Бөлім Өндірісті басқаруды ұйымдастыру және субъектінің Қызметін экономикалық талдау


Шаруашылықта негізгі қүралдардың есебін



жүктеу 196,17 Kb.
бет8/31
Дата20.05.2020
өлшемі196,17 Kb.
#30536
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

2. Шаруашылықта негізгі қүралдардың есебін ұйымдастыру

2.1. Негізгі қүралдардың жалпы сипаттамасы

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде аткаратын роліне қарап анықгалады. Мысалға, завод дайындаған бу қазаны сол завод үшін дайын өнім болып табылады, ал орнатуға сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазаңды келешекте сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

№16 халықаралық қаржылық-бухгалтерлік есеп стандартында негізгі құралдар материалдық өндіріс саласыңда да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да үзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Негізгі қүралдар дегеніміз үзақ уақыт бойы жүмыс істейтін материалдық-заттық қүндылықгар болып табылады.

"Негізгі қүралдарға"-қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықгар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен қүралдары, вагондар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық қүралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықгың ішкі жолы, тағы да басқалары жатады.

Көлемінің үлкен-кішілігіне, бағасының азды көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықгар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықгар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықгар, сондай-ақ құрылыс монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған, титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Ол бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады. Негізгі кұралдар үзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс цикл барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақгай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады (мысалы, станок немесе автомашина өндірісте бір жыл бойы пайдаланылады).

Негізгі құралдардың есебі 12-ші "Негізгі күралдар" бөлімшесінің мынандай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі:

  1. шот-"Жер"

  2. шот-"Ғимараттар мен қүрылыс жайлары"

123 шот-"Машиналар мен жабдықгар, ісүш беруші
қондырғылар"

124 шот-"Көлік құралдары"

125 шот-"Басқа да негізгі құралдар"

Сонымен бірге, 126-шы "Аяқгалмаған құрылыс" шотында аяқгалмаған күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, өсіруге арналған жас малдар мен семіртуде тұрған малдарға шыққан шығындар есептеледі.

Субъектідегі негізгі құралдар есебі Бухгалтерлік есептің 6-шы "Негізгі құралдар есебі" стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бүл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқывдайды.

Негізгі кұралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуінің, кәсіпорын ішінде ауыстыруының және шығуының дүрыс күжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақгаулы мен ұтымды пайдалануын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дүрыс көрсетілуін, сондай-ақ есеп және калькуляция объектілері бойынша амортизацмя шығындарының есебін; негізгі құраддардың қор қайтарымын анықгауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде және толық өткізуді және олардың нәтижесін есепте көрсетуді; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақгы көрсетуді қамтамасыз етуге тиісті.

6-шы «Негізгі қорлардың есебі» стаңдартында атап көрсетілгендей, негізгі құралдардың есебіндегі басты мәселе қабылдау сәтін, бастапқы құнын, пайдалы қызмет ету мерзімін, амортизация есептеу тәртібін және олардың шығу нәтижелерін анықгау болып табылады.

Инвентарлық объектілер негізігі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құраддардың есебін дұрыс үйымдастырудың басты шарты оны жіктеу мен бағалау болып табылады.


жүктеу 196,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау