«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»



жүктеу 102,8 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі102,8 Kb.
#12875


«Қазақстан темір жолы»

ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамы Басқармасының

2011 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен (№5 хаттама)

бекітілген
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 10 шілдедегі (№7 хаттама) және 2015 жылғы 23 шілдедегі (№ 8 хаттама) шешімдерімен енгізілген толықтыруларымен

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының мүдделер қақтығысын реттеу саясаты



Астана қаласы, 2011 жыл
I. Жалпы ережелер


  1. Осы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының мүддделер қақтығысын реттеу саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қоғамның Жарғысына, Корпоративтік басқару және Іскерлік этика кодекстеріне сәйкес әзірленді.

  2. Қызметкердің, лауазымды тұлғаның жеке мүдделері мен Қоғам мүдделері арасында қарама-қайшылықтардың болмауы, ал олар болған жағдайда олардың ашылуы мен реттелуі Қоғам қызметкерінің өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындауының қажетті шарттарының бірі болып табылады.

  3. Мүдделер қақтығысы Қоғамның қызметкері мен лауазымды тұлғасының жеке мүдделілігі лауазымдық міндеттерін бейтарап орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай ретінде анықталады.

3-1. Мүдделер қақтығысының үлгілеріне барлық оқиғалар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

1) Қоғамның лауазымды тұлғасының/қызметкерінің отбасы мүшесі немесе досы лауазымды тұлғаның/қызметкердің араласуы арқылы тиісті конкурстық іріктеу рәсімдерінен өтпестен Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа қабылданғанда;

2) Қоғам қызметкері Қоғамның жеткізушісі/мердігері компаниясындағы үлестерді/акцияларды иеленгенде;

3) Қоғамның жеткізушісінде/мердігерінде жұмыс істейтін отбасы мүшесі Қоғамның лауазымды тұлғасымен/қызметкерімен байланысты болғандықтан материалдық артықшылықтар алғанда;

4) сатып алу процесіне ықпал етілгенде, Қоғамның жеткізушілерімен/мердігерлерімен шарт/келісім-шарт жасасу пайдасына дауыс бергенде.

Мұндай қақтығыстар Қоғамның лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің әділ, адал ой тұжырымдау қабылетіне әсер етуі және Қоғам ресурстарын бұрыс пайдалануға алып келуі мүмкін.



  1. Осы Саясаттың мақсаты Қоғамда нақты және ықтимал мүдделер қақтығысын басқарудың біркелкі жүйесін құру, сондай-ақ оларды сақтау Қоғамда шешімдерді қызметкерлердің жеке мүдделері мен байланыстарының әсерімен қабылдау қатерлерін азайтуға мүмкіндік беретін қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың мінез-құлқына қойылатын талаптарды белгілеу болып табылады.

  2. Қоғам қызметкерлер мен лауазымды тұлғаларға олардың міндеттерін ашық, адал ниетпен, дұрыс және алдын ала кесіп-пішпей орындауға мүмкіндік беретін жағдайды қолдауға ниетті.

  3. Қоғамның барлық қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары өзіне (немесе өзімен байланысы бар тұлғаларға) қатысты да, басқаларға қатысты да мүдделер қақтығысы пайда болуы мүмкін жағдайларға жол бермейтіндей етіп өзін-өзі ұстауы тиіс.


II. Мүдделер қақтығысын басқару қағидаттары


  1. Қоғам әр қызметкер мен лауазымды тұлға өз лауазымдық міндеттерін орындай отырып, Қоғамның мүдделерін өзінің жеке басының мүдделерінен жоғары қоюға міндетті деп санайды.

  2. Сонымен бірге Қоғам өз қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының жеке адамдар ретіндегі құқықтарын құрметтейді және, егер бұл олардың Қоғамдағы лауазымдық міндеттерін орындау қабілетіне әсер етпесе, негізгі жұмысынан бос уақытында заңды қаржы, кәсіпкерлік, саяси және өзге қызметпен айналысуға олардың құқығын мойындайды.

  3. Қоғамның мүдделері және қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың жеке мүдделері теңгерімінің барынша сақталуы жоғарыда аталған тұлғалар мен Қоғам арасындағы қарым-қатынастар тұрақтылығы шарттарының бірі болып табылады.

  4. Қоғамның қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының олардың жеке мүдделерінің Қоғам мүдделерімен нақты немесе ықтимал қақтығысы жағдайында Қоғам қызметін жүзеге асыру барысында іскерлік шешімге, үдеріске немесе мәмілеге тікелей немесе жанама қатысуға немесе әсер етуге құқығы жоқ.

  5. Қоғам және оның қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары олардың мүдделері арасындағы қақтығыстың болмауына тең мүдделі.

  6. Қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар:

  • олардың лауазымды міндеттеріне байланысты пайда болған мәселелер бойынша шешімдер қабылдаған кезде тек Қоғам мүдделерін басшылыққа алуға міндетті;

  • өзінің жеке мүдделерінің Қоғам мүдделерімен қақтығысының уақтылы анықталуы, мүдделер қақтығысын уақтылы декларациялау үшін жеке, сондай-ақ нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысын реттеуге белсенді қатысу үшін жауапты болады;

  • олардың жеке мүдделері, отбасылық байланыстары, достық немесе басқа қатынастары, дербес көңіл ауулары мен сүйкімсіздіктері іскерлік шешім қабылдауына әсер етпейтініне кепілдік береді;

  • олардың жеке мүдделері Қоғам мүдделеріне қарама-қайшы келетін кез келген жағдайлар мен жағдаяттарға жоламайды;

  • кез келген іскерлік мәмілелер, әзірленіп және іске асырылып жатқан жобалар бойынша бәсекелестікті қоса алғанда, шектеусіз, Қоғаммен бәсекеге түседі;

  • Қоғамның активтерін, сондай-ақ өзінің Қоғамдағы жағдайын және/немесе Қоғамдағы лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруымен байланысты пайда болатын іскерлік мүмкіндіктерді өзінің жеке, соның ішінде қаржылық, мүдделерін қанағаттандыру үшін қолданбайды;

  • Қоғамдағы лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруымен байланысты олар туралы белгілі болған іскерлік мүмкіндіктерді үшінші тұлғаның мүддесіне қолданбайды.

  1. Лауазымды тұлғалар өз міндеттерін орындау үшін олардың жеткілікті уақыттың болуын бағалауға міндетті. Өз міндеттерін толыққанды орындау мүмкін болмаған және ол үшін уақыт жеткіліксіз болған жағдайда лауазымды тұлға өкілеттіктерін өз еркімен тоқтатуы тиіс.

13-1. Қоғамның басшы және басқарушы қызметкерлері өздерінің аффилирленген тұлғаларының тізімін Директорлар кеңесіне ұсынуға міндетті.

  1. Қоғам мүдделер қақтығысын толық болдырмауға мүмкін еместігіне өзіне есеп береді. Сондықтан, қызметкерлер мен лауазымды тұлғаларды кез келген ықтимал дұрыс емес іс-қимылдардан сақтандыру үшін әрбір қақтығыс уақтылы ашуды және реттеуді талап етеді.

  2. Қоғам мына қағидаттардың:

  • нақты және ықтимал мүдделер қақтығысы немесе мұндай қақтығыс көрер көзге ғана болуы туралы мәліметтерді міндетті түрде ашу;

  • жеке қарау, әр мүдделер қақтығысының Қоғам үшін күрделілігін бағалау және мүдделер қақтығысының әр оқиғасын реттеу;

  • мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашу үдерісінің және реттеу үдерісінің құпиялылығы (қызметкердің, лауазымды тұлғаның қалауы бойынша);

  • мүдделер қақтығысын реттеу кезінде Қоғам мен қызметкер, лауазымды тұлға мүдделерінің теңгерімін сақтау;

  • қызметкер уақтылы анықтаған мүдделер қақтығысына байланысты қудалаудан қызметкерді қорғау негізінде істейтін мүдделер қақтығысын басқару жүйесін белгілейді.


III. Мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашу


  1. Қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысының барлық оқиғаларын дереу және толық көлемде Қоғамға ашуға (декларациялауға) міндетті.

Қоғам Басқармасының мүшелері нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысының барлық оқиғаларын Қоғамның Директорлар кеңесіне ашуға (декларациялау) міндетті.

  1. Қоғам өз қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларына ең болмағанда сондай болып көрінетін мүдделер қақтығысын туғызатын немесе туғызуы мүмкін жеке жағдаяттар туралы мәліметтерді ашуды ұсынады.

  2. Қоғам ықтимал және нақты мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашудың (декларациялаудың) келесі жүйесін белгілейді:

  • қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді алғашқы ашу;

  • лауазымға тағайындалған немесе кіріскен кезде мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашу;

  • нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысын тудыратын немесе тудырған жағдайлардың (жағдаяттардың) пайда болуына қарай мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді біржолғы ашу.

  1. Қоғамның қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашуды тек қана жазбаша түрде, барынша түсінікті нысанда жүзеге асыруы тиіс.

  2. Қоғам мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді кез келген себептер бойынша жасыруды және/немесе қасақана уақтылы не болмаса толық ашпауды оның сенімін теріс пайдалану және алдау ретінде қарайды.


IV. Мүдделер қақтығысын реттеу


  1. Қоғам қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар декларациялаған кез келген мүдделер қақтығысын теңгеріп шешуге ұмтылады, бұл шешім Қоғамның және оның қызметкерлерінің, лауазымдық тұлғаларының мүдделерін ескеруі тиіс.

  2. Қоғам үшін пайда болатын қатерлердің қауіптілігін бағалау және осы қақтығысты шешу нысанын шешудің ең қолайлы нысанын таңдау мақсатында нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы туралы ақпаратты тікелей басшы мұқият тексеруі тиіс.

  3. Қызметкерде нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы туралы ақпаратты талдау нәтижелері бойынша оның тікелей басшысы мүдделер қақтығысын реттеу бойынша келесі шараларды қолданады:

  • қызметкердің жеке мүдделеріне қатысы болуы мүмкін Қоғамның нақты ақпаратына қызметкердің қол жеткізуін шектеу;

  • мүдделер қақтығысының әсеріндегі немесе әсерінде болуы мүмкін мәселелерді талқылауға және олар бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысудан қызметкердің өз еркімен бас тартуы немесе оны (тұрақты немесе уақытша) шеттету;

  • қызметкердің міндеттері мен еңбек функцияларының шеңберін қайта қарау және өзгерту;

  • қызметкерді мүдделер қақтығысымен байланысты емес еңбек функцияларын орындауды көздейтін лауазымға ауыстыру (қызметкердің келісімімен);

  • қызметкердің бастамасы бойынша қызметкерді Қоғамдағы жұмыстан шығару;

  • Қоғам мүдделерімен қақтығыс туғызатын өзінің жеке мүдделерінен қызметкердің бас тартуы.

  1. Лауазымды тұлғада нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы туралы ақпаратты талдау нәтижелері бойынша мүдделер қақтығысын реттеу бойынша келесі шаралар қолданылады:

  • лауазымды тұлғаның жеке мүдделеріне қатысы болуы мүмкін Қоғамның нақты ақпаратына лауазымды тұлғаның қол жеткізуін шектеу;

  • мүдделер қақтығысының әсеріндегі немесе әсерінде болуы мүмкін мәселелерді талқылауға және олар бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысудан лауазымды тұлғаның өз еркімен бас тартуы немесе оны (тұрақты немесе уақытша) шеттету;

  • Қоғам мүдделерімен қақтығыс туғызатын өзінің жеке мүдделерінен лауазымды тұлғаның бас тартуы.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу шараларының осы тізбелері толық емес. Мүдделер қақтығысын реттеудің әр нақты оқиғасында Қоғам мен мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді ашқан қызметкердің уағдаласуы бойынша қақтығысты реттеудің өзге шаралары табылуы мүмкін.

  2. Қызметкер мен лауазымды тұлға, Қоғамның ысыраптарын немесе залалдарын, егер бұлар болатын болса, барынша азайтуды қоса алғанда, мүдделер қақтығысының қандай да болмасын салдарларын жұмсартуға міндетті.


V. Жауапкершілік


  1. Осы Саясатты сақтау Қоғамның кез келген қызметкері мен лауазымды тұлғасының сөзсіз міндеті болып табылады.

  2. Осы Саясатты орындамау тәртіптік теріс қылық ретінде қаралуы және қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіздеме болуы мүмкін.


VI. Қорытынды ережелер


  1. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы Саясаттың талаптарын өз қызметкерлеріне жеткізеді.

  2. Қоғамның барлық қызметкерлері осы Саясатпен қол қою арқылы танысуы тиіс.

  3. Қоғам осы Саясатты бұзатын, өз қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының бұзушылыққа себеп болатын немесе себеп болуы мүмкін іс-қимылдары үшін жауапты болмайды.

  4. Қоғам осы Саясат бұзылды немесе мұндай бұзудың ықтимал мүмкіндігі бар деп ойлауға негіздері бар қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар осы Саясатты бұзған немесе мұндай бұзудың ықтимал мүмкіндігі бар тұлғалардың тікелей басшыларына бұл туралы дереу хабарайды деп күтеді.

  5. Қоғам осы Саясат талаптарын сақтауына немесе осы Саясатты ықтимал немесе болған бұзушылықтар туралы Қоғамға хабарлауына байланысты бір де бір қызметкерді Қоғам жауапқа тартпайтынына және Қоғамның бастамасы бойынша оның өзге қолайсыз салдарларға тап болмайтынына кепілдік береді.

  6. Қоғамның Директорлар кеңесі осы Саясатты бекітеді, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.


__________________________________
жүктеу 102,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау