Шығындарды элементтері бойынша топтастырудан басқа шығындар баптарға бөлінеді.
Өнімнің өндірістік құнына кірмейтін шығындар, кезең шығындарына жатқызылады, мысалы жалпы және әкімшілік шығындар, өнімді өткізу бойынша шығындар, пайыздарды төлеу бойынша шығындар.
Өндірістік шығындарды есептеуге 8 “Өндірістік есеп шоттары” бөлімінің шоттары арналған. 8100 “Негізгі өндіріс” бөлімше шоттары шығындарды бір элементтік шығындар бойынша көрсетуге қолданылады. Яғни 8111 “Материалдар”, 8112 “Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы”, 8114 “Үстеме шығындар”. Бұл шоттардың дебеті бойынша ағымдағы ай шығындары көрсетіледі, ал кредитінен өнімді жасау шығындары 8110 “Негізгі өндіріс” шотының дебетіне есептен шығарылады. 8110 “Негізгі өндіріс” шотының кредиті бойынша өндірістен шығарылған өнімнің нақты өндірістік құнын, сонымен бірге жөнделінетін ақаудың өзіндік құнын, материал және қалдықтар қайтарылымын, аяқталмаған өндіріс қалдықтарын көрсетеді.
Ай аяғында шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына проводка құрайды: 1320 “Дайын өнім” шотының дебеті, 8110 “Негізгі өндіріс” шотының кредиті. Өнім бірлігінің өзіндік құны шығынның жалпы сомасын шығарылған өнім сомасына бөлу арқылы анықтайды.
Қосымша цехтардағы өндірістік шығындарды есептеу дәл солай 8300 “Көмекші өндірістер” бөлімше шоттарында жүзеге асырылады.
Көмекші және негізгі өндірістің үстеме шығындарының есебі 8400 «Үстеме шығындар» бөлімшесінде жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебеті бойынша ай ішінде сәйкес барлық шығындар жинақталады, ал ай соңында олар осы шоттың кредитінен есептен шығарылып, 8114 «Үстеме шығындар» шотының дебетіне есепке алынады
Бір өнім түрін шығаратын өнеркәсіп салаларында және қарапайым өндірісте үстеме шығындар бөлінбейді. Олар жалпы сомамен негізгі және қосымша өндіріске жатқызылады. Яғни олар тікелей шығындарға айналады.
Кәсіпорындарда шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым, тапсырыс бойынша саты бойынша және нормативті әдістері қолданылады.
Жанама шығындарды бөлудің келесі әдістері бар:
өндірістік жұмыскерлердің негізгі еңбек ақысына пропорционалды;
өндірістік жұмыскерлердің негізгі еңбек ақысына және жабдықтар мен машиналардың күтіміне, оларды пайдалануға жұмсалған шығындарға пропорционалды;
шикізат шығындарына пропорционалды;
өңдеу шығындарына пропорционалды;
тікелей шығындарына пропорционалды;
машина уақыты шығындарына пропорционалды;
шығарылған өнімнің санының өңделіп жатқан шикізат салмағына пропорционалды.
Шығару процесінде ақаулар болуы мүмкін. Ақау ретінде техникалық параметірлерге, стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес емес және өзінің мақсаты бойынша қолданылуы мүмкін емес немесе түзетулерден кейін ғана қолданылуы мүмкін бұйымдар, жартылайфабрикаттар, жұмыстар мен қызметтер саналады. Өндірістегі шығынның жинақ есебі жартылай фабрикаттық және жартылайфабрикаттық емес әдістермен жүргізілуі мүмкін.
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1,2,3,4.
№18 тақырып. Бухгалтерлік есеп және аудитті гармонизациялау және стандарттау (ҚЕБХС, АХС)
Стандарттау – бұл тұтынушының сапалы, оңтайлы бағаға тауарларды алуға құқығын, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайына құқығын қамтамасыз ететін, орындауға міндетті және де ұсынылатын талаптар, нормалар, ережелер, сипаттамаларды өңдеуге және бекітуге бағытталған әрекет.
Стандарттаудың мақсаты – нақты әрекеттегі жоспарланатын немесе оңтайлы мәселелерді шешу үшін бекітілген заңдарды , талаптарды, нормаларды кеңінен және бірнеше рет пайдалану арқылы қандай да бір облыста қарапайымдандырудың оңтайлы дәрежесіне жету.
Стандарттаудың мақсатын жалпы және тар көлемді деп бөлуге болады. Жалпы мақсаттар ең алдымен түсініктің мазмұнынан шығады. Қазақстандық стандарттау үшін жалпы мақсаттарды нақтылау міндетті болып табылатын стандарттың үш талаптарын орындаумен байланысты.
Стандарттау стандарттау объектісі және стандарттау облысы түсініктерімен байланысты. Стандарттау әртүрлі деңгейлерде жүзеге асырылады. Стандарттау деңгейі әлемнің қандай географиялық, экономикалық, саяси аймағының қатысушылары стандартты қабылдауына байланысты ерекшеленеді. Егер стандарттауға қатысу кез-келген елдің сәйкес органдарына ашық болса, онда бұл халықаралық стандарттау.
Стандарттау – бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін қайталанатын мәселелерді мақсатты шешу. Стандарттар өнімнің сапасын жоғарылату және оның өндірісінің үнемділігін жоғарылату, сонымен қатар оның орын ауыстырушылық деңгейін жоғарылату мүмкіндігіне кепілдік беретінкөрсеткіштерден тұрады.
Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру қажет, өйткені ол басқарудың ақпараттық негізін құрайды.
Бухгалтерлік есеп модельдерінің сәйкессіздік мәселесі Қазақстанға ғана тән болып табылмайды. Ол ауқымды мәселе. Барлық әлемде қаржылық есеп беруді құрушылар мен пайдаланушылар жұмысының процесінде бухгалтерлік есепті біыңғайлау мәселесі пайда болады.
Қазіргі уақытта оны шешудің екі жалпы аса белгілі:
Бухгалтерлік есептің әртүрлі жүйелерін үйлесімдеу пікірі Еуропалық Одақтың (ЕО) аумағында жүзеге асырылады. Оның мәні - әр ел есепті ұйымдастырудың өз моделі және оны реттейтін стандарттар жүйесі болуы мүмкін. Ең бастысы, бұл стандарттар Одақтың мүше-елдеріндегі ұқсас стандарттарға қайшы келмеуі керек, яғни бір-бірімен шамалы «үйлесімде» болуы керек. Бұл бағыттағы жұмыс 1961 жылдан бастап жүргізіліп келеді. ЕО елдерінде есепті дамыту концепциясын қалыптастыру мақсатында бухгалтерлік есептің мәселелері бойынша зерттеу тобы құрылды. Оның қызметі – компаниялар туралы Заңның ұлттық версиясын үйлесімдеу бағдарламасының бір бөлігі ретінде болды. Бұл жұмыстың нәтижелері нормативті құжаттар түрінде баспаға шығарылған және ЕО әлбір мүшелері оларды бухгалтерлік есепке қатысты ұлттық заңнамаларына енгізілген.
Есептік процедураларды стандарттау пікірі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын (ҚЕБХС) өңдеумен және баспаға шығарумен айналысатын ҚЕБХС бойынша Кеңес (ҚЕБХСК) жүргізетін есепті бірыңғайлау шегінде жүзеге асырылады. Бұл бағыттың мәні – кез-келген елде, кез-келген жағдайға қолданылатын стандарттарды бірыңғайлы жинағын өңдеу.
Есеп жүйесі объектілер мен субъектілердің түрлері мен өзарабайланысы, есептік ақпараттың семантикалық орын ауыстыру деңгейі, әрекет ортасы, сыртқы ортамен өзара әрекетінің сипаты бойынша ерекшеленеді. Қазіргі уақытта есептік ақпарат жүйесі халықаралық деңгейде қалыптасқан – ҚЕБХС.
Қазіргі экономистер бухгалтерлік есептің келесідей модельдерін бөліп көрсетеді:
англо-американдық;
континенталдық;
оңтүстік-американдық;
исламдық.
Капитал нарығын ауқымдандыруға тенденция қаржылық есептің бірыңғай жүйесін құру қажеттігін тудырады. Бұл қажеттілікті түсіну есеп пен аудиттің халықаралық стандарттарын құруға бағыт бойынша ең басты қадам болып табылады. Басқа жағдайда капиталдың халықаралық нарықтарын әрі қарай дамыту ойланатын жағдай, өйткені есеп жүйесінің әртүрлілігі инвестициялау үшін тиімді объектіні таңдау қиынға соғады.
Саяси, экономикалық және қоғамдық қатынастарды ауқымдандыру, ұлттандыру процестері ұлттық шекарасы жоқ әлемдік нарықты құруға біртіндеп әкеледі. Әлемнің әртүрлі елдерінде кәсіпорындары бар трансұлттық корпорациялар құрылып, табысты әрекет етуде. Территориясында бір валюта енгізілген еуропалық елдер бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыруда.
Бухгалтерлік есептің ақпаратын әртүрлі тұлғалар шешім қабылдау үшін қолданады, ал есеп беру ұлттық және халықаралық нарықтарда экономикалық субъектілер арасында коммуникация құралы ретінде болады. Бизнесті интеграциялау кезінде есеп беруді құруда жолдарды келісіп, үйлесімді сәйкестендіру қажет. Есептік теория мен тәжірибенің даму тенденциясын дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде қабылданған қағидалармен ашу және салыстыру – есептің ұлттық жүйесін таңдау үшін қызығушылықты білдіреді.
Бухгалтерлік есепті және есеп беруді стандарттау мәселесі халықаралық сипат алуда. Қаржылық есеп беруге талаптарды бірыңғайлау және ұлттық асты стандарттар жеке елдерде ғана емес, халықаралық деңгейде де стандарттарды өңдеуге әкеп соғады.
Сонымен, экономикалық қатынастарды ауқымдандыру барлық әлемде бухгалтерлік есепті жүргізудің ережелерін бірыңғайлауға әкелді. Бухгалтерлік есеп жүйесін үйлесімдендіру процесі ҚЕБХС-рын өңдеу мен енгізуді талап етті. Ұйымдар шетел ресурстарын тартуда шетел фирмаларымен бәсекелесу үшін бухгалтерлік есеп пен есеп беруді нормативті реттеудің жаңа жүйесі қажет.
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1,2,3,4.
2.3. Семинар сабақтарының жоспары
Әдістемелік нұсқаулар: сұрақтарды ауызша талқылау және келтірген мысалдарын тақтада көрсету және өз бетімен қосымша дайындаған сұрақтарын баяндама түрінде рәсімдеу қажет.
№1 тақырып. Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп
Қарастырылатын сұрақтар:
Шаруашылық есептің жалпы сипаттамасы
Шаруашылық есепке қойылатын талаптар
Есепте қолданылатын өлшеуіштер
Шаруашылық есептің түрлері, олардың сипаттамасы және өзара байланысы
Бухгалтерлік есептің пәні және объектілері
Бухгалтерлік есептің әдістері және қағидалары
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№3 тақырып. Қаржылық жағдай және бухгалтерлік теңдік
Қарастырылатын сұрақтар:
Бухгалтерлік баланстың құрылымы және мазмұны
Шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсері
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№4 тақырып. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Қарастырылатын сұрақтар:
Бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі, олардың мақсаты және ішкі құрылысы
Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі
Шаруашылық операцияларды шоттарда екі жақты жазу әдісімен көрсету, оның мәні және бақылаулық маңызы
Синтетикалық және аналитикалық шоттар олардың өзара байланысы
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары. Оның сипаттамасы
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№6 тақырып. Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Қарастырылатын сұрақтар:
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің ұғымы
Кассадағы ақша қаражаттарының есебі
Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№7 тақырып. Тауарлық-материалдық қорлар есебі
Қарастырылатын сұрақтар:
Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) жайлы түсінік, жіктелуі және бағалау әдістері
ТМҚ қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
ТМҚ синтетикалық есебін ұйымдастыру
Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезеңдік жүйелерін қоддану
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№8 тақырып. Негізгі құралдар есебі
Қарастырылатын сұрақтар:
Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелуі
Негізгі құралдардың анықтамасы мен сипаттамасы, жіктелуі және бағалануы
НҚ қозғалысын құжаттап рәсімдеу
НҚ амортизациясы (тозуы) есебі
НҚ қозғалысының синтетикалық есебін ұйымдастыру
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№9 тақырып. Материалдық емес активтер есебі және олардың амортизациясы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Материалдық емес активтердің түсінігі және жіктелуі
2. Материалдық емес активтердің синтетикалық есебі
3. Материалдық емес активтер амортизациясының есебі
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№10 тақырып. Дебиторлық қарыз есебі
Қарастырылатын сұрақтар:
Дебиторлық қарыздар – бухгалтерлік есеп объектісі ретінде
Алынуға тиісті шоттар есебі.
Жұмыскерлер мен басқа тұлғалардың қарыздарының есебі.
Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№12 тақырып. Меншікті капитал есебі
Қарастырылатын сұрақтар:
Капитал туралы түсінік, оның қалыптасуы мен есебі
Шаруашылық серіктестіктер туралы түсінік
Акционерлік капиталдың алынуы
Қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал есебі.
Резервтік капитал есебі.
Бөлінбеген табыс және есепті кезеңнің табысы есебі.
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№13 тақырып. Міндеттемелер және қарыздар бойынша шығындар есебі
Қарастырылатын сұрақтар:
Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі
Банк несиесінің есебі
Бюджетпен есеп айырысу
Еңбек ақы төлеу бойынша жұмысшы қызметкерлермен есеп айырысу есебі.
Басқа да кредиторлық қарыздар есебі
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№14 тақырып. Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі
Қарастырылатын сұрақтар:
Табыстар есебі
Шығындар есебі
Қаржылық нәтижені анықтау тәртібі
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№15 тақырып. Қаржылық есеп беруге сипаттама, маңызы және құрамы
Қарастырылатын сұрақтар:
Қаржылық есеп берудің ұғымы және түрлері
Табыстар мен шығындар жөнінде есеп беруді құру
Ақшаның қозғалысы жайлы есеп беруді құру
Меншікті капиталдың өзгерісі жайлы есеп беруді құру
Түсініктеме хат
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№17 тақырып. Өндіріске шығындар және өнімнің өзіндік құны калькуляциясының есебі
Қарастырылатын сұрақтар:
Өндірістегі шығындар есебінің мәселелері
Шығындарды жіктеу
Өндірістегі шығындарды есепке алу
Өндірістегі шығындарды есепке алу әдістері
Жанама шығындарды бөлу тәсілдері
Өндірістегі ақау
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттер-дің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
СОӨЖ өткізу түрі: Студенттер бұл есептерді өз беттерінше, қажет жағдайда тақтада шығып шешу керек және шығарған есептерін оқытушыға тапсыру, рефереттар қорғау
Әдістемелік нұсқаулар: теориялық сұрақтарды қарастырғанда дәптерге қысқаша конспект жасау және есептерді шығаруда бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алу және проводка құру үшін келесі кезекті логикалық пікірді ұстану: а) шаруашылық операцияларда есептің қандай объектілері, яғни қандай шоттар қатысып отыр; б) шоттардың сипатын (активтер, капиталдар, міндеттемелер) анықтау; в) шаруашылық операциялар нәтижесінде есептерде қандай өзгерістер болғанын анықтау; г) шаруашылық операциялар әсерінен пайда болған өзгерістер сипатынан және қарастырылатын шоттар сипатынан шығатын дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды анықтау.
№1 тақырып. Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп
Қарастырылатын сұрақтар::
Шаруашылық есептің жалпы сипаттамасы
Шаруашылық есепке қойылатын талаптар
Есепте қолданылатын өлшегіштер
Шаруашылық есеп түрлері, олардың сипаттамасы және өзара байланысы
Басқаруды ақпараттық қамтамасыз етудегі бухгалтерлік есептің рөлі мен міндеттері және қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
Бухгалтердің кәсіби этикасы
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№2 тақырып. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен тұжырымдамалары
Есеп 1
Төменде көрсетілген әр оқиға үшін бухгалтердің әрекеті мен шешім қабылдау үшін қолданылған бухгалтерлік есеп қағидасын (сапалық сипаттамасын) көрсетіңіз.
Табыстар
а) ғимараттың баланстық құны 100 000 теңге. Компания оған 150 000 теңге сұрады;
ә) компания бұрғылау жабдығын сатуды шешті, оның баланстық құны 500 000 теңге. Оның нарықтық құны 700 000-нан 800 000 теңгеге дейін құбылып тұр;
б) компания бұрын сенімсіз ретінде есептен шығарылған несиенің өтелуі туралы клиентпен келісімге отырады.
Зияндар
а) қорлар есепте баланстық құны бойынша 75 000 теңгеде көрсетілген, бірақ компания өткізудің ағымдағы таза құны шамамен 50 000 теңгеге тең деп есептейді;
ә) клиент 5 айға төлем жүргізген жоқ, енді ол тағы 6 айға қалдыруды ұсынып отыр. Ол осы уақытта қарыздың бастапқы сомасын төлеймін деп есептейді;
б) кассаны түгендеу барысында 20 000 теңге сомасында қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі анықталды. Кассир 10 күн ішінде соманың орнын толтыруға уәде берді.
Есеп 2
Келесі әріптермен белгіленген қай қағидалар мен сапалы сипаттамалар төмендегі баптарға қолданылады:
а. дер мезгілділік
ә. шынайы көрсету
б. мәнділік
в. бағалау әдісі
г. байқаушылық (консерватизм)
ғ. салыстырмалылық
д. толықтылық______ 2007 және 2008 ж.ж. ТМҚ бағалаудың бір әдісі қолданылады.
______Ірі компания қолданатын ұсақ құралдарды сатып алуды шығын ретінде көрсетеді.
______ Қорлар ең төменгі өзіндік құн немесе нарықтық құн бойынша бағаланады.
_____ Активтер бастапқы танылуынан кейін әділ нарықтық құн бойынша бағаланады.
_____ Дүкен ай сайынғы қражылық есеп беруін дайындау мақсатында түгендеу жүргізбей, есептік мәліметтерді қолданады.
_____ Бухгалтерлік балансты құру күніне ешқандай формальды міндеттемесі болмағанның өзінде, қаржылық есеп беруге компанияда ссуда бойынша міндеттемесі пайда болу мүмкіндігі туралы түсініктеме хат тіркеледі.
Ескерту: бір бапқа бірнеше қағидалар мен сапалы сипаттамалар қолданылуы мүмкін.
Есеп 3
«Нұрсат» компаниясының бухгалтері сусындар өндірісі бойынша келесі әрекеттерді орындады:
Оның кәсіпорнының қызметі шексіз ұзақ жалғасады деп ұйғара отырып, жаңа тоңазытқыштың қызмет ету мерзімін бағалады.
Жаздық аулаға қажеті жоқ жабдықты өткізуін сатып алушыға шот көрсеткен кезде тіркеді.
Жалдық келісім-шартқа сәйкес бір жыл алдын-ала аванспен төленген жал төлемі бойынша шығындарды, бастапқыда шығындарды активтер ретінде тіркей отырып, тануды кейінге қалдырды.
Ай сайынғы қаржылық есеп беруді, шамаланған және бағалауларға негізделе тұрса да, пайдалылығын таныды.
Пайда болған, бірақ тіркелінбеген еңбек ақы бойынша шығындарды корректуралық проводкаларды жасай отырып, таныды.
Есеп беру кезеңінде алынған табыстары мен жұмсаған шығындарын көрсеткен табыстар мен шығындар жөнінде есеп беруін дайындады.
Есептеу қағидасы бойынша есептің төмендегі концепциялары жоғарыдағы әр әрекеттердің қайсысына жататындығын көрсетіңіз:
а. кезеңділік
ә. үздіксіздік
б. сәйкес келу
в. табыстарды тану
г. кейінге қалдыру
ғ. есептеу
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№3 тақырып. Қаржылық жағдай және бухгалтерлік теңдік
Есеп 1
Есеп беру кезеңінің басына келесі мәліметтері бойынша құралдарды түрлері мен пайда болу көздері бойынша топтастырыңыз:
Ғимараттар мен құрылыс жайлары.......................1 131 000
Еңбек ақы бойынша персоналмен есеп айырысу.....21 000
Зейнеттік қамтамасыз ету бойынша есеп
айырысулар……………………………………..…..…2 100
Аяқталмаған өндіріс....................................................37 500
Жарғылық капитал.................................................1 180 500
Резервтік капитал........................................................82 500
Ағымдағы, банктік шоттардағы ақшалар93 615
Касса...............................................................................1 635
Қысқа мерзімді банк несиесі......................................24 000
Материалдар...............................................................120 450
Отын..............................................................................19 200
Басқа да дебиторлармен есеп айырысулар..................3 000
Басқа да кредиторлармен есеп айырысулар................3 750
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен
есеп айырысулар.........................................................22 500
Дайын өнім...................................................................83 400
Бөлінбеген табыс.........................................................63 450
17. ҚҚС бойынша бюджетпен есеп айырысулар...........90 000
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№4 тақырып. Бухгалтерлік баланс
Есеп 1
ЖШС «Нұр» мәліметтерінің негізінде бастапқы балансты құру қажет:
Атауы
|
Сомасы, теңге
|
Ғимараттар
|
1 353 200
|
Шикізаттар мен материалдар
|
342 000
|
Аяқталмаған өндіріс
|
120 000
|
Кассадағы ақшалар
|
400
|
Басқа да кредиторларға қарыз
|
8 000
|
Отын
|
80 000
|
Бюджетке басқа да салықтар, жинаулар және міндетті төлемдер
|
6 000
|
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар
|
42 000
|
Төленуге тиісті шоттар
|
39 400
|
Ағымдағы, банктік шоттардағы ұлттық валютадағы ақшалар
|
154 000
|
Басқа да дебиторлық қарыз
|
15 564
|
Салымдар мен жарналар
|
1 920 000
|
Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы
|
236
|
Дайын өнім
|
110 000
|
Қысқа мерзімді банк несиесі
|
160 000
|
Есеп 2
Компания «М» балансында келесі баптары бар:
№
|
Көрсеткіштер
|
Сомасы, теңге
|
1
|
Материалдық емес активтер
|
500 000
|
2
|
Негізгі құралдар
|
400 000
|
3
|
Тауарлы-материалдық қорлар
|
200 000
|
4
|
Дебиторлық қарыз
|
300 000
|
5
|
Ұзақ мерзімді банк несиесі
|
1 000 000
|
6
|
Ағымдағы, банктік шоттардағы ұлттық валютадағы ақшалар
|
600 000
|
7
|
Бюджетпен есеп айырысу
|
300 000
|
8
|
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар
|
100 000
|
9
|
Жабдықтаушылармен есеп айырысулар
|
150 000
|
10
|
Салымдар мен жарналар
|
450 000
|
Талап етіледі:
Қандай баптар активтерге, міндеттемелерге, меншікті капиталға жататындығын анықтау қажет.
Баланс құру.
Есеп 3
Төмендегі мәліметтердің негізінде бухгалтерлік баланс құрыңыз (мың теңге):
Касса....................................................................................10
Ағымдағы, банктік шоттардағы ақшалар..2 000
Жарғылық капитал......................................................10 000
Негізгі құралдар (машиналар мен жабдықтар)
бастапқы құны……………………………….............80 000
Машиналар мен жабдықтардың тозуы......................20 000
Бюджетпен есеп айырысулар.....................................20 000
Дайын өнім...................................................................20 000
Банк қарыздары.............................................................5 000
Материалдық емес активтер (басқалары).................12 000
Материалдық емес активтердің амортизациясы
(басқалары) ……………………………………………2 000
Материалдар.................................................................10 000
Резервтік капитал..............................................................980
Аяқталмаған өндіріс......................................................3 990
Негізгі әдебиет: 1, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиет: 1, 2, 3, 4.
№
Достарыңызбен бөлісу: |