Бөлім Өндірісті басқаруды ұйымдастыру және субъектінің Қызметін экономикалық талдау
Меншікті капиталдың кәсіпорынның барлық капиталына қатынасы ретінде анықталатын тәуелсіздік коэффициенті есепті жылдың ішінде 0,085-нен 0,130-ке дейін төмендеген, яғни ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендегенін көрсетеді. Негізгі тәуелсіздік коэффициентінің дүрыс деңңгейі немесе нормасы (0,5-0,6) жоғары болуы керек. Зерттеп отырған кәсіпорында бүл теңсіздік оң көрсеткіш болып есептелінеді. Бірақ та ол жылдың аяғында жыл басына қарағанда кеміген. Сондықтан зерттеу жүргізілген кәсіпорында қаржылық түрақтылық деңгейі төмендеп келеді деген тұжырым жасаймыз. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттйтын келесі көрсеткіш меншікті капиталдың сырттай алынған капиталға қатынасы ретінде анықталады. Зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылдың басында қаржыландыру коэффициенті 0,921-ге (61440 :19663) тең болса, жылдың аяғында 1,150 (70628 :30807), яғни оның деңгейі есептегі жылдың ішінде 0,83- ке төмендеді. Бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштері бойынша жүргізілетін негізгі өндірістік қорлардың қозғалысы және техникалық жағдайы талдауда үлкен маңызға ие болады. Ол үшін келесдей көрсеткіштер есептеледі: Жаңару коэффициенті (Жкоэф). Ол жаңадан қабылданған негізгі қүралдардың құнын жыл соңындағы жалпы қорлардың қүнына бөлу арқылы анықгалады: Негізгі қорлардың жаңару мерзімі (Т жаң). Мерзім басындағы негізгі құралдардың қүнын келіп түскен негізгі қүралдардың қүнына бөлу арқылы анықгалады: Есептен шығару коэффициенті (К е.ш). Есептен шығарылған негізгі құралдардың құнын мерзім басындағы негізгі құралдардың құнына бөлу арқылы анықгалады. Өсім коэффиценті (Кө). Негізгі құралдардың құнының өсім сомасы мерзім басындағы олардың құнына қатнасы ретінде анықгалады: Тозу коэффиценті (Кт). Негізгі қорлардың тозу сомасын негізгі қорлардың бастапқы кұнына бөлу арқылы анықгайды. Жарамдылық коэффиценті (Кж). Негізгі қорлардың қалдық құнын негізгі қорлардың бастапқы құнына бөлу арқылы анықгайды. Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, 2005 жылға қарағанда 2006 жылы негізгі құралдар қүнының 9306 мың теңгеге артқандығын көріп отырмыз. Есепті жылы негізгі қүралдардың кіріс болғаны мен есептен шыққан соммасы бірдей сомманы құраған. Негізгі құралдардың жылдық өсімін анықтау үшін жыл аяғындағы негізгі құралдардың болғанынан жыл басындағы болғанының ауытқуы негізінде анықталады. Ол 2005 жылы 282292 мың теңге болса, ал жыл аяғында 205396 мың теңгені құраған. Өсім проценті жыл соңында 18,8 пайызға тең болған. 1.3- Кесте Негізгі құралдардың қозғалысы мен жағдайын талдау
1.2 " Қазақстан темір жолы" үлттық компаниясы акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп беруді үйымдастыру ¥жым жүмысты жақсы істеуі әрі қызметтерін әрі қарай дамыту үшін белгілі бір кезеңдер арасында қызметіне талдау жүргізу керек. Сол талдаудың нәтижесінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын және нарықгық активтілік жағдайын көруте болады. Талдауды кәсіпорынға жүргізгендіктен таддауда қолданылатын белгілі бір бухгалтерлік есеп-қисаптар болады. Есеп-қисаптардың негізгі формалары: Форма 1. Бухгатерлік баланс Форма 2. Кірістер мен шығыстарар туралы есеп беру Форма 3 Қолма-қол ақша қозғалысы туралы есеп беру Форма 4 Меншікті капитал қозғалысы туралы есеп беру Түсіндірме хат Осы формалардың ішіндегі ең негізгісі бухгалтерлік баланс болып табылады. Кәсіпорын балансы арқылы біз кәсіпорынның қаржы түрақгылығын бағалау, обьективті ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақгылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақгы ұсыныстар беруге болады. Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есеп беруінде мынандай ақпараттар ашылып көрсетілуі керек: -негізгі қүралдардың әр түрі бойынша олардың қозғалысы: енгізілуі, шығып кетуі, бастапқы құнының өзгеруі, өзгеру себептері ескеріле отырып есеп берілетін кезеңнің басындағы және аяғындағы бастапқы қүны; -негізгі құралдардың әр түрі бойынша амортизация есептелген кезде: амортизация есептеудің қолданылатын әдісі; амортизацияланатын негізгі құрал-жабдықгардың есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы бастапқы құны, есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы жинақгалған амортизация сомасы; -бағалау жүргізген кезде: негізгі құралдардың әр түрі бойынша есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы ағымды құны; қайта бағалау жүргізудің негіздемесі мен мерзімділігі; қайта бағалау өткізілген күні; қайта бағалау өткізу әдісі; сараптық бағаны кім бергені; Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар үшін есеп беру кезенінің соңында мынаңдай ақпараттар ашылып, көрсетілуі тиіс: -уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал-жабдықгардың бастапқы немесе ағымды құны; -пайдаланудағы, амортизациясы толық есептелген негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны; -міндеттемелер бойынша кепіл ретінде аманатқа берілген негізгі құралдарға қойылған шектеулер мен олардың нақгы бары; -негізгі құралдарды сатып алу бойынша өтелмеген міндеттемелер негізгі туралы; -есеп беріліп отырған кезеңнің соңындағы аяқгалмаған құрылыстың құны; -есеп берілетін кезеңнің соңында пайдаланудан алынған, бірақ сату мақсатымен негізгі құраддар құрамында есепте түрған негізгі қүрал жабдықгардың жекелеген түрлерінің құны; -құралдарды қалпына келтіруте байланысты жүмсалған (жұмсалатын) шығындардың есеп саясаты туралы және т. с. с. Кәсіпорын қызметіне таддау жүргізу барысында қолданылатын ең негізгі ақпарат көздері бухгалтерлік баланс болғандықган, "Қазақстан темір жолы" үлттық компаниясы акционерлік қоғамының балансын алып отырмыз. Халықаралық бухгалтерлік стандарттарының қағидаларының негізінде жасалған ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды реттеуші және негізгі нормативтік құжат болып табылады. Сонымен қатар Типтік бухгалтерлік шоттар жоспарының негізінде және қызмет көлемінің түріне байланысты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының жүмыс шоттар жоспары жасалған. Барлық жүргізілетін шаруашылық операциялар салалық, типтік қүжаттар арқылы есепке алынады. Сонымен қатар есеп-қисап жұмыстары белгіленген бухгалтерлік регистрлер арқылы жүргізіледі. Шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есеп саясаты толығымен жасалмаған, соның нәтижесінде есепті ұйымдастыру қызметінде кейбір олқылықтар кездеседі. Сондықтан біздің ойымызша ұжымның жақын арада халықаралық бухгалтерлік есеп жэне қаржылық есеп беру стандартынан өту мүмкіндігі төмен. жүктеу 196,17 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |