссионды брокерге төледі. БҚ төлеу уақыты 1 қыркүйек 2008 жыл.
30 наурызда 2008 жылы компания БҚ сатады және ол үшін 1300000 тг алды, және де осы уақытта 350000 сомасында пайыздар есептелді және олар сатып алушыдан алған сомаға қосылды.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сальдолық қорытынды активтердің шығуынан пайда есебі шотында анықталуы керек.
Ұсынылған әдебиеттер: 3,7,9.
№12 тақырып. Меншікті капитал есебі
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік шоттардың құрылысын және екі жақты жазу қағидасын білу керек.
Есеп 1
АҚ «Рахаттың» меншікті капиталы жыл басына – 1 000 000 теңге құрады. Жыл бойында 3 000 000 теңге сомасына жаңа акциялар шығарылды. 500 000 теңге көлемінде дивидендтер төленді. Жыл соңына кәсіпорынның меншікті капиталы 5 000 000 теңгені құрады.
Талап етіледі: «Рахат» акционерлік қоғамының жылдық таза табыс сомасын анықтау.
Есеп 2
Төменде ағымдағы жылдың 20 қарашасына АҚ «Лина» мәліметтері келтірілген (мың теңге):
Баланстық құны бойынша материалдық емес активтер 265
Баланстық құны бойынша негізгі құралдар..............24 280
Есептік күнге пайыздармен ұзақмерзімді несиелер.14 860
Қысқамерзімді банк несиелері...................................16 427
Жарғылық капитал......................................................18 500
Тауарлық-материалдық қорлар....................................9 220
Аяқталмаған өндіріс......................................................5 917
Дайын өнім...................................................................10 418
Кредиторлардың қарызы............................................13 219
Ақша қаражаттары..........................................................513
Зияндар.............................................................................850
Дебиторлардың қарызы.............................................11 543
Талап етіледі:
Бухгалтерлік балансты құру
Меншікті капитал шамасын анықтап, оның жеткіліктігі туралы қорытынды жасау.
Ұсынылған әдебиеттер: 3,7,9.
№13 тақырып. Міндеттемелер және қарыздар бойынша шығындар есебі
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік шоттардың құрылысын және екі жақты жазу қағидасын білу керек.
Есеп 1
Төменде келтірілген шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрыңыз.
№
|
Операциялардың мазмұны
|
Сомасы, теңге
|
1.
|
Бюджетке салынуға тиісті корпоративті табыс салығы есептелді
|
47 000
|
2.
|
Бюджетке салынуға тиісті жеке табыс салығы есептелді
|
87 000
|
3.
|
ҚҚС сомасына:
а) тиелген өнім үшін сатып алушыларға көрсетілген
ә) есепке алынуға тиісті
б) еншілес және тәуелді ұйымдарға көрсетілген
в) ертеректе есепке алынған жетіспейтін құндылықтар бойынша
г) бюджетке аударылған
|
25 000
35 600
14 520
2 356
54 231
|
4.
|
Бюджетке салынуға тиісті салықтар есептелді:
а) әлеуметтік салық
ә) жер салығы
б) мүлікке салынатын салық
в) акциздер
г) көлік құралдарына салық
ғ) басқа да салықтар мен алымдар
|
24 000
25 000
24 000
20 000
28 000
12 000
|
5.
|
Жұмысшыларға есептелген еңбек ақы сомасына
|
250 000
|
Ұсынылған әдебиеттер: 3,7,9.
№14 тақырып. Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі
Тапсырма 1. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Табыс дегеніміз не?
2. Табысқа қандай экономикалық пайдалар жатпайды?
3.Шығын дегеніміз не?
4.Кезең шығындарына не жатады?
5. Негізгі қызметтен табыс қалай анықталады?
6.Жиынтық табыс дегеніміз не және қалай анықталады.
7.Өткізілген өнім құнына не кіреді?
8. Салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен табыс (зиян) қалай анықталады?
9.Жиынтық жылдық табыс дегеніміз не?
10. Өткізуден түсім қандай жағдайда танылады?
Сұрақтарға жауаптар:
1. Жиынтық табыс пен кезең шығындарының айырмасы ретінде анықталады.
2. Жалпы және әкімшілік шығындар, өткізу бойынша шығындар, сыйақы төлеуге шығындар.
3. Бұл есеп беру кезеңінде активтердің шығуы немесе пайдалануы немесе міндеттемелердің пайда болуы түрінде экономикалық пайданың азаюы.
4. Дебиторлық қарызды талап ету, акционерлерге акциялар сату, әлі орындалмаған қызметтерге аванстық төлемдер.
5. Бұл әдеттегі қызмет барысында меншікті капиталдың өсуіне әкелетін (акционерлердің салымынан басқа) экономикалық пайданың жиынтық түсімі
6. Субъект меншік құықығымен байланысты барлық мәнді тәуекелдерді және сыйақыларды сатып алушыға береді; табыс сомасы шынайылылықтың жоғары дәрежесімен бағалануы мүмкін; субъект жүргізген операциядан экономикалық пайда алуды күтеді.
7.Бұл негізгі қызмет нәтижесінде өнімді (жұмыс, қызметтерді) өткізуден табыс және өткізілген өнімнің (жұмыс, қызметтің) өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталатын өнімді (жұмыс, қызметтерді) өткізуден қаржылық нәтиже
8. Іс жүзінжегі шығындар. Экономикалық мазмұнына сәйкес топтастырылатын, өнімді (жұмыс, қызмет) өндірумен тікелей байланысты.
9. Негізгі және негізгі емес қызметтен табыстарды (зияндарды) қосу жолымен анықталады.
10.Күнтізбелік жыл ағымында заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көздерден табысы
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырманы орындауда әр сұраққа сәйкес жауапты таңдау қажет.
№15 тақырып. Қаржылық есеп беруге сипаттама, маңызы және құрамы
Әдістемелік нұсқаулар: төмендегі есептерді шығару үшін ең алдымен бухгалтерлік шоттардың құрылысын және екі жақты жазу қағидасын білу керек.
Есеп 1
«Нұрсат» компаниясының 31 желтоқсан 2007 жылға түзетілмеген алдын ала балансы келесідей:
Ақшалай қаражаттар..........................................................21 600
Алынуға тиісті шоттар.......................................................12 500
Кеңсе тауарлары................................................................. 1 800
Алдын ала төленген сақтандыру...................................... 2 400
Кеңсе жабдығы...................................................................30 000
Жинақталған тозу................................................................6 000
Төлеуге тиісті шоттар..........................................................7 000
Атқарылмаған табыс............................................................4 600
Меншікті капитал...............................................................48 700
Капиталды қайтарып алу.....................................................4 000
Кеңес беру қызметтерін көрсетуден табыс.....................29 000
Еңбек ақы бойынша шығындар........................................15 000
Жал бойынша шығындар....................................................4 000
Барлығы...............................................................................95 300
Сонымен қатар келесідей қосымша ақпараттар бар:
Желтоқсан ішінде әрекет ету мерзімі аяқталатын сақтандыру 400 тг тұрады.
Кеңсе тауарларының қорлары желтоқсан соңына 750 тг. құрады.
Тозу желтоқсан айына 1000 тг. құрады.
Есептелген еңбек ақы желтоқсан соңына 1200 тг. құрады.
Шот көрсетілмеген көрсетілген қызметтер үшін табыстар 3000 тг. құрады.
Аванспен төленген атқарылған қызметтер үшін табыстар 1600 тг. құрады.
Талап етіледі:
Желтоқсанға қажетті түзететін проволкалар құру.
31.12.07 ж. есептік кезеңнің соңына түзетілген алдын ала балансты жасау.
Ұсынылған әдебиеттер: 3,7,9.
№16 тақырып. Бухгалтерлік (қаржылық) есеп берудегі қауымдастыру
Есеп 1. «А» компаниясы «Б» компаниясының 100% иеленушісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |