1.3 "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қаржы - экономикалық қызметін талдау
Экономикалық талдау кәсіпорын дәрежесін көп жақты күрделі, үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеу болмайды және үлкен еңбек шығынының уақытын талап етеді. Кез - келген кәсіпорынның негізгі мақсаты үлкен көлемдегі пайданы аз шығын жұмсап алу болып табылады. Бұл үшін кәсіпорынның қызметін сипаттайтын және талдау жолымен осы көрсеткіштердің ішкі және сыртқы факторлар әсерін, экономикалық әдістердің сәйкестігін қолдану үшін негізгі көрсеткіштерді білу қажет. Сол себептен қоғамдық ғылымдардың сараптау процесінің объективті нәтижесі болып табылады. Дербес ғылымдарды талдауды бөлу қажеттілігі пайда болады.
Сонымен экономикалық талдау — бұл бүкіл шаруашылық жұмыстарын жақсатудағы резервтерді ашудың негізгі құралы. Өңдеу кезінде анықталған ақпараттарды зерттеу және жіктеу және талдау, талданып отырған объектіні жан-жақты және терең түсінуге мүмкіндік береді. [14.101 б]
Микроэкономикалық және макроэкономикалық талдауға бөлінеді. Күрделі өндірістің шаруашылық қызметі зерттеудің негізінде кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің барлық жұмыстарын сипаттайтын техника —экономикалық көрсеткіш арасында өзара байланыс кешені бар. Экономикалық ақпарат жүйесіне базаланады. Талдаудың сапалы және сенімді болуы, есепті материалдардың сапасына тәуелді болады. Сапалы көрсеткіштер өнеркәсіптің өндірісінің, кәсіпорынның қызмет жағдайын және оның тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштер сипаттайды.
Нарықты қатынас жағдайында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы - ның шаруашылық қызметін басқару үшін, олардың жұмыстарын жоспарлау, есеп және есеп қисаптарын ұйымдастыру, жұмыстарын ынталандыру немесе бағалауды жүзеге асыратын экономикалық көрсеткіштер жүйесі қабылданады. Бұл жүйе кәсіпорынның және сапалық жұмыс істейтіндігін сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштердің жиынтығынан тұрады.
Экономикалық көрсеткіштер жүйесіне натуралды және ақшалай абсалютті немесе салыстырмалы көрсеткіштер кіреді. Құрылу шарттарына байланысты экономикалық көрсеткіштер жоспарлы және есепті кезеңге бөлінеді. Есепті кезеңдегі көрсеткіштер белгілі кезеңдегі нақты жетістіктері қарастырылып көрсетіледі. Негізгі экономикалық талдаудың мазмұны кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша жоспардың немесе өсу қорының орындалу сатысын теріс немесе оң факторларда анықтайды. [24.17 б]
«Облжылукоммунқуат» МКК - ның қаржы - экономикалык қызметін бағалау және оларға талдау жүргізу кесте көрсетілген. Негізгі ақпарат көздері: Бухгалтерлік баланс, үлгі №1 — ПФ «Кәсіпорынның қаржы -шаруашылық қызметінің есебі» үлгі № 1 -Т «Еңбек және оның төлемінің есебі» болып табылады.[6. 74б]
Достарыңызбен бөлісу: |